Қалта телефоныңыз ұрланса, не істеу керек? — Төрттаған
Воскресенье, 27 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қалта телефоныңыз ұрланса, не істеу керек?

16.01.2025
Қоғам
0
Тұрғындардың сенгіштік пен аңғалдығының салдары жапа шектіруі мүмкін

Гаджеттерге алаяқтық шабуылдар күн сайын жасалып тұрады.

Бүгінде ұялы телефон өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ол тек байланыс құралы ғана емес, өміріміздің маңызды бөлшегіне айналды. Оның ішінде жеке фотосуреттер мен бейнежазбаларымыздан бастап, әлеуметтік желілердегі парақшалар, банк қызметтері мен құпия сөздер сияқты маңызды ақпараттар сақталады.Телефон жоғалту – бұл тек жеке ақпараттың жоғалуы ғана емес, қаржылық қауіпке де әкелуі мүмкін жағдай.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Алаяқ қандай деректер алғысы келеді?
Сіздің картаңыздың немесе шотыңыздың нөмірін және сіздің атыңызды, тегіңізді, ЖСН білу, алаяқтардың шоттан ақша алуына жеткіліксіз. Бұл үшін оларға картаның толық деректемелері қажет: жарамдылық мерзімі және қауіпсіздік коды, мысалы, VISA карталарына арналған CVV коды немесе MasterCard карталары үшін CVC-код. Сондай-ақ олар сіздің телефоныңызға SMS, логин, онлайн-банкингтен пароль, мобильді банктік қосымшадағы жеке кабинеттер түрінде келіп түсетін банктің кодтары мен хабарламаларын білуі қажет. Сонда ғана олар сіздің шотыңыз бойынша кез келген операцияларды кедергісіз орындауға мүмкіндік беретін барлық төлем ақпаратына ие болады.
Әлеуметтік инженерия мен фишингті қолдана отырып, алаяқтар сіздің гаджеттеріңізге, атап айтқанда ұялы телефонға қашықтан қол жеткізу және осылайша құпия ақпаратты ұрлау мақсатында конфиденциалды деректерді білуге тырысады.
Егер сіз алаяқтарға бұл ақпаратты өзіңіз берсеңіз, онда бұл тек сіздің кінәңіз болады. Бұл жағдайда банк ұрланған ақша қаражаты үшін жауап бермейді және өтемейді.

Смартфонды тапқан адам сіздің жеке деректеріңізді пайдаланып, банк шоттарыңызға қол жеткізуі мүмкін. Егер SIM картаңызда PIN код орнатылмаса, алаяқтар оны басқа құрылғыға орнатып, сіздің атыңыздан қаржылық операциялар жүргізуі ғажап емес. Бұл жағдайда сіз тек телефоныңыздан емес, барлық қаржылық жағдайыңыздан да айрылуыңыз мүмкін.

Осы себеппен смартфонды жоғалтқан жағдайда тез арада қажетті әрекеттерді жасау қажет. Банкпен байланысып, өз шоттарыңыздың қауіпсіздігін тексеріп, әлеуметтік желілерде қауіпсіздік шараларын қолға алу маңызды.

Айталық, телефонға күрделі құпиясөз орнату толық қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Мысалы, телефонның сыртқы SD-картасын алу арқылы көптеген құпия мәліметтеріңізді табуға болады. Кейіннен жеке деректеріңізге өз пайдасына жарата алады.

Бірақ, өкінішке қарай, көбі телефон жоғалтудың салдарын толық түсініп, алдын алу шараларын қабылдамайды. Мысалы, SIM-картаны PIN-кодпен қорғауды ұмытып кетеді.

Егер SIM-картаңызға PIN-код орнатылмаса, оны жоғалған немесе бұғатталған телефоннан алып, басқа құрылғыға орнату өте оңай. Бұл жағдайда SIM-картаңыз қайта іске қосылып, жеке деректеріңізге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мысалы, банк қосымшаларына кіру немесе түрлі желі парақшаларыңыздың құпиясөзін өзгерту үшін келген SMS хабарламаларын ала аласыз. Бұл өз кезегінде қаржылық шығындар мен жеке қауіпсіздікке қатысты үлкен мәселелерге алып келуі мүмкін. SIM-картағв PIN-код орнату- ең қарапайым, бірақ маңызды қадамдардың бірі.
Сонымен, ұялы телефоныңызды жоғалтып алсаңыз, келесі әркеттерді орындауға кеңес береміз.

  1. Телефонның орнын анықтауға тырысыңыз.

Жоғалған телефоныңызды ешкім таппаса әрі SIM-картаңыз қосулы болса, оның орналасқан жерін анықтай аламыз.Android құрылғылары үшін «Құрылғыны табу» қызметі, ал iPhone үшін «Find My iPhone» сервисі көмектеседі. Бұлар интернетке қосылған, Google немесе Apple аккаунттарына тіркелген болса, құрылғыңыздың орнын көрсетеді.

Осыдан кейін басқа құрылғы арқылы интернет браузеріне кіріп, «Google телефонын табу» деп іздеп, шыққан сілтемеге өтіңіз..

  1. Телефонға қоңырау шалыңыз

Егер телефоныңызды көпшілік жерде жоғалтып алсаңыз, бірінші кезекте оған басқа телефоннан қоңырау шалыңыз. Қоңырауға жауап берген адаммен сыпайы сөйлесіп, құрылғыңызды қайтару туралы өтініш білдіріңіз. Көп жағдайда адамдар табылған затты иесіне қайтаруға дайын болады. Мұндай жағдайда алғыс ретінде кішкене сыйлық ұсынсаңыз, бұл сіздің ризашылығыңызды білдірудің бір жолы.

Егер қоңырауыңызға жауап берілмесе немесе жауап берген адам телефонды қайтару үшін шарт қоятын болса, телефонды бұғаттау ,полиция өкілдеріне жүгіну секілді қадамдар жасай аласыз

Есіңізде болсын: алдын-алу шараларын ұмытпаңыз. Телефонды арнайы құлыппен қорғаңыз, мәліметтердің резервтік көшірмесін жасаңыз және жоғалған жағдайда телефонды табу функцияларын алдын ала қосып қойыңыз.

  1. SIM-картаны дереу бұғаттаңыз.

Егер сіздің SIM-картаңызда код болмаса, оны кез келген басқа телефонға салып, банк қосымшаларына, әлеуметтік желілерге немесе мемлекеттік қызметтерге сіздің атыңыздан кіріп, жеке мәліметтеріңізді қолдануы мүмкін. Бұдан басқа, сіздің қаржылық деректеріңіз арқылы ақша аударымдарын жасау немесе тіпті сіздің атыңыздан несие алу да орын алуы ықтимал.

Сондықтан бұл жағдайды болдырмау үшін, бірінші кезекте, SIM-картаны мүмкіндігінше тез бұғаттау қажет. Ол үшін ұялы байланыс операторының байланыс орталығына хабарласып, қажетті мәліметтерді беріп, картаны бұғаттауды сұраңыз. Егер оператор сіздің деректеріңізді тексеріп, барлығы дұрыс болса, картаны бірден бұғаттайды. Бұл қадам сіздің жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

SIM-карта бұғатталғаннан кейін, әрі қарай алаңдауға еш себеп жоқ. Себебі, сіздің бұрынғы нөміріңізді жоғалтуға немесе оны басқа адамға қолдануға жол берілмейді. Ал егер сіз өз нөміріңізді қалпына келтіргіңіз келсе, онда байланыс операторының кеңсесіне барып, жаңа SIM-карта алып, сол арқылы өз нөміріңізді қайтадан пайдалануға болады. Бұл қадам сіздің жеке мәліметтеріңізді қорғап, жоғалған телефонды пайдаланушылардан қорғау үшін маңызды шара болып табылады.

  1. Қашықтықтан деректерді өшіріңіз

SIM-картаны бұғаттаған соң, бірден ұзақ мерзімді мәселелерді шешуге көшу қажет. Бұған жоғалған смартфоныңыздағы барлық деректер жатады, өйткені бұзақы белгілі бір уақыттан кейін құрылғының құлпын ашып, оған қол жеткізе алады.

Сондықтан барлық деректерді қашықтан жою керек. Бұған жоғалған смартфонның орналасуын анықтау қызметінде «Құрылғыны тазарту» деген үшінші әрекетті таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

Бұл әрекет смартфоннан деректерді қайтарымсыз түрде жояды, тіпті егер кейінірек смартфонды қайтарып алсаңыз да, деректерді қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сонымен қатар, бұл процедурадан кейін құрылғының орналасу орны іздеу қызметтерінде көрсетілмейді.

Сондай-ақ, барлық электрондық пошта аккаунттарынан шығып, мүмкін болса, олардың құпия сөздерін өзгертіңіз. Егер сіздің банктік қосымшаларыңыз болса, жоғалған смартфонды сенімді құрылғылар тізімінен алып тастаңыз.

  1. Полицияға хабарласыңыз.

Телефоныңызды таба алмасаңыз немесе тапқан адам оны қайтарудан бас тартса, құқық қорғау органдарына шағымдану маңызды. Әрбір телефонның өзіне тән IMEI нөмірі бар, ол көліктің VIN-кодына ұқсас. Смартфон мобильді желіге қосылған кезде, базалық станцияға түрлі сигналдар жіберіледі, оның ішінде IMEI нөмірі де болады. Бұл ақпарат сақталып, мобильді операторлар оны пайдаланып смартфонды іздеуге көмектеседі. Полиция осы мәліметтерді пайдалана отырып, смартфонды іздеп таба алады.

Телефонды тапқан адамға кеңес

Егер сіз жоғалған смартфонды тапсаңыз, оны иесіне қайтаруға тырысыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, полицияға хабарлап, телефонды тапсырыңыз. Смартфонды өзіңізге алып, пайдалану болашақта заң тұрғысынан қиындықтарға әкеп соғуы мүмкін.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жалған ақпарат: себептер мен салдарлар

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.