БОЛАШАҒЫНАН КӨП ҮМІТ КҮТЕМІН — Төрттаған
Понедельник, 26 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

БОЛАШАҒЫНАН КӨП ҮМІТ КҮТЕМІН

23.11.2023
Спорт
0
БОЛАШАҒЫНАН КӨП ҮМІТ КҮТЕМІН

READ ALSO

Түркістанда алғаш рет «Мұз шоуы» өтті

ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

Бауыржан бала кезінен спортқа бейім болып өсті. Соның ішінде қазақша күресті жақсы көрді. Ептілігі де, білек күші де бар. Мектепаралық жарыстардан үйге жеңіспен оралып жүрді. «Мектептің мақтанышы» атанды. Енді, міне, сол чемпион балам маған немере сыйлап, шаңырағымыз тағы да бір чемпионмен толықты.
2013 жылы туылған Айсұлтан немерем қазір Түркістан қаласындағы №28-ші мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы. Оқуда озат, білімге — зерек, спортқа — бейім. Немерем «Тұран-2013» футболшылар командасының белді ойыншысы. Немеремді жиі іздеп барып тұрамын. Әр барғанымда мектебіне соғамын, жаттығатын жерлеріне барып, баламның қалай жаттығып жүргенін көріп, көңілім бір серпіліп қалады. «Баланы өскенше, немерені өлгенше» деген осы екен ғой. Жасым 70-тен асса да, денемді шынықтырып, саламатты өмір салтын қалыптастырып келе жатқан жағдайым бар. Немерем ауылға келгенде, бірге доп қуалап, оған кейбір әдіс-тәсілдерді үйретіп қоямын. Айтқанды, көргенін тез қабылдағыш, әрі зерек. Жалпы, үй-ішімізбен спортшымыз десек, артық айтқандығым емес.
Түркістан облысының 5 жылдығына орай 2013-2014 жылдары туылған жасөспірімдер арасында футболдан өткен «Turkistan Cup – 2023» республикалық турнирінде немерем — Айсұлтан Бауыржанұлы «Үздік ойыншы» атанып, жарыстың «Дипломымен» марапатталып, мерейімізді тағы да үстем еткен болатын. Кәдімгідей қуанып қалдық. «Бала атқа мінсе, ата-анасы тақымын қысады» демекші, тілеуін тілеп отырдық. Оған дейін Алматы, Ақтөбе қалаларында өткен жарыстарда спорттың осы түрінен 2-орынды қанжығалаған болатын. Бұрындары «асық ойнаған азады, доп ойнаған тозады» деуші еді, қазіргі таңда доп ойнағандар озып тұр. Аталмыш «Тұран-2013» футболшылар командасы Хорватия еліне барып, халықаралық жарысқа қатысып келді. Команданың сапында Айсұлтан да бар. Беталыстары жаман емес. Әлі де талай биік белестерді бағындыратыны сөзсіз.
Футболға 5 жасынан қатысқан Айсұлтан 2018 жылдары Шымкент қаласындағы «Armans» академиясында, 2021 жылдан бастап Түркістан қаласындағы «Тұран-2013» командасында жаттығып жүр. Немеремнің жетістігі басқа жастарға да үлгі болса деймін. Спорттың қай түрі болса да ізденсең, еңбектенсең, талаптансаң биік шыңдарды бағындыруға болатынын жастарға жеткізгім келеді. Ал, ата-аналарға айтарым; балаларыңыздың болашағы өз қолдарыңызда… Қайда бағыттаймын, қалай бағыттаймын деп емес, баланың қабілетіне, бейіміне қарай жұмыс жасау керек!
Р.КЕНЖЕҚҰЛОВ,
ардагер-спортшы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕЛЕС: АҚТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢАРУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тіл – асыл құндылық

Оқи отырыңызМақалалар

Түркістанда алғаш рет  «Мұз шоуы» өтті
Спорт

Түркістанда алғаш рет «Мұз шоуы» өтті

05.05.2025
3
ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ
Жаңалықтар

ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

05.05.2025
4
«НАУРЫЗНАМА»: ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР
Спорт

«НАУРЫЗНАМА»: ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР

20.03.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

11.09.2024
5
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Спорт

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

31.08.2024
4
ҚАЗАҚСТАН ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
Әлемде

ҚАЗАҚСТАН ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

28.07.2024
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.