Қаржы пирамидасы: жаңа адам- жаңа қаржы — Төрттаған
Четверг, 18 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қаржы пирамидасы: жаңа адам- жаңа қаржы

29.06.2024
Қоғам
0
Қаржы пирамидасының шығу тарихын білесіз бе?

READ ALSO

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, өткен 2023 жылға дейін елімізде қаржы пирамидаларынан 31 мың адам зардап шегіп, 200 млрд теңге қарызға ұшыраған.

Қаржы пирамидаларына қатысты небәрі 38 қылмыстық іс қозғалған. Қаржылық пирамидалар қазіргі таңда алаяқтықтың кең тараған түрі. Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтап, кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайт пен аккаунт бұғаттады. Әдетте, қаржы пирамидалары жоғары кіріс пен пассивті кіріс туралы уәде бере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде жаппай жарнама жасайды.

Сонымен қатар, компания клиенттерден жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан жоғары бағамен сатып алуды ұсынады (үш айдан бастап бөліп-бөліп немесе ең төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша), сондай-ақ керісінше клиенттерге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуды ұсынады (міндетті аванстық төлеммен), деп жазады zhasalash.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, қаржы пирамидасы — жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебiнен өзге қатысушылардың табысын қамтамасыз ету әдiсi. Яғни, пирамиданың бiрiншi қатысушыларына табыс кейiнгi қатысушылардың салымы есебiнен төленедi. Көп жағдайда соңғы қатысушының қаражаты қайтарылмайды. Қазіргі таңда қаржы пирамидалары әлеуметтік желілер мен ғаламтор бетінде белсендi жұмыс iстеп жатыр. Олар өздерінің қаржылық пирамида екенiн бүркемелеудiң жаңа әдiстерi арқылы: мысалы, онлайн ойындар, яғни, ағаш отырғызу және өсiру қажет немесе жануарларды сатып алу, оларды өсiру және кейiннен сату, өзара көмек кассасы, ақша тумбочкалары және тағы сол сияқты әрекеттер арқылы қаржылық пирамида жүйесiмен жұмыс iстейдi…

Осы әдістер арқылы бiрiншi кезеңде нақты ақша сомасын салуды, ал, екiншi кезеңде жаңа қатысушыларды шақыруға құрылған әдiстердi ұсынады. Қазіргі таңда елімізде қаржылық пирамиданы көш бастап тұрғаны — «Q-net», «Смагулов и К», «QUASAR» сынды қаржы пирамидалары. Бұл туралы қаржыгер Дәурен Қуанышов: «Бүгінде қаржы салу туралы таныс, туыстарынан немесе жеке қоңырау шалу арқылы ұсыныс алмаған адам жоқ шығар. Мұндайда бірден бас тартатындар бар. Дегенмен, қызығып, кірісі қанша екенін сұрайтындар да жеткілікті.

Өкініштісі, компанияның қаржылық жағдайы, қызметі, табыс көзінен гөрі адамдарды қаржы салу жолдары, одан қандай табыс табатыны және табыс тапқан адамдар туралы ақпарат көбірек қызықтырады. Елімізде депозитке ақша салсаңыз, жыл соңында небәрі 15% өсім ұсынады. Ал, қаржы пирамидалары, әдетте, 1 айдың ішінде 2 млн теңге алатыныңызға кепіл береді. Азаматтар осыған сеніп, қолындағы соңғы ақшасын, үйін, көлігін қаржы пирамидаларына салып жіберуі мүмкін. Қаржы пирамидасын құру оп-оңай. Оны жалғыз-ақ адам жасай алады. Ал, қалғандары салымшыға айналып, құрбан болады.

Пирамиданың басында тұрған адам қалтасын қалыңдатқан соң, шетелге қашып кетеді. Зар қақсап қалатын — оңай олжаға асыққан аңқау халық», — деп пікір білдірді. Әр жыл сайын жергілікті өңірлерде «Қауіпсіз ел» бағдарламасы аясында қаржылық мониторингтер мессенджерлер арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру белгілері бойынша күдікті ұйымдарды анықтап, сот істерін жүргізуде.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Суицид — әлемді алаңдатып отырған мәселе

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жалған ақпараттарға қарсы Қазақстан мен әлем елдерінде қандай заңдар қарастырылған? 

Оқи отырыңызМақалалар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
10
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

10.09.2025
3
ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

10.09.2025
2
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»
Қоғам

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»

10.09.2025
2
Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
435

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
359
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
221
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
170
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
163

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.