ТҮРКІСТАН: КЕСЕНЕДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ — Төрттаған
Суббота, 5 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН: КЕСЕНЕДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

22.11.2023
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: КЕСЕНЕДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Қазақ мемлекеті билігінде болғандардың қанша пайызы Түркістанға жерленгендігін анықтау болып, мұны зерттеу жоғарыдан берілген тапсырыс ретінде болғандықтан біраз дүниені ақтаруға тура келді.

Түркістанда және кесенеде жерленген тарихи тұлғалар мен игі жақсылар, сыйлы азаматтар санына келсек-бұл бағытта соңғы 30 жылдан бері зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Әзіргі күнге дейін біздің қолымызда 229-дан аса адамның нақты жерленгені жайлы деректер бар. Бірақ, оларды әбден зерттеп, жан-жақты дәлелдеп барып қана тізімге енгізуге тиіс екендігімізді біз түсінеміз. Міне, осы себепті бүгінгі күні 229 адамның аты-жөні тақтаға түсіп отыр.

2015 ж. аталып өткен Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына орай Халықаралық қазақ-түрік университеті «Қазақ хандары» атты жинақ шығарды. Жинақта белгілі қазақ тарихшылары мен Т.И.Сұлтанов пен В.И.Ерофеевалардың еңбектері негізінде анықталған 78 ханның қысқаша өмірбаяны берілген және тек аты ғана белгілі 5 хан енгізілген. [11-13-220 бб.]

Сол авторлар мен біздің ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып Түркістанда қазақтың 22 ханы жерленгені және олардың 14-і осы қаланы өздерінің Ордасы ретінде жариялағаны белгілі болып отыр. Хандар қаланы негізінен қысқы тұрақтары және ресми билік орталығы ретінде пайдаланған. Тарихтан Әбілмәмбет ханның күзде қалаға қыстау үшін көшіп келген сәті белгілі, бұл құбылыс үлкен мейрамға айналып, бірнеше күн бойы халыққа ас берілген. Көш қалаға кіріп келе жатқанда сырнайлатып-кернейлетіп қарсы алған халыққа мыс ақшалар шашылып отырған, кесенеде әулиелерге, осында жерленген хандарға бағышталып құран оқылған. Алғаш рет мұнда 1598 ж. Тәуекел хан мен Қайнар-Күшек сұлтан жерленген.

Қазақ хандарынан Түркістанды астана деп жариялаған Есім хан 1628 ж. осында жерленеді, онан соңғы жерленген 20 ханның ішінен үш жүзге билігі жүргендері Жәңгір, Тәуке, Қайып, Болат, Әбілмәмбет және ұлы ханымыз Абылай болды. Егер қазақ хандарының жалпы санын, жоғарыда айтқандай 78 хан мен аты ғана белгілі 5 ханды қосып, 83-ке жеткізсек Түркістанда қазақ хандарының 25 пайызы жатқан болып шығады. Ал, сұлтандарға келсек әзірге белгілісі 8 адам ғана, егер Абылайдың өзінің 30 ұлы болғанын есепке алсақ олардың нақты санын білу мүмкін емес. И.В.Ерофееваның анықтауынша қазақ хандары мен сұлтандарының екіден төртке дейін әйелдері болған, ал, кейбіреулерінікі бестен жетіге дейін жеткен. Жекелеген кейбір хандар, мысалы Нұралы мен Абылайдың, сұлтандар Қайып пен Қарабайдың 12-ден 16-ға дейін әйелдері болған. Ал, олардан туған балаларының саны да адам таңғаларлық, мысалы, Нұралы ханның 16 әйелі мен 15 кәнизәгінен 40 ұлы, 34 қызы, ал, Абылай ханның 12 әйелінен 30 ұлы, 40 қызы, Қайып ханның 30 ұлы, Қарабай сұлтанның 27 ұлы, Айшуақ ханның 16 ұлы, Уәли ханның 14 ұлы, Қаратай ханның 12 ұлы, Бөкей ханның 11 ұлы болған. Ал, жалпы қазақ хандарының қанша ұл-қызы болғандығы бір Аллаға ғана аян, яғни, бұлардың қанша пайызы мұнда жерленгенін білу мүмкін емес.

Қазақ билеріне келетін болсақ Түркістанда жерленген әзірге 25 бидің есімі анықталып отыр. Ғылыми еңбектерде 84 қазақ ру-тайпаларының таңбасы белгілі, алайда негізгі қазақ тайпаларының саны 45 екендігін де білеміз. Олар әрі қарай кішігірім руларға және аталарға бөлініп кетеді, мұның санын дәл анықтау әлі күнге жүріп жатыр. Қазақ хандығы тұсында 45 тайпадан 45 би мемлекеттік мәселелерді шешуге араласты деп есептесек те, әр рудың, әр атаның өз биі болғаны барлығын шатастырады. Бізде жерленген билердің қаншасы тайпа биі болғанын білу де мүмкін емес, бұған олардың әр ғасырда өмір сүргендігін қоссақ ешбір есеп беру мүмкіндігінен айырыламыз.

Батырлар да солай, Түркістанда әзірге жерленген 63 батыр есімі анықталып отыр. Ғаламторда жарияланған «Сыр өңірінің батырлары» атты тізімнен-ақ Сыр бойын мекендеген халықтардан 482 батырдың шыққанын анықтаймыз, әрине олар әр ғасырда өмір сүрген. Әйтсе де, сол 482 адамнан Түркістанда жерленгені 3-ақ болып отыр, ал батыс, орталық, шығыс, түстік өлкелерден қанша батыр шыққан деген сұрақ тағы да жауапсыз қалады, яғни, пайызын анықтау да тығырыққа тіреледі.

Қоқан, Ресей билігі тұсында ел билеген датқалар мен болыстардан небәрі 6 датқа, 4 болыс осында жерленген, Қалғандары діни-рухани, игі жақсылар деген топтарға жатады.

III. Түркістан мазарлары

Ендігі мәселе 1954 ж. Түркістан қаласының топографиялық картасында келтірілген мәліметтер жайлы болмақ. Мұнда қаланың көшелері мен қоса әрбір тұрғын үй, көше орамдары, егістік жерлер мен бірге қала территориясында орналасқан мазараттар да қоса түсірілген. Біз мазараттарды жасыл түспен бояп шықтық, картада ол жерлер қоршалып сызылып іші крест «+» белгілерімен толтырылған. Үстіне үйлер түсіп кеткендері (7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17) белгіленбеген, біз оларды археологиялық қазба барысында және архив мәліметтері мен жергілікті тұрғындар берген деректер негізінде анықтадық. Ал, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32-ші мазараттар крест белгісімен толтырылып, шекарасы қоршалып сызылған. Көлемдері 0,3 гектардан 10 гектарға дейін ауытқып отырады. Бұлардан қазіргі күні аман қалғандары № 30-шы Қаракөз, 33-ші Еврей, 14, 15, 27 және № 32 Гаухар ана мазараттары ғана, олардың да біразы жан-жағынан түскен құрылыстардан көлемі кішірейген, қалғандары түгел тегістеліп, бақ егіліп, құрылыс түсіп жойылған. Қалыптасқан уақыттары VII-VIII ғғ. бастап XIX-XX ғғ. дейін созылады. Ең көнесі Құмшық ата (15) мен Әлқожа ата (27), Гауһар ана (32), бұлар X-XII ғғ. жатады, ал, Әзірет Сұлтан кесенесі астында б.з. I-IV ғғ. қалыптасқан көне мазарат орналасқан, оның үстінде V-VIII ғғ., IX-XII ғғ., XIII-XV ғғ.,  XVI-XVIII ғғ. мен  XIX ғ. қалыптасқан, 5-6 қабат етіліп сүйектер жерленген топырақ қабаттары жайғасқан [12-92-109]. Әзірге бұл да аман тұр, кесенені қоршаған көлемі алты гектарлық цитадельдің асты да XII-XIII ғғ. жататын мазарат, XIV ғ. бастап оның үсті де құрылыспен жабылып бұл тірлік  XX ғ. 60-70-ші жылдарына дейін созылды. Қазба барысында мұнда алты қабат құрылыс ізтері шықты, ең соңғылары 1930-шы жылдардағы атты әскер эскадроны құрылыстары, 1940-50 жж. әскери военкомат, 1960-70 жж. химиялық қарумен жабдықталған әскер штабы сияқты құрылыс іздері анықталды

Картада 33 мазаратты көріп отырсыздар, ал, қаланың солтүстік-шығыс беті мен вокзалға дейінгі бөлігі және «Жолдың асты» деп аталатын темір жолдың арғы бетіндегі бөліктердегі мазараттарды қоссақ жалпы саны 50-ден асып жығылады. Бұлардың қазіргі «Водоканал» мен оның айналасы христиан-православтар мазары, мұндай мазар жолдың астында да бар. ТГЖД мазары, «Мақта зауыты» мазары, «Шошқа баз» мазары сияқты қаланың әр бөлігінің мазарына кешегі 60-70 жылдарға дейін мәйіт жерленіп келді.

Енді ортағасырлық Түркістан мен оның айналасында ең жақын орналасқан 25 мазарға келейік. Бұлардың барлығы ортағасырлық қаланың цитаделінде, шахарістанында (88,7 га) және оны төрт жағынан қоршаған (шамамен 1000 га) рабадында орналасқан.

1864 ж. қаланы (88,7 га) ресейліктер Қоқан әмірінен тартып алған  тұста қала халқыны саны 4911 адам ғана болған.

1897 ж. санақта қала халқының саны 11253 тұрғын болатын, ал, 1908 ж. есеп бойынша 13514 тұрғынға дейін өскендігі көрінеді.

1910 ж. санақ бойынша халық саны 15236-ға дейін жеткен, бұл кезде темір жол вокзалы, депосы, олардың қызметкерлері мен жұмысшылары, жергілікті тұрғындар тұратын үйлер салынғанымен олар бұл есепке ілінбеген.    Себебі, қала бөлек елді мекен, ал, темір жол мен оның екі беті, ТГЖД ауданы т.б. барлығы «Борисовка» деп аталған елді мекендер тізбесі болатын. Бұл атау сол елді мекендердің полиция приставы Борис Петрович Тризнаның атынан қалыптасқан.

Ал, Түркістан қаласына келсек бар-жоғы 5 мыңдай ғана тұрғыны бар мекенде 25 мазараттың болуы қалай? Қазіргі күні миллион тұрғыны бар қалалардың өзінде мұнша мазарат жоқ. Бар мәселе қаламыздың бүкіл түркі жұртына белгілі қасиетті жер болғанында болып отыр. Исламға дейін де бұл жердің зардуши дінінің ірі орталығы болғандығын б.з.д. ІІІ ғ. бері өмір сүріп келе жатырған Күлтөбе-Ясыдан табылған алып ғибадатхана дәлелдеп берді. Әулие Құмшық ата жер асты құрылысының айналасынан VII-VIII ғғ. жерленген сүйектер аршылды.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Партада қалған қолтаңба

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: «TURKІSTAN TEXTILE» ТІГІН ФАБРИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҰЛЫҚТАУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
3
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
4
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.