Манипуляция әдісі — Төрттаған
Вторник, 17 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Манипуляция әдісі

04.05.2024
Қоғам
0

Манипуляцияны «алдау» деушілер жиі кездеседі, бірақ бұл нақты ақиқат­қа жатпайды. Мысалы, мынадай мани­пуляциялық әдіс бар, оның мәні – саяси субъект ұсынатын нәрсенің көпшілік адамдар алдында олардың өздеріне білдіртпей, асқан шеберлікпен құны мен беделін арттырып, олардың қадірлеп-қастерлейтін құндылығына айналдыру.

Мұндай әдісті қолданғанда ұсынылып отырған объектінің қор­шаған ортадағы мәні мен маңызы зор адамға немесе затқа байланысты ассоциация пайда болады. Егер жарнамалық тақтайда үміткер мәз-мейрам болып тұрған балалардың ортасында бейнеленсе, осы жарнаманың кейбіреулерге жасырын әсер етіп, оған байланысты жағымды ассоциация тудыруы мүмкін, яғни балаларға деген мейірім сол үміткерге да ауып кетуі мүмкін. Бұл әдіс саяси жарнамалық роликтерде жиі пайдаланылады, мысалы, үміткер қазақстандықтар үшін қымбат кең даланың төсінде немесе бұрын көпке таныс емес үміткер танымал саясаткердің немесе ғалымның жанында бейнеленеді. Саясаттағы манипуляцияның терең гносеологиялық тамыры бар, өйткені саясат – күрделі, көбінесе адамдардың көзінен жасырын сала. Саясат төтенше қайшылықты және өте сайқал, арсыз, былғаныш та болуы да мүмкін.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

Сондықтан да қарапайым адам үшін саяси жағдайларды ұғыну, түсіндіру, баға беру өте ауыр. Осыдан да болар, көптеген адамдар манипуляция объектісіне айнала отырып, осынау тұтқыннан босап шыққысы келмейді, тек саясатқа қатысты «ұнайды» немесе «ұнамайды» деген бір сөзді қанағат етеді. Қазіргі саяси кеңістікте нақты жағдай жайлы білу әрқашан БАҚ-пен байланысты, азаматтар болған жайды содан көріп-біледі, сондықтан да орын алған жағдай мен берілген ақпаратты айыру қиын. Мұның өзі қажетті саяси ұстанымдарды қалыптастырып, нақты бір саяси әрекет типіне дайындау мақсатында адамдардың саяси санасы мен жүріс-тұрысына жасырын басқару жүргізу әдісі ретіндегі саяси манипуляцияның орын алуына негіз болып табылады. Демократиялық емес режимдердегі са­яси билік органдары барлық кезде де БАҚ-ты билікке тиімді стереотиптерді, ұстанымдарды, мақсаттар мен идеалдарды және т.б. орнықтыру үшін пайдалану арқылы халықты, адамдардың әлеуметтік топтарын объект жағдайында ұстап тұруға тырысады.

Р.Әбсаттаров, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Саяси манипуляцияның екі басты моделі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әлеуметтік манипуляцияларға халықтың ділі оңайлықпен беріле қоймайды

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

13.06.2025
3
АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 
Қоғам

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

12.06.2025
3
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК

11.06.2025
3
Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті
Қоғам

Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті

11.06.2025
3
Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті
Қоғам

Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті

11.06.2025
2
“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті
Қоғам

“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті

11.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.