КЕЛЕС: АҚТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢАРУДА — Төрттаған
Среда, 25 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КЕЛЕС: АҚТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢАРУДА

23.11.2023
Жаңалықтар
0
КЕЛЕС: АҚТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢАРУДА

READ ALSO

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округінің құрамына 14 ауыл кіріп, 25 мыңнан аса халық тұрады. Жергілікті халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жыл сайын әлеуметтік нысандар салынып, көшелер жөндеуден өтуде. Атап айтқанда Қияжол елді мекені Қаңағат көшесіне 1,8 шақырым электр желісі бағаналары және 1 дана трансформатор, Құйған елді мекені Шекара, Балықшылар және Қазына көшелеріне жалпы 3 шақырым электр желісі бағаналары мен 2 дана трансформатор орнату жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Бозсу елді мекеніндегі Жаңалық, Денсаулық, Жаңағасыр көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 8,2 шақырым жол орта жөндеуден өтіп, пайдалануға берілетін болады. Ал, Жуантөбе елді мекеніндегі Ақдала көшесі бойындағы көпірді ағымдағы жөндеу жұмыстары демеушілер тарапынан ұйымдастырылып, ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілді. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.
— Ақтөбе ауылдық округі ауданымыздағы даму перспективасы жоғары өңірлердің бірі. Мұнда еліміздегі ірі жүк өткізуге арналған Б.Қонысбаев кеден бекеті орналасқан. Алдағы уақытта көлік қозғалысы үшін автомагистрал және темір жол рельысі түсуі көзделген. Жергілікті тұрғындарды қолайлы инфрақұрылым және әлеуметтік нысандармен қамту үшін биыл екі мектептің құрылысы басталса, келер жылы тағы екі мектеп салынуы жоспарлануда. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы саласын өркендету үшін каналдар мен қашыртқыларды тазалап, «Оймауыт» магистралдық каналында орнатылған тоғанды жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарға енгізіп отырмыз, — деді аудан әкімі өз баяндамасында.
Аудан әкімі Жәнібек Есенұлы өз мәлімдемесінде Ынтымақ және Жаңадәуір елді мекендеріне медициналық пункт салу үшін қажетті құжаттары дайындалып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданғанғанын жеткізді. Сонымен қатар, Жуантөбе, Кеңдала, Жаңадәуір, Көгерту, Ақжар, Ескіқорған, Құйған, Қияжол елді мекендерге таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп жатқандығын айтып, тиісті жұмыстар атқарылатын атап өтті.
Алдағы уақытта тұрғындар сұранысы негізінде Жаңадәуір елді мекеніндегі Мектеп көшесі мен Қаратөбе және Ғ.Мұратбаев елді мекендері арасындағы аудандық маңызы бар жолдар орта жөгндеуден өткізілмек. Ал, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру үшін Ақтөбе ауылдық округінен «Тамсан-БТА 2023» өнідірістік кооперативі (балық шаруашылығы және мал шаруашылығын дамыту) құрылды. Қазіргі таңда 77 азамат несие алуға қызығушылық танытып, кооператив мүшесі болып тіркелген. Оның ішінде 18 азамат 112 млн теңге қаржы алды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕЛЕС: АУЫЛДЫҢ АБАТТАНУЫНА ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ АТСАЛЫСУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БОЛАШАҒЫНАН КӨП ҮМІТ КҮТЕМІН

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі: зейнетақы жинақтарын ерте қалыптастырудың және зейнетақы жарналарының тұрақтылығының маңыздылығы

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Начисленный инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев составил 2,28 трлн тенге

17.03.2026
5
Жаңалықтар

Как вернуть пенсионные накопления из доверительного управления УИП под управление Национального Банка Республики Казахстан?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Обзор инвестиционного портфеля под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 февраля 2026 года

17.03.2026
14

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
451

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
280
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
212

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.