ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИЕТ ҮЙІ – ӨНЕР МЕН ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ — Төрттаған
Вторник, 10 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИЕТ ҮЙІ – ӨНЕР МЕН ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ

08.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИЕТ ҮЙІ – ӨНЕР МЕН ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ

READ ALSO

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

«Елге ел қосылса құт» деген халқымыз, Түркістан қалалық мәдениет үйі өз қызметіне қалалық шаралармен бірге облыстық шараларды да бірге алып жүргізуде. Өйткені, қаланың мәдениет қызметкерлері қай жағынан алса да, күн демей түн демей, әруақытта қызметке дайын екендіктерін көрсетіп келеді.

Облыстық мәдениет пен өнер саласы өкілдері келіп басшылық жасаса да Түркістан қалалық мәдениет үйі сол барлық іс-шаралар мен жұмыстардың басы-қасында болып, тіпті ауыртпалық кезеңдерді де бірдей көтере білді. Атап айтсақ, гүл шоқтарымен әсем қыздарды салтанатқа дайындау (кемінде 100 қыз бен 100 жігіттен тұратын), өтетін орындардың безендірілуі, баннерлер ілу, түрлі –түсті заттармен көркемдеп сәндеу, гүлдер, жалаулар, ленталар, шарлар декорациялық заттармен және тағы басқа керекті көркемдік үгіт насихаттық құралдармен қамтамасыз етті. Сонымен бірге қала жастарын мәдени шараға біркісідей жұмылдыруда жетекшілік жасап келеді.

Қызметіміз облыс орталығы болғанда да өз жалғасымен жалғасып келе жатыр. Олай дейтін себебіміз, Түркістанға алыс-жақын шетелдерден, еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтарды қарсы алуда және халықаралық, облыстық, қалалық шараларда түркістандықтардың өз күшімен атқарылып жатқан істері айқын. Соның ішінде қалалық мәдениет үйі қызметінің шоқтығы биік десек тағы да артық емес.

Жүйелі түрде атқарылып жатқан жұмыстардың ең бастыларына тоқталар болсақ, ақын, жазушы Нұрмахан Назаровтың «Түркістанға тағзым», «Тұңғыш қазақ елшісі», кітаптарының тұсаукесері мен 75 жылдық мерейтойы шарасы, «Түлей бер, түркі әлемінің Түркістаны» облыстық мемлекеттік қызметшілерге арналған, «Спорт күні», «Жомарт жүрек» лауреаттарын құттықтау рәсімі, «Денсаулық фестивалі», «Мәңгілік елдің-Мәңгілік тілі», «Тіл халықтың -қазынасы», «Отбасым- шуағым», «Туған жер-алтын бесігім» байқаулары мен шаралары және мерекелік, қайырымдылық концерттері, «Шұғыла» халықтық үгіт бригадасы мен театрының қойылымдары.

«Армандар орындалады» атты шоу-концерті, «халықтық» атағы бар ұжымдардың есепті концерті, халық театры ақын, жазушы Елтай Бимаханбетұлының «Өлімнен ұят күшті» драмасы, «Шұғыла» халықтық мәдени-үгіт бригадасының «Қазақстан – қара шаңырақ» қойылымы қойылды. Мұқағали қазынасы» атты думанды-саз кеші, «Жас толқын-Ұлы Дала әні» аймақтық эстрада әншілері байқауы, «Бабалар рухы үн қатты» дәстүрлі термешілер байқауы, «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» қолөнер шеберлері облыстық фестивалінің салтанатты іс-шарасына қалалық Мәдениет үйі ерекше атсалысып, Түркістанның қолөнершілерінің көрмесіне көрініс пен әндер дайындады.

Бекзат Саттархановтың туылған күніне «Бекзат-жарқ еткен жұлдыз» атты мәдени шара, «Сырлы би толқыны» дәстүрлі бишілер байқауы, «Түркістан- қауіпсіз қала» мақаласы аясында «Түркістан-Ер Түріктің бесігі» атты ән-жыр кеші, «Маскүнемдікке және есірткіге қарсы күрес» драмалық қойылым және плакаттар байқауын өткізіп, «Ерте солған жапырақ тағдыр» қойылымы көрсетілді.

«Домбыра – асыл мұрамыз» мәдени-танымдық шара, «Бірге – таза Қазақстан» акциясында «Шұғыла» халықтық мәдени үгіт тобы өнер көрсетті. Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңына арналған Көркем сөз оқу шеберлері байқауы, оған Халық театры Абайдың әр шақтары жайлы көрініс қойды.

Сонымен қатар, С.Қожановқа арналған салтанатты шарада «Бес арыс» қойылымымен «Шұғыла» халықтық үгіт бригадасы өнер көрсетіп қайтты. Бірі көзге көрінеді, бірі көзге көрінбес, бірақ мәдениет үйі өз қызметін адал, әрі кәсіби түрде атқарып келеді. Түркістанның өнері мен мәдениеті, облыс орталығы атанбай тұрғанда-ақ дүркіреп, өнерпаздары биік бәйгелерде көрінді. Бұған Түркістан қалалық мәдениет үйінің ықпалы зор болса, қала әкімдігі мәдениет үйіне қолдау көрсетіп отырады. Тарихи Түркістанмен бірге жасасып келе жатқан қалалық мәдениет үйінің еңбектері тарих беттерінде жазулы.

Қалалық мәдениет үйінде заманауи бүгінгі талапқа сай мәдени қызмет түрлері де қалыптасқан. Атап айтсақ, интернет жүйесі арқылы шетелдермен байланысуда. Өнерпаздарымыз әлемдік мәдениетті үйренуде, атап айтсақ, италянша, ағылшынша, түрікше, орысша ән салу мен классикалық, эстрадалық жанрда өнер көрсетуге өз кәсібиліктерін әрдайым шығармашылық ізденіспен шыңдап отырады. Түркістанның рухани атына сай еңбек ету басты мақсатында ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді ең бірінші орында ұстаймыз.

Мәдениет қызметкерлері қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысып келеді. Қаланың тазалық жұмыстары, ұйымдастыру әсіресе облыстық деңгейдегі шаралар мәдениет үйінің бастауымен, араласуымен және бүкіл жауапкершілігін алуымен жүргізіліп жатады.

Мәдениет үйі – өнер мен еңбектің үлгісі деп мақтайтын дәрежеде екеніне халық және қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері куә.

Л.ШӘМЕТ,

Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры, ҚР Мәдениет қайраткері.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: «ҚЫРЫҚ ҚЫЗ» – ТАҢҒАЖАЙЫП ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЕРЕКШЕ БАЛА- БОЛАШАҚ ДАНА

Оқи отырыңызМақалалар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12
ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА «АЛТЫН КҮЗ ӘУЕНДЕРІ» ӘУЕЛЕДІ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА «АЛТЫН КҮЗ ӘУЕНДЕРІ» ӘУЕЛЕДІ

05.09.2024
7
ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

23.08.2024
3
«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

21.08.2024
3
ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

10.08.2024
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.