Партада қалған қолтаңба — Төрттаған
Среда, 21 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Партада қалған қолтаңба

22.11.2023
Қоғам
0
Партада қалған қолтаңба

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Ақын әрі жазушы Саттар Ерубаев туралы толғанғанда, ең алдымен оның өмірден ерте кеткендігі ойға орала кететіні рас. Ол өкініш, әрине. Жазушы Шерхан Мұртаза айтпақшы, «егер Саттар туберкулез ауруынан қайтыс болмағанда, сталиндік репрессияның қанды шеңгеліне міндетті түрде ілігер еді». Жазушы, саттартанушы Бейбіт Қойшыбай да осы пікірде. Келіспеске ылажың жоқ. Не десек те Саттар шырағы ерте сөнді. Тағдыр немесе жазмыш. Дегенмен ол біржолата өшіп қалмай, үрлегенде тұтанатын қоламтасы қалды. Олар – оқыған сайын маздап жанып, мағына арттыратын, Саттардың артында қалған әдеби мұралары. Шығармаларының көлемі аз болғанымен, болашақ ұрпаққа берері мол, өміршең дүниелер. Бір ғана «Менің құрдастарым» романы бүкіл бір дәуірдің жүгін көтеріп тұр десек, артық айтқандық емес.
Саттар Ерубаев 1914 жылы Отырар ауданына қарасты Ұзынқұдық деген қыстауда дүниеге келген. Ата-анасы Саттарды әуелі сол замандағы барлық балалардай ауыл молдасына сауат ашуға береді. Бірақ Саттар ол жерде аз ғана күн болып, үйіне қашып кетеді. Содан соң оны осы Түркістан қаласындағы Абай атындағы бастауыш қазақ мектебіне береді. Ол жерде 3 класс (сынып) оқығаннан кейін, жаңадан ашылып жатқан бұрынғы В.И.Ленин атындағы мектеп-интернатына келіп түседі. Саттар қалған 4 жылдық білімін осы мектептен алады.
Саттар жастайынан кітап оқуға, әдебиетке құмар болды. Ол мектепті үздік бітіргеннен кейін паровозшылар даярлайтын мектепке түседі. Оны бітірген соң Түркістанда жаңадан ашылып жатқан комсомол комитетіне жұмысқа кіреді. Ол жерде де алғырлығымен көзге түскен Саттарды Алматыдағы жоғарғы оқу орнының даярлық курсына жібереді. Саттардың талабын бұл жерде де жоғары бағалап, оны жолдамамен Ленинградтағы (Санкт-Петербург) «Тарих-философия және лингвистика институтына» жібереді. Әрине, қаншалықты алғыр, зейінді болғанымен, «шет» жерден келген ауыл баласының ол институтқа түсуі оңай болмады. Саттар ол жерде білімінің толық жетпейтінін мойындап, бірақ егер де, оқуға түскен жағдайда өте жақсы оқып кететініндігіне, әйгілі Қожа Ахмет Ясауи жерінен келген адам өтірік айтпайтындығына сендіреді. Саттардың талабына риза болған емтихан алушы  оны институтқа қабылдайды.
Институтқа түскеннен кейін Саттар уәдесінде тұрады. Алғашқы күннен бастап сабаққа құлшына кіріседі. Көп уақытын институттың оқу залдарында, кітапханаларда өткізеді. Оқуды өте жақсы бітірген Саттар «Орыс неоромантизмі және қазақтың ұлттық әдебиеті» деген тақырыпта дипломдық жұмысын қорғайды.
Саттар институтты бітірген соң сонда аспирантурада қалдырылады. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің сұрануы бойынша, Саттар Қазақстанға қайта оралады. Елге келген соң алғашқы кезде «Ленинская смена» газетінде, кейін «Лениншіл жас» газетінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі болады. Саттар қазақ әдебиетіне пародия жанрын енгізуші болып табылады.
Саттар 1934-1935 жылдары бұрынғы «Қазақстан пролетариаты» (қазіргі «Орталық Қазақстан») газетінде қызмет етеді. Ол осында жүріп өзінің аяқтай алмай қалған «Менің құрдастарым» романын жазады. «Менің құрдастарым» – Қарағандыдағы көмір кеніші, ондағы жұмысшы жастар туралы жазылған роман.
Қазақ жазушылары арасында ғылыми фантастика жанрында тұңғыш қалам тартқан да – Саттар Ерубаев. «Келесі соғыс туралы» деген фантастикалық әңгімесінде техниканың бұдан кейін болатын жаңалықтарын алдын-ала болжай білгенін байқаймыз. Саттар әдебиеттің барлық жанрында жазған. Әдеби сын да жазған. Сатиралық жанрда жазған шығармалары өз алдына бір төбе.
1935 жылы Саттар Алматыға келіп, бұрынғы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетінің аспирантурасына түсуге дайындалады. Бірақ меңдеп кеткен ауруы одан әрі оқуына мүмкіндік бермеді. Сол жылдары ол КазПИ-дің (ҚазҰПУ) «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті болып орналасып, әдебиет тарихы мен теориясынан лекциялар оқыған. Сонымен қатар М.Жанғалин екеуі қазақ мектептерінің 1-класына арналған «Әдебиет хрестоматиясын» құрастырды және көптеген орыс шығармаларын аударумен қатар, жапон, неміс жазушыларының да еңбектерін аударды.
1937 жылы ақпан айында КазПИ дирекциясы оны Талғар ауданындағы «Каменское плато» курортына емделуге жібереді. Алайда оған ем қонбай, асқынып кеткен ауруы ақыры алып тынады. 1937 жылы 2 маусымда Алматы туберкулез диспансерінде қайтыс болады.
1966 жылы сол кезеңнің мәртебелі сыйлығы – Ленин комсомолы сыйлығының тұңғыш лауреаты атанады. 1968 жылы комсомолдың 50 жылдығы құрметіне Н.Островский атындағы сыйлық беріледі және есімі бүкілодақтық мемориалдық тақтаға жазылды.
Саттардан қалған құнды мұралардың бірі – парта. Партаны музейге әкеліп тапсырған – оның ең алғашқы меңгерушісі Елтай Бимағамбетов. Партаның арқалығында латын әліпбиімен жазылған «E.Sattar» деген Саттардың қолтаңбасы  бар.
Ерте сөнген шырақтың ел есінде есімі ғана емес, оның өмірі мен шығармашылығы, артында қалған, кезінде өзі тұтынған осындай аз-маз заттары да бар. Оларды музейге келген әрбір адам көріп, ол мұралар жайлы тәлімі бар мол мағлұмат ала алады. Қазақтың «Шырағың сөнбесін» деген сөзінің өзі Саттар секілді саңлақтарға арналып айтылғандай.
А.БАҚЫТҚЫЗЫ,
Саттар ЕРУБАЕВ музейінің меңгерушісі.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДЫҚ «JANA LEP!» ӨНЕР ҰЖЫМЫ ЖАҢА МЮЗИКЛГЕ ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕСЕНЕДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
10
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
154

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.