Қазақстандықтар жалған ақпаратқа жиі тап болады — Төрттаған
Среда, 23 сентября, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қазақстандықтар жалған ақпаратқа жиі тап болады

12.04.2024
Қоғам
0
Қазақстандықтар жалған ақпаратқа жиі тап болады

Қазақстандықтар соңғы кездері жалған ақпаратқа жиі тап болуда. Сонымен қатар азаматтардың жартысынан көбі ақпараттың рас-өтірігін тексермейді.

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы азаматтар арасында «Қазақстандық медиа мен әлеуметтік желілерде дезинформацияның таралуы мен оны қоғамның қабылдауы» тақырыбында сауалдама жүргізді.

READ ALSO

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті    

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

DEMOSCOPE зерттеуінің нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың көпшілігіне дезинформация мен фейктің әсер ету қаупі бар. Сауалнама деректері бойынша, респонденттердің кем дегенде жартысына жалған ақпаратты байқау қиын.Фактчекиң жөнінде 18-24 жастағылар көбірек хабардар. Олар басқаларына қарағанда ақпараттың рас-өтірігін тексереді және фейк екенін оңай анықтай алады.

Нақтырақ айтсақ, азаматтардың 51%-і шынайы ақпаратты фейктен ажырату қиын екенін мойындаған: 33%-і фейкті үнемі байқап отыра алмаймыз десе, 18%-і әдетте жалған ақпаратты анықтай алмай қалатындарын айтқан. Ал 41%-і фейкті бірден біліп қоятынына сенімді.

Сондай-ақ сауалдама аясында қатысушыларға жалған ақпарат екенін қайдан білесіз деген сұрақ қойылды. Жалпы азаматтардың 52%-і жаңалықты тексермейді екен – олардың 44%-і ақпаратты мүлдем тексермесе, 8%-і дереккөзге сенетіндерін айтқан. Бір қызығы, 6%-і жаңалықты таныстары арқылы нақтылайды әрі соларды сенімді дереккөз деп санайды екен. Ал азаматтардың 5%-і бұл сұраққа жауап беруге қиналған.

Десе де, сауалдамаға қатысушылардың үштен бірінен көбі (37%) ақпаратты өздігінен тексеретін болып шықты — 27%-і деректі басқа БАҚ пен ресми дереккөздермен салыстырса, 10%-і Google мен Yandex көмегіне жүгінеді.

Зерттеу барысында респонденттер фактчекиң не екенін білесіз бе деген сауалға жауап алу маңызды еді. Сауалдамаға қатысқан қазақстандықтардың 22%-і ғана дұрыс нұсқаны таңдады. 57%-і бұл сұраққа жауап беруге қиналса, 6%-і фактчекиң – фейк тарату; 3%-і – жаңалық тарату деп топшылаған.

Бұл деректер қазақстандықтардың айтарлықтай бөлігінің медиасауат дәрежесі төмендігін, яғни дезинформация мен пропаганданың деструктивті әсеріне ұшырау қаупі барын дәлелдейді. DEMOSCOPE-тың бұған дейінгі зерттеу нәтижелері де осындай қорытындыға жақын.

Сауалнамаға қатысушылардың 17%-і күн сайын, 54%-і кейде ғана дезинформация ұшырасатынын жеткізген. 23%-і жалған ақпаратты кездестірмейтіндіктеріне сенімді.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жалған ақпараттың алдын қалай алуға болады?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Дезинформацияның таралуы мен оны қоғамның қабылдауы

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті    

17.09.2026
4
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

17.09.2026
9
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

17.09.2026
9
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ   АО «ЕНПФ» напоминает о важности своевременного оформления пенсий

17.09.2026
3
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

С 7 сентября 2026 г. вкладчики ЕНПФ получили больше возможностей по управлению пенсионными накоплениями

17.09.2026
3
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

  БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады

17.09.2026
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
295
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
222

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.