Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық портфельдерді қалыптастыру критерийлерін таңдауы туралы — Төрттаған
Среда, 21 января, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Әлемде

Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық портфельдерді қалыптастыру критерийлерін таңдауы туралы

21.01.2026
Әлемде, Жаңалықтар
0

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №67[1] қаулысына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының №10[2] қаулысымен бекітілген қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілуде. Аталған өзгерістер инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі – ИПБ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жаңа тәсіл негізінде жүзеге асыруын көздейді. Жаңа тәсілге сәйкес, ИПБ тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдауы тиіс.

 

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Осыған байланысты «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) инвестициялық портфельді басқарушылардан инвестициялық портфельдерді қалыптастырудың төмендегі критерийлерін таңдағаны туралы хабарламалар алынғанын мәлімдейді:

  • «Halyk Global Markets» АҚ – салымшылардың зейнетке шығу мерзіміне қарамастан зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 12 айдың қорытындысы бойынша есептеледі;
  • «Alatau City Invest» АҚ – зейнетке шығуына 3 жылдан астам уақыт қалған салымшылардың зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 36 айдың қорытындысы бойынша есептеледі;
  • «Сентрас Секьюритиз» АҚ – салымшылардың зейнетке шығу мерзіміне қарамастан зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 12 айдың қорытындысы бойынша есептеледі;
  • «BCC Invest» АҚ – салымшылардың зейнетке шығу мерзіміне қарамастан зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 12 айдың қорытындысы бойынша есептеледі;
  • «Halyk Finance» АҚ – салымшылардың зейнетке шығу мерзіміне қарамастан зейнетақы активтерінен құралған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі таңдалды, ең төменгі кірістілік мәні 12 айдың қорытындысы бойынша есептеледі.

 

Егер Сіздің жасыңыз «Alatau City Invest» АҚ таңдаған инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийінде белгіленген шекті жас талаптарына сәйкес келмесе, келесіні хабарлаймыз:

  • Сіз зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) сенімгерлік басқаруына немесе инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийі жасыңызға сәйкес келетін басқа ИПБ-ға беруге құқылысыз;
  • егер Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз ИПБ-ның сенімгерлік басқаруында бір жылдан аз уақыт болса, басқарушы компания зейнетақы жинақтарын толық басқару кезеңі аяқталғанға дейін немесе зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға берілген күннен бастап бір жыл өткен соң, оларды ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына немесе жасыңызға сәйкес келетін басқа ИПБ-ға бергенге дейін басқаруды жалғастырады;
  • зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарудың толық кезеңінің қорытындысы бойынша ИПБ, егер бар болса, өзі алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтерін басқарудың толық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы ең төменгі кірістілік мәні арасындағы теріс айырманы өтеуді жүзеге асырады.

 

БЖЗҚ инвестициялық портфельді басқарушылар қабылдайтын шешімдер мен зейнетақы активтерін басқару жүйесіндегі өзекті өзгерістер туралы салымшыларды қосымша хабардар етіп отырады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

[1] «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 16 қазандағы № 67 қаулысы

[2] Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Зейнетақы активтерін басқарудың жаңа мүмкіндіктері: нәтижеге бағытталған инвестициялар

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
6
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
5
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
6
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
235
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
194
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
191

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.