ТҮРКІСТАН: «ҚЫРЫҚ ҚЫЗ» – ТАҢҒАЖАЙЫП ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШІ — Төрттаған
Четверг, 28 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

ТҮРКІСТАН: «ҚЫРЫҚ ҚЫЗ» – ТАҢҒАЖАЙЫП ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШІ

08.11.2023
Руханият
0
ТҮРКІСТАН: «ҚЫРЫҚ ҚЫЗ» – ТАҢҒАЖАЙЫП ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

«Қырық қыз» жырының сонау ерте замандардағы оқиғалардың негізінде пайда болғанын ескерсек, оны қазақ, қарақалпақ халқының ақын-жыраулары бірдей жырлап, дәріптеуі заңдылық. Өйткені аталған екі халық қашаннан бірге келе жатқан, қонысы ортақ, тарихы тамырлас халықтар. Сондықтан екі халыққа да «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Едіге» сынды жырлар мен Сыпыра жырау, Асан қайғы секілді әйгілі ақындар ортақ тұлға саналады.

1980 жылы жарық көрген «Қарақалпақ фольклоры» көп томдығының VI томы қаһармандық эпос «Қырық қыз» жырына арналды. Мұның алғысөзін жазған профессор Қабыл Мақсетов: «Қазақ және қарақалпақ халықтарының ежелден келе жатқан тарихи тағдыры, мәдени байланысы, әдет-ғұрып, тіл жақындығы арқасында екі халыққа ортақ ауыз әдебиеті дүниеге келді. Аңыз-әңгіме, ертегілерден кейбір варианттық, версиялық айырымдарына қарамастан, бір-біріне ұқсас немесе мазмұны бірдей дүниелерді кездестіруге болады» деп екі халықтың әдеби байланысын сөз ете келіп: «Қырық қыз» дастанының пайда болуы және қалыптасуы Хорезм оазисінде жасаушы халықтардың тарихымен тығыз байланысты. Ежелгі дәуірлерде, сондай-ақ орта ғасырларда түркі тайпаларының бай эпосы болғанына ешкім күмән келтірмейді» дейді. Халық мұраларын жинаушы фольклоршы-ғалым Қыдырәлі Саттаровтың: «Қазақтың «Қырық қыз» жыры алғашында ертегі, аңыз түрінде ауызша әңгімеленіп, ән, өлеңмен айтылып жүріп, бірте-бірте жырға ұласқан көп ғасырлық туынды» деген пікірі де аталған жырдың ерте дәуірде пайда болғаны туралы тұжырымды қуаттайды. Ал академик И.Сағитов, Л.Климовичтер мақалаларында «Қырық қыз» жырының пайда болуы дәуіріне тоқталып, идеялық мазмұнына, көркемдік ерекшеліктеріне қарап, ХVII-ХVIII ғасырларда пайда болған деген пікір айтады.

Жалпы, қырық санының ұғымы қазақ арасында ежелден айтылып келеді. Академик Әлкей Марғұланның «қырық» халыққа дәстүр болған киелі сан – күштіліктің, беріктіктің белгісі, түу баста ру басыларының бір мықты адамның төңірегіне топталып біріккен тобы «қырық рулы ел», кейінірек феодал дәуіріндегі «қырық нөкер», «қырық дос», «қырық шора», «қырық уәзір» деген пікірі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен рухани өміріндегі «қырық» ұғымының маңызын айшықтайды. Сонымен қатар «ханда қырық кісінің ақылы бар», «қырыққа келмей нырыққа келмес» сынды мақал-мәтелдер, қаһармандық жырларда кездесетін «Қырық шілтен», «Қырымның қырық батыры» ұғымдары, бесқалалық ақын Тілеумағамбет Аманжолұлы жазған «Асау-Барақ» жырында Барақ батырдың қалмақ елін шабуға қырық жігітпен баруы тәрізді сюжеттердің кездесуінен қазақ халқында қырық санына ерекше мән берілгенін көреміз.

Қырық саны қазақ халқына ғана емес, жалпы, түркі жұртына ортақ ұғым. Ортағасырлық оқиғаларды суреттейтін «Қорқыт» жырының бір тарауы болған «Тоқақожаұғлы ер Домрул» жырында да қырық жігіт кездессе, қырғыздар жырлайтын атақты «Манаста» батыр қырық жорасымен жүреді. Қазақ арасында «Қорқыт және қырық қыз» сынды хикаялар бар. Мұның бір нұсқасын Әбубәкір Диваев 1920-1921 жылдары Жетісу мен Сырдария өлкесін зерттегенде жазып алған.

Академик Әлкей Марғұлан да Қорқыттың қобызын тыңдауға Сыр бойының қалаларынан қырық қыздың келгенін баяндайтын аңыз туралы жазады.

Қазақ, қарақалпақ, қырғыз жерлерінде «қырық қызға» байланысты географиялық атаулар да кездеседі. Қырғыздар арасында Нарын облысының Жұмғал ауданы мен Қошқарата тауының ортасында орналасқан Мұзарт тауына қатысты «Қырық қыз» аңызы айтылады.

Түркістан облысының Қазығұрт өңірінде «Қырық қыз» аталатын табиғи ескерткіш бар. Аңыз бойынша, ескерткіштер тасқа айналған қырық қыздың бейнесі. Белгілі мифолог ғалым Серікбол Қондыбай солтүстік Үстіртте де «Қырық қыз» атты жер атауының бар екенін айтады.

Қарақалпақстанда «Қырық қыз» атты елді мекендер Қоңырат, Беруни аудандарында кездеседі. Бұдан бөлек, ертеден жеткен ондаған тарихи қалалардың да бірі «Қырық қыз» деп аталады. Бұл жөнінде белгілі ақын, журналист Ахмет Өмірзақ халықаралық «Түркістан» газетіне жариялаған «Қырыққызқала – ерлікке қойылған ескерткіш» атты мақаласында тарқатып жазған болатын. Мақалада автор: «1938 жылы ежелгі Хорезм мемлекеті аймағында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілу барысында, Қарақалпақстанның Беруни қаласынан 27 шақырым солтүстікте (қазіргі Еллікқала ауданы, «Қырыққыз» фермер шаруашылық бірлестігі аймағында) біздің дәуіріміздің ІІІ-VI ғасырына жататын және сол дәуірде адамдар тұрған Қырыққызқала атты қалашық табылды. Қаланы зерттеген ғалымдар «Қырыққызқала» қорғаныс қамалы болған және Хорезм мемлекетінің солтүстік-шығыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін салынған» деген байламға келді» деген мәліметтер келтірген.

Қаһармандық эпостар халықтың рухын көтеріп, ұрпақ тәрбиесінде маңызды қызмет атқарып келді. «Қырық қыз» жырының идеясы да ел мен жерді қорғау, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бұл жырдың басқа батырлар жырларынан ерекшелігі – мұнда елді жаудан қорғап, ерлік көрсететін басты кейіпкерлердің қыздар қауымынан болуы.

Қазақ халқы өз тарихында батыр қыздарға кенде емес. Ертедегі Томирис ханшайымды айтпағанда, ХVІІІ ғасырдағы қазақ-қалмақ соғысында ерлігімен ел есінде қалған Гауһар, Назым батырлар, Абылай ханның барлаушыларының басшысы болған Айбике ару, Кенесары ханмен бірге ірі шайқастарға қатысқан Бопай ханшайым, Ресей патшалығына қарсы көтерілістерде қаһармандық танытқан Сапура батыр, Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атанған Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, кешегі Желтоқсан көтерілісінің батырлары Ләззат пен Сәбира тәрізді қыздарымыз сөзіміздің дәлелі. Яғни ел басына қауіп төнгенде қазақ жастары ұл-қыз деп бөлінбей, қатар атқа қонған.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ШАҺАР МӘДЕНИЕТІНЕ СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН ҚАЙСАР ЖАН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИЕТ ҮЙІ – ӨНЕР МЕН ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Руханият

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

13.09.2024
14
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
100
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
33
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»
Руханият

ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»

07.12.2023
31

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.