Саябақ – жанға сая — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Саябақ – жанға сая

08.11.2023
Қоғам
0
Саябақ – жанға сая

Жуырда «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы жарияланды. Құжат Ұлттық экономика министрлігінің бастамасымен әзірленіп, 23 тамызға дейін талқылауға ұсынылған. Заң жобасы киелі қаланың өркендеуіне тигізер әсері жөнінде әлі талай ақтарып айтарымыз анық. Осы аталған заң жобасының ішінде ерекше еленетіні мәдени және діни мұраны қолдау, қасиетті орындар мен көрікті жерлерді сақтау және қорғау деген тармақ болып тұр. Бұл дегеніңіз, қасиетті мекендегі тарихи маңызы зор орындар мен біз сөз еткелі отырған саялы нысандардың күтімі мен оның санын арттыра түсуге жол ашатын жоба деп қарастырсақ қателеспеспіз. Осы орайда, 2022 жылы пайдалануға берілген «Денсаулық» саябағы жайында сөз қозғай кеткенді жөн көріп отырмыз.

«Қалалық инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің» тапсырысымен құрылыс жұмыстары жүргізілген нысанға «Мрамор Гранит Тас» ЖШС мердігерлік еткен. Қазіргі таңда күтіп ұстау жұмыстарын «Жасыл Түркістан» КММ атқарып келеді. Жоба құны 3,0 миллион теңгеге бағаланған баққа 531 түп ағаш егілген. Жалпы аумағы 1,01 гектарды алып жатқан жасыл желек «Түркістан қалалық модульді аурухана» маңында орын тебуінде үлкен мән бар. Себебі, дәл осы денсаулық сақтау мекемесінде дертіне шипа іздеген жандардың бір сәт бой жазып, саялы мекенде демалуына таптырмас орын. Бұл ретте «Денсаулық» саябағы – осындай күрделі міндетті, жауапкершілікті абыроймен арқалап келе жатқан ақ халаттыларға көрсетілген құрмет және қолдау деп санауға болады.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Жалпы аталған саябақта 19 542,5 шаршы метр аумаққа газон төселген. 10 субұрқақ жаздың аптап ыстығында көлеңке іздеп теңселген әрбір жан үшін таптырмас олжа. 2 үлкен жарық шамдары саябақтың кешкі көрінісін де әрлей түскен. Кешкі уақытта серуендегенді жақсы көретін тұрғындардың бірі Жалғас Қасымбек. Ол әсем саябақ жайында былай дейді:

«- Осы маңда тұрып жатқаныма он шақты жылдан асты. Біз алғашқы көшіп келген кезде бұл жерде ештеңе жоқ еді. Қаланың сырт жағы болатын. Облыс орталығы атанғалы бері төрт жолақты үлкен жол салынып, көше толықтай жарықтандырылған болатын. Өткен жылдан бері кешкі серуен құратын саябақ та ашылды. Әсіресе, бұл жерге балаларымды алып келгенді жақсы көремін. Ауасы таза, қыдыруға қолайлы жер.» – дейді шаһар тұрғыны.

Иә, бұл саябақта балаларға арналған ойын алаңы да бар. 101 орындық пен 101 қоқыс жәшігі келушілер үшін қолайлы. Жалпы, «Денсаулық» саябағы қала үшін аса маңызды аумақта орын тепкен. Ол «Ортақ» мөлтекауданы мен Жаңа қала аудандарын тікелей жалғап тұрған аралық. Сондықтан, бұл маңдарда жаңа нысандардың бой көтеруі орынды. Бұл қала тұрғындарының ойы.

«-Осы демалыс орнына келгенді отбасымызбен жақсы көреміз. Жасыл желек, ойын алаңшасы, субұрқақтар мен егілген ағаштар ерекше әсер береді. Сөздің шыны керек, Түркістанның облыс орталығы болғанын осы саябақ ашылған кезде сезіндік»- деп пікір білдірді Еркін Кеулімжаев.

Түрленген Түркістан түркі жұртының рухани астанасы. Сондықтан, мұндағы әрбір бой көтерген нысан өзіндік биік бағасын алуға міндетті. Бүгінгі сөз қылған «Денсаулық» саябағы да шаһар тарихынан тиісті бағасын алады деп сенеміз. Мақаламыздың басында сөз еткендей, заң жобасында ойып тұрып орын алған көрікті жерлер қатарын арттырып, оның одан әрі әсемдене түсуі бәрімізге ортақ міндет.

Д.ТӨЛЕГЕНОВ.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ҚОЛӨНЕР – ЭТНОМӘДЕНИЕТ ҚАЗЫНАСЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қолөнер — сырлы өнер

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.