Тіл – асыл құндылық — Төрттаған
Понедельник, 26 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Тіл – асыл құндылық

23.11.2023
Қоғам
0
Тіл – асыл құндылық

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Әр жылда ЮНЕСКО аясында «Халықаралық ана тілі күні» атап өтілсе, біздің елімізде «Қазақстан халқының тілдер күні» мерекесі тойланады. Алаш жұртының арыс тұлғалы пер­зенті, ұлт ұстазы Ахмет Байтұр­сын­ұлы: «Қазақтың атадан балаға мұра етіп қалдыратын екі қазынасы бар. Оның біріншісі – байтақ жері, екін­шісі – бай тілі»,-дейді.
Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің түп тамыры, қатынас құралы. Туған тілін өз халқы қаншалықты құрметтейтін болса, сол халықтың да дәрежесі соншалықты биік болады.
Тіл мамандарының дерегіне қарағанда, 2100 жылға дейін әлемде 3500-дей тіл қолданыстан шығып, жоғалады екен. Яғни дүниежүзінде 6700-ден аса тіл бар болса, соның жартысы жоғалуға таяу.
Гарвард университетінің тіл маманы әрі жоғалып бара жатқан тілдер институтының директоры Грегори Андерсон тілдердің жойылу қаупін былай түсіндіреді:
– «Егер сіз ата-бабаларыңызға түсіңізде сөйлесеңіз, олар ағылшын тілінде сөйлемейді. Сіз оларға қай тілде сөйлейсіз? Мұнда жоғалып бара жатқан тілдердегі адамдардың шынайы тарихымен байланысы үзілуде. Ал ағылшын, испан, орыс тілі сияқты үстемдік құрып тұрған тілдер мұндай проблемаға кезікпей отыр»,-дейді.
М.Әуезовтің мына сөзі әрбір қазақ­тың есінде деп біле­мін. Ол: «Бұл дәуірде өз тілін, әде­бие­тін білмеген, қадірлемеген адам то­лық мәнді интеллигент емес деу­ге де болады, себебі, ол қандайлық ма­мандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады. Тегінде қай ма­ман­дық саласында жүрген адам болса да шын ин­теллигент дәрежесіне жету үшін тілді, әдебиетті білу жалпы­лығы ор­тақ шарт»,-деп толғана­ды.
Бүгінде қазақ жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны мен ары. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт-дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың бет-бейнесіне айналады.
Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.
Сөз зер­гері Ғ.Мүсіреповтің «Ана тілі дегеніміз – сол тілді жа­саған, жасап келе жатқан халықтың мәң­гілігінің мәңгілік мә­селесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады»,-деген сөзі көкейде ұялап қалды. Ғ.Мүсірепов бұл ойын «Тіл­ден биік асқар жоқ, тілден ас­қан бай­­лық жоқ, тілден терең теңіз жоқ»,-деп тереңдете түседі.
Жалпы, әр тілдің өзіне тән ішкі қуаты, күші болады. Көп тілді білу – заман талабы. Хәкім Абай: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді»,-десе, «Қанша тіл білсең – сонша рет сен адамсың»,-деп А.П.Чехов бекер айтпаса керек. Тіл білген адам қор болмайды. Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын көпірдің бірі де осы – тіл. Сол көпірді сақтап қалу үшін бір-бірінің тілін меңгеруі керек. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру.
Сондықтан қазіргі қоғамда көп тілді болу кез келген адамды кең өріске, тың өмірге бастайтын жол деп есептелінбек. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»,-деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, энциклопедист ғалым, әлемде Аристотелден кейін екінші ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін жетік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткендігі бәрімізге мәлім.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда ана тілімен қатар шетел тілін меңгеру – қажет-ақ. Жеткіншек жастардың өз дәрежесінде тұлға болып қалыптасуы, жан-жақты болуы, білімді болуы, қоғамның, өркениеттің болашақта дамуына, алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуына жол ашады. Тіл – мәңгілік құндылық. Сол құндылықтың құны жойылмауына біз сөйлеу мәдениетіңізді қалыптастыру арқылы үлес қосамыз.
А.Сейдуәлі
Түркістан облысы дін істері
басқармасының «Дін мәселелерін
зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

БОЛАШАҒЫНАН КӨП ҮМІТ КҮТЕМІН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Дәcтүpiн дәpiптeгeн eл тoзбaйды

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
10
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.