Жалған ақпараттардың түпкі мақсаты қандай? — Төрттаған
Четверг, 10 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған ақпараттардың түпкі мақсаты қандай?

10.02.2025
Қоғам
0
Жалған ақпараттың қарапайым адамға қандай кері әсері бар?

Соңғы онжылдықта жаһандық ақпараттық кеңістік пен әлеуметтік желілердің дамуына байланысты фейк пен фейк жаңалықтар феноменімен бетпе-бет келдік. «Жалған ақпараттар» түсінігі қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ақпараттар ағынын басқару мәселесімен тікелей байланысты.

Жалған ақпараттардың түпкі мақсаты – аудиторияны қасақана адастыру, алдау арқылы моральдық және мүліктік зиян шектіруді көздейтін ойдан құрастырылған, шындыққа жанаспайтын ақпараттарды тарату.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

«Фейк жаңалықтардың» бірнеше анықтамасы бар, олардың бәріне бірдей ортақ белгі – белгілі бір пайда үшін немесе идеялар мен көзқарасты орнықтыру үшін адамдарды көрінеу жалған ақпараттармен адастыруды, алдауды көздейді. Жалған ақпараттар назар аудартатын («кликбейт») Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. Журналистика сериясы ISSN:2616-7174, eISSN:2663-2500 48 № 2(143)/2023 тақырыптар қою арқылы, үгіт-насихат, «авторлық пікір», әзіл-қалжың, сатира, т.б. түрінде ұсынылуы мүмкін.

Жалған ақпараттарды жазбай тану мен олармен күрес мәселесі шынайы ақпараттардан кейінгі кезең үшін өте өзекті.

Жалған ақпараттар елді адастыратын немесе бұрмаланған жаңалықтарды қасақана таратады. Қазіргі замандағы медиакеңістікте жалған ақпарттардың көптеп таралуы фейк жаңалықтар феноменін түпкілікті зерттеуді қажет етеді.

Бұл ғылыми мақаламызда Қазақстанның медиа кеңістігіндегі жалған ақпараттармен күресетін «Factcheck.kz» және «Stopfake.kz» жарияланымдарын талдап, объективті баға беруге тырысамыз.

Зерттеу әдісі. Зерттеу барысында жалпы философиялық, тарихисалыстырмалы, логикалық, жеке ғылыми әдістер пайдаланылды. Сонымен қатар Қазақстанның медиа кеңістігіндегі жалған ақпараттармен күресетін «Factcheck.kz» және «StopFake.kz» жарияланымдарын талдап, объективті баға беруде контентталдау, мәтін талдау, бақылау, болжау әдістері қолданылды. Фактчекингке қатысты статистикалық деректер келтірілді және салыстырмалы түрде баяндалады.

Талқылау. Көптеген массмедиа зерттеушілерінің айтуынша, қазіргі заманғы медиакеңістікте шындық пен жалғанның шекарасын жоюға бағытталған үрдістер пайда болып, қарқын ала түсуде. Осының салдарынан fake-news – жалған ақпараттар көптеп пайда болуда. Зерттеушілердің айтуынша, жалған ақпараттардың пайда болып, таралу ошағы – дүниежүзілік ақпараттық-коммуникациялық жүйе – интернет, ал контенттің тез арада таралу мүмкіндігі оның жеделдігі мен кең ауқымдылығын қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты жалған ақпаратпен және фейкпен күреске тікелей қатысы бар екі ұғымға – верификация және фактчекингке қысқаша анықтама беру қажет. Олардың бір-біріне қаншалықты қатысты екендігі туралы әлі күнге дейін біржақты көзқарас жоқ. Кейбіреулер оларды синонимдер деп санаса, басқалар үшін ұқсас болғанымен, бірдей емес құбылыстар. Жалпы алғанда, верификация бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралған ақпараттың мазмұны мен дереккөзінің растығына көз жеткізуді мақсат етеді. Ал фактчекинг – журналистік жарияланымдардағы мақсатты немесе кездейсоқ бұрмалаушылықтарды анықтау үшін аудиовизуальды ақпараттардың түпнұсқалылығы мен сенімділігін тексереді.

Ғылыми әдебиеттерде журналистерге фейк жаңалықтарды шынайы жаңалықтардан ажырату бойынша нақты ұсыныстар әзірленген. Біріншіден, ақпараттың қайнар көзіне (бұл дерек көзі қаншалықты танымал, белгілі, беделді және сенімді) назар аудару керек және тақырыптың басты функциясы – аудитория назарын аударту екенін ескеру керек (бұл дегеніміз – ақпараттың мазмұны тақырыппен толық сәйкес келмеуі де мүмкін). Сондай-ақ автордың уәжіне сыни көзқарас тұрғысынан қарау керек, қажет болған жағдайда суреттердің түпнұсқалылығын (ол үшін арнайы қызмет түрлері бар) және жекелеген дерек, цифр, цитаталардың шындыққа сәйкестігін тексеруге болады. Кейде мәтіннің тілдік ерекшеліктерін (автор пайдаланған белгілер, метафоралар, тұрақты сөз тіркестері, салыстырулар, т.б.) және берілген ақпарат көзін (аталмаған жағдайда күдік тудыруы керек) талдау тиімді. Ең соңында, автор ұсынған деректер мен дәлелдерді жеке пайым-парасат, логикалық тұрғыдан сын тезінен өткізе отырып, қорытынды шығару керек.

Сайып келгенде, журналист пен аудитория бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарына сыни көзқараспен қарауға дағдыланулары тиіс. Қазірге дейін әлемдік ірі БАҚ редакциялары жалған ақпараттарды өз күштерімен қарапайым әдістер арқылы анықтауға тырысып келген: редакторлар деректерді жарияламас бұрын, тәуелсіз сарапшылар олардан кейін тексеретін. Мұндай тексерістерді жаңалықтар қызметімен бірге арнайы ұйымдар да жүзеге асыратын (мәселен, АҚШ-та FactCheck, PolitiFact және FullFact).

Әлеуметтік желілер арқылы жаңалықтардың кең таралуы және Ғ.М. Ақсейіт, А.К. Кабдугалиев ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева. Серия Журналистика BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Journalism Series 49 № 2(143)/2023 Қазақстан медиакеңістігіндегі жалған ақпараттармен күрес тәжірибесі жалған ақпараттардың қоғамға кері әсері зерттеушілерді үлкен деректер технологияларын пайдалана отырып, фейктерді танудың жаңа әдістеріне жүгінуге мәжбүр етті.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Алаяқтар азаматтарды алдау үшін дипфейкті қалай пайдалануда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтар азаймай тұр…

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.