Жалпы жалған ақпарат Орталық Азиядағы біздің мемлекет сынды әлемнің алдыңғы санатындағы алпауыт мемлекеттерде де үлкен мәселеге айналған.
Қолдағы деректерге зер салсақ, бір кездері Kantar ақпарат агентігі АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Бразилия тұрғындарына зерттеу жүргізген. «Ақпаратқа деген сенім» атауымен өткен акцияға 8 мың адам қатысқан. Нәтижесінде, халық баспасөз құралдарының ішінде журналға сенім артатыны белгілі болды. 72 проценті журналдан оқыған ақпараттың шынайлығына сенімді. Сауалнамаға қатысқандардың 69% телеарнаға, 68% радиоға, 67% дәстүрлі БАҚ таратқан ақпаратқа сенеді. 50% интернет портал мен сайтқа құлақ асады. 37 проценті мессенджерде таралған ақпараттың дұрыс екеніне көзі жетеді. Қалған 33% ғана әлеуметтік желідегі ақпараттың ақ-қарасын айыруға тырысады екен.
Жалған ақпаратпен күресу жолында түрлі Google, Facebook cекілді ірі компания қыруар қаражат бөліп келеді. Германия, Индонезия, Ресей, Ұлыбритания секілді елдер арнайы заң қабылдаған.
Бұл игі дәстүр елде Ата заң бойынша бекіген. Оған байланысты арнайы бірнеше бап бар. Оның ішінде әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдіктен бастап, діни алауыздықты өршітуге дейінгі баптар қарастырылған. Таратқан жандарға түрлі мөлшердегі айыппұлмен қатар 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Ел ішінде Шәкәрім айтты деген:
«Сөзіңді түзе – әдетіңе айналады,
Әдетің – мінезіңе айналады.
Мінезің – сенің тағдырың» деген ғибрат бар. Ісіміз ілкімді, апқаратымыз анық, ойымыз орнықты болғанға не жетсін?! Жалған ақпараттың жарға жығатынын біліп жүру, баршамыз үшін қайырлы болатыны сөзсіз.
Яғни жалған және фейк ақпаратты жариялау әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.
Осыған байланысты кез келген ақпаратты орналастырмас бұрын, жарияланатын ақпараттың дұрыстығына көз жеткізіп, тексеруге онлайн-платформаны пайдаланушыларды шақырамыз.