Суицид — әлемді алаңдатып отырған мәселе — Төрттаған
Четверг, 10 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Суицид — әлемді алаңдатып отырған мәселе

29.06.2024
Қоғам
0
Суицид әдісіне байланысты әр түрлі болады

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы – әлемді алаңдатып отырған мәселе. Әр адамның өміріндегі ең қиын кезең – жасөспірімдік шақ болып саналады. Бұл кезде адам тұлға болып қалыптасатын кезеңді бастан өткізеді.

Жасөспірімдердің жиі суицид жасауына не себеп?

Таным-түсінігі қалыптасып, құндылықтарды бағалай бастайды. Бұл кезеңде әр бала өзіндік МЕНін іздеп, болашақты бағдарлай бастайды. Сонымен қатар жыныстық даму басталады, гармондар өзгереді. Өтпелі кезеңде жасөспірімдердің мінез-құлқында өзгерістер басталады. Депрессияға тез салынғыш, агрессияға бейім болады. Сол себепті де бұл кезең адам өміріндегі ең қиын кезең болып саналады. Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері де осы кезеңде жиі жасалады,  бұл туралы nege.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі жазады.

Суицид – адамның қасақана өз өмірін қиюы. Белгілі бір өмірлік жағдайларда кейбір жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсайды. Жасөспірімдік шақта суицидтің себептері алуан түрлі болуы мүмкін. Жасөспірімдердің көпшілігі осы кезеңде тыйым салынған заттарды пайдаланып көруге әуес болады. Алкогольдің, есірткінің, темекінің дәмін татып көруге құмарланады. Ашық-жарқын, бала күнінде бәрімен араласып ойнап жүрген балалар осы кезеңде өз-өздерімен болып, тұйықталып қалып жатады. Кей жағдайларда сыныптастарының, қатарластарының тарапынан буллингке ұшыраған жасөспірім балалар бірден өлім жайлы ойлай бастайды. Тіпті, осы жаста жақындарының қаза болуы да жасөспірімдердің психикасына кері әсер етеді. Ата-анасының болмашы сөзін жүрекке жақын қабылдап, өмірден баз кешіп кететіндері де бар. Суицидті туындататын себептер мен факторлар балалардың психологиялық күйінде жатыр.

Тәуекел тобындағы жасөспірімдер жағдайдың қысымымен кез келген уақытта өз-өзіне зиян келтіруі және өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Бұл балалар өте әсерлі, психологиялық тұрғыдан осал болып келеді. Сонымен қатар өздерін өзгелермен салыстырып, басқалардан төмен сезініп жүреді. 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында суицид жасау көп кездеседі. Бұл құбылыстың себептерін психологтар әлі де зерттеу үстінде.

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің үш негізгі түрі бар:

Шындық. Жасөспірімнің өзінің өлгенін қалайтынына сенімді болуы. Мұндай сезім, әсіресе, бозбалаларға тән. Өзін бірінші әрекеттен өлтіре алмай қалғандар, міндетті түрде екінші рет қайталайтын болады.

Сезім. Оған асөспірім жігіт немесе қыздың эмоцияның әсерінен өз-өзіне қол жұмсамақ болуы жатады. Егер бірінші рет те өз-өзіне қол жұмсай алмаса, мұндай жағдай қайталанбайды. Бұл жағдай көбіне қыз балалардың басынан өтеді.

Демонстрация. Оған қоғамның назарын өзіне аудару әрекеттері жатады. Өзін-өзі өлтіру әрекеттері қайта-қайта қайталануы мүмкін, алайда ешқашан өз-өзіне (кездейсоқ жағдай болып қалмаса) шынайы қол жұмсай алмайды.

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау себептері көбінесе жауапсыз махаббатта, тұрмыстық жанжалдарда, құрдастар арасындағы түсініспеушілікте немесе жай ғана жалғыздықта жатыр.

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі, балалардың көпшілігі өздеріне қол жұмсаса, өлетініне сенбейді. Мысалы, 100 адамның тек 10 пайызы ғана өз-өзіне қол жұмсауды қалайды, қалғандары туыстарының, достарының, жақындарының назарын аударуға тырысады. Бұл жағдайды суицидтің демонстративті түрі немесе «суицидтік бопсалау» деп айтуға болады. Бірақ, өкінішке орай, мұндай ойынның арты кездейсоқ өлімге алып келуі мүмкін.

Баланың бойынан өзіне тән емес өзгерістерді байқаған бойда оның не сезінетінін, не ойлайтынын білген абзал. Балаңыздың мінез-құлқындағы өзгерістерге жол бермеңіз. Ойын, не сезінетінін ашық айтуға үйретіңіз. Әрбір бала жақындарының жанашырлығы мен қолдауын қажет етеді.

Өмірдегі кедергілер – бұл баланың ата-анасымен бірге еңсеруі керек мәселесі. Жасөспірімдерді ата-анасы бар болмысымен қабылдап, қолдау керек. Дұрыс емес тұстарын ақылмен, мейіріммен түсіндіргені абзал. Бұл кезеңде балалар өздерін ешкім жақсы көрмейтіндей сезінеді. Сол себепті ата-анасы мен жақындарының қолдауы маңызды.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Алаяқтар тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қаржы пирамидасы: жаңа адам- жаңа қаржы

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.