Жастарымыз жалындап жүрсін десек… — Төрттаған
Суббота, 23 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жастарымыз жалындап жүрсін десек…

23.10.2023
Жаңалықтар
0
Жастарымыз жалындап жүрсін десек…

Бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты басымды­қтарының бірі болып табылады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табыстарға жете алады. Жастардың инновациялық әлеуетін тиімді пайдалана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Сондықтан да елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге араластыру мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып келеді.
Қазақстанның болашақтағы даму жолы жас ұрпақпен тікелей байланысты. Бұл туралы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев «Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады. Ұлт болашағы – білімді, бәсекеге қабілетті жас ұрпақтың қолында!» деген болатын. Сондықтан, жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқаратынын негізге алып, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Бұған дейін де елімізде жүргізіліп отырған жастар саясаты бойынша жастарға үнемі қамқорлық, білімді жастарға қолдау көрсетіліп келген. Бұл айтылғандар таңдап алынған  тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Бұл мақалада мен жастардың рухани, мәдени білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін елімізде қандай жағдайлар жасалынып, қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айта кетсем деймін.
Тұрғындарды еңбекпен қамту, оның ішінде жастарды жұмысқа орналастыру арқылы қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға болады. Осы мақсатта ҚР Үкіметінің бағдарламаларын уақтылы орындау маңызды. Сондықтан  Қазақстан жағдайында мемлекеттік әлеуметтік саясатты жетілдіру үшін «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасы маңызды құжат болып саналады. Осы бағдарламада көрсетілген атқарылуға тиісті жұмыстардың барлық деңгейде орындалуы жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге, әлеуметтік саясатты жетілдіруге негіз болмақ.
Елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы белгілі. Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысына жеңілдік беру, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікпен ипотекалық несиелеу, жас мамандарды жұмыспен қамтудағы жеңілдіктер, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көрсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады.
Жастар жылына орай өткен жылы Түркістан шаһарында еліміздегі ең алғашқы көп функционалды жастар орталығы ашылды. Бұл орталықтың міндеті – жастарды білімге, ғылымға, инновациялық жобаларға бағыттау, оларды оқытып, үйрету. Орталық жастардың барлығына заманауи үлгіде жабдықталған, тегін вай-фай, ғаламтор сынды қажеттіліктермен қамтамасыз етілген «Сo-working» орталығы, яғни арнайы жұмыс алаңы қызметін бастады. Кез келген жас азамат осы Түркістан қаласында өз ісін ашып, кәсіпкер болғысы келсе, қымбат кеңсе жалдаудың қажеті жоқ, осы жерден оған тегін жұмыс орны беріледі. Яғни, жастар орталығы жастардың кәсібінің аяққа тұрып, дамып кетуіне атсалысатын болады. Айта кету керек, облыстық Жастар ресурстық орталығына үш қабатты 1500 шаршы метрлік ғимарат беріліп, жастар үшін барлық жағдай жасалуда. Орталық жанында IT park, «Сo-working» орталығы, «Жастарды кәсіпкерлікке бейімдеу» бөлімі, «Саяхатшылар қауымдастығы» және еріктілер тобының бөлімі жұмыс істей бастады. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы жастардың шет тілін жетік меңгеруі үшін аталған көп функционалды орталықта шет тілдер мектебі тегін жұмыс істейді. Онда бірінші кезекте ағылшын, орыс, түрік, қытай тілдері үйретіледі. Сондай-ақ, ауылды жерлерден дарынды жастарды іздестіріп, оларды білімге тартып,  қазіргі заманауи талаптарға сай коммерцияландыруға бейімдеу қажет, орталық осы мәселелерді шешуге жағдай жасайды.
Жалпы, мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік тудыруы тиіс. Жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, өз халқы мен Отанына пайда келтіретіндей азаматтар болуы тиіс. Халыққа пайда келтіру үшін жастардың қазіргі уақыт талаптарына сай кәсіптік білімі, дені сау, әрі адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, патриот және әлеуметтік тұрғыдан жауапкершілігі мол болуы тиіс.
Бүгінде Түркістан облысында жастардың саны 501 мыңнан асады. Оның ішінде қала жастары – 86 416, ауыл жастары – 414 953.
Қазіргі кезде қоғамда NEET жастар деген ұғым қалыптасты. Олар еш жерде оқымайтын, еш жерде жұмыс істемейтін жас­тар санатында. Осы санаттағы жастардың көрсеткіші өңірімізде 10,7 пайызды құрап отыр. Өткен жылы өңірде 19 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, 266 жұмыс берушіден 953 бос жұмыс орындарына ұсыныс түсіпті. Нәтижесінде 102 жас тұрақты жұмысқа орналасқан. «Серпін-2050» бағдарламасына 9 313 жас қамтылды. Бұл республика бойынша білім алып жатқан жастардың 50 пайыздан астамын құрайды. Осы бағдарлама аясында 440 жас оқуын бітірді. Оның ішінде 63,3 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. Облыс әкімдігінің мәліметінше,  «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын   1275 жас жұмыспен қамтылуда. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 913 жас маман жұмысқа орналасып, 314 маман баспаналы болды.Жастарды жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты төмендетуде білім деңгейі маңызды рөл ойнайды.  Тәжірибеге сүйенсек, жоғары білім салыстырмалы түрде жоғары табыс, жақсы жұмыс табуға мүмкіндік береді.
Осы орайда, 2021 жылдың соңындағы дерек бойынша, Қазақстандағы жұмыс істеп жүрген 2,1 миллион жастың жоғары білімі бар, яғни, ел жастарының 60 пайызы жоғары оқу орнын бітірген.  Жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар жастардың арасында жұмыссыздық деңгейі – 3,3%, орта және кәсіптік (арнайы) білімге ие жастар – 4,2%, ал, негізгі, орта, жалпы, бастауыш білімге ие жастардың арасында жұмыссыздық – 4,8 пайызды құрайды.
Жұмыссыз жүрген жастар – халықтың ең әлжуаз, осал буыны, ол қоғам мен мемлекетке үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Жастардың жағдайы мен көңіл-күйіне бірінші кезекте еңбек нарығында жұмыс орындарының жетіспеушілігі әсер етеді. Жастар әрқашан «дүниеге кірпіш болып қалануға» ұмтылады, алайда, кейде өмірден өз орнын таба алмай жатады. Осыдан келіп қоғамнан жырақтау, суицидке бейімдік секілді проблемалар туындайды.
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың тағы да бір қауіпті жағы – жұмыссыз жастардың экстремистік және террористік топтарға тез еріп кететіндігі. Бүгінде халықтың осал топтарын, әсіресе жұмыссыз жастарды деструктивті құрылымдарға әлеуметтік желі  немесе қолма-қол қаржылай көмек көрсету арқылы тартудың түрлі тәсілдері бар.
Тағы да бір айта кететін мәселе, өкінішке қарай, білімді жастар көбіне мемлекеттік қызметті емес, бизнес саласын таңдап немесе шет елдерге ақша табуға кетіп жатыр. ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің ақпараты бойынша, 2022 жылы елімізден кеткен 40 мыңға жуық адамның 10250-інің кемінде магистр академиялық дәрежесі бар. Олардың қатарында білікті техникалық мамандар, таңдаулы дәрігерлер, заңгерлер, экономистер, сәулетшілер мен құрылысшылар бар. Осылайша, еліміздің болашағына елеулі үлес қоса алатын ақыл-ой иелері сыртқа кетіп жатыр.
Мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарының бірі – еліміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуына үлес қосуға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға тәрбиелеу. Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік беруі тиіс.
Әлемдік зерттеулерге сүйенетін болсақ, жастар жасының төменгі шегін анықтауда жыныстық жетілуге, жалпы білім алуының аяқталуымен, кәсіптік білім алудың басталу мерзімімен байланыстырылса, ал, жоғарғы шегі адамдағы экономикалық тәуелсіздік, жеке дербестік, қаржы құралына иелік ету сезімдерімен, өз отбасын құру мүмкіндіктерімен байланыстырылады.
Жастар саясатын қалыптастырудың рухани факторлары бос уақытты дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Жастар саясатының негізгі бағыттарының бipi жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жастарға тәрбие беру саласындағы мәселелерді шешу болып табылады. Жастар саясатының мақсаты өciп келе жатқан ұрпақтың рухани даму саласындағы жастардың еркін тұлғасын іске асыру болуға тиіс. Жастар – ел болашағы, байлығы деп айтамыз. Сондықтан біздің М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінде жастарға тереңдетілген білім беріледі. Білікті мамандар мен үздік магистрлер сапалы білім берумен қатар, жаңа технологиялық сабақтар өткізеді. Кез келген қоғамда терең білімі мен іскерлік қабілеті бар жастар ертеңгі күні өз білімдерін еліміздің болашағына жұмсауы тиіс. Бұл орайда жастар саясатын іске асыруға бағытталған барлық бағдарламаларды жастар арасында белсенді насихаттау керек деп ойлаймын.

Д. НҰРЛЫБЕК,
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің Қазақстан тарихы пәні оқытушысы, саясаттанушы, магистр үздігі.

READ ALSO

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда

Казахстан и Монголия устанавливают сотрудничество в пенсионной сфере

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЖОЛДАУ – ХАЛЫҚҚА ЖОСПАРДЫ ЖЕТКІЗУ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ел әлеуетін арттыруға жаңа бағыт береді

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда

20.05.2026
5
Жаңалықтар

Казахстан и Монголия устанавливают сотрудничество в пенсионной сфере

20.05.2026
5
Жаңалықтар

Единый накопительный пенсионный фонд (Фонд/ЕНПФ) предоставляет различные услуги казахстанцам в цифровом формате и продолжает их развивать, адаптируясь к потребностям клиентов. Эти сервисы помогают гражданам планировать финансовое будущее, формируя пенсионный капитал. Их доступность на сайте и в мобильном приложении в режиме 24/7 является важным условием роста интереса вкладчиков. За период с 01.01.2026 г. по 31.03.2026 г. Фондом оказано населению 17,7 млн услуг. Из их общего количества 8,6 млн проведено в электронном формате, в автоматическом – 8,8 млн. Таким образом, доля услуг в автоматическом, электронном и удаленном форматах составила 98,9 % от общего количества. В очном формате было оказано 200,9 тыс. услуг, в том числе непосредственно в офисах Фонда 194,9 тыс. Напомним, что все пенсионные счета открываются в ЕНПФ автоматически при поступлении первого взноса. Также автоматически начисляются целевые требования гражданам Республики Казахстан, не достигшим 18-ти лет, и открываются целевые накопительные счета (ЦНС) для учета и выплаты целевых накоплений совершеннолетним получателям целевых накоплений в рамках программы «Нацфонд – детям». Всего за отчетный период общее количество открытых в автоматическом режиме индивидуальных пенсионных счетов (ИПС) по всем видам индивидуальных пенсионных взносов, а также условных пенсионных счетов (УПС) для учета обязательных пенсионных взносов работодателя (ОПВР), перечисленных работодателем за счет собственных средств, и целевых накопительных счетов (ЦНС, открываемых для учета и выплаты целевых накоплений получателям целевых накоплений в рамках программы «Нацфонд-детям») составило 690,4 тыс. единиц. По-прежнему самой популярной услугой является получение выписки с ИПС, УПС и ЦНС. С начала года по всем видам счетов было выдано более 9,0 млн выписок, из которых 8,0 млн — в электронном виде и 956,4 млн выписок — в автоматическом режиме. ЕНПФ напоминает, что получение информации о состоянии счетов через личный кабинет — это самый удобный, надежный и оперативный способ контроля своих пенсионных накоплений. Сервис работает в режиме онлайн круглосуточно (24/7), что позволяет получать актуальную информацию в любое время и из любой точки мира. Информация о состоянии счетов доступна не только через мобильное приложение ЕНПФ и личный кабинет на сайте ЕНПФ, но и через портал egov.kz или мобильное приложение электронного правительства. Это дает дополнительные удобства для пользователей, предпочитающих взаимодействовать с государственными сервисами через единые платформы. Вместе с тем, получение информации о состоянии пенсионных накоплений по почте по-прежнему возможно при подаче соответствующего запроса на адрес ЕНПФ. Кроме получения выписки в личном кабинете на сайте и в мобильном приложении вкладчики (получатели) имеют возможность воспользоваться такими услугами, как внесение изменений и дополнений в свои реквизиты, получение справки о наличии счетов, подача заявления о назначении пенсионных выплат в связи с установлением инвалидности 1 или 2 группы бессрочно или в связи с достижением пятидесятилетнего возраста за счет добровольных пенсионных взносов, отслеживание статуса заявления на выплату, перевод части пенсионных накоплений управляющим инвестиционным портфелем (УИП), прогнозный расчет будущей пенсии с помощью пенсионного калькулятора и т.д.. На изменение реквизитов за 3 месяца с начала 2026 г. было принято 28,4 тыс. заявлений, из них 26,6 тыс. – в офисах Фонда. Обращаясь за той или иной услугой к специалистам ЕНПФ, вкладчики, как правило, получают дополнительные консультации и советы по формированию сбережений. В рамках информационно-разъяснительной работы проведено 14,7 тыс. выездных презентаций, на которых присутствовало 296,0 тыс. человек. Количество материалов, размещенных по сообщениям ЕНПФ в средствах массовой информации, составило 9,9 тыс. Количество поступивших обращений вкладчиков и получателей по каналам обратной связи (Call-центр, консультации через веб-сайт, мессенджеры, социальные сети и другие каналы связи) составило 115,5 тыс. Напомним, что любая компания может подать заявку на проведение презентации и консультаций по вопросам накопительной пенсионной системы с выездом в офис, для чего нужно просто позвонить в call-центр по номеру 1418 или обратиться через сайт или мобильное приложение Фонда. Консультационные услуги ЕНПФ можно получить посредством мессенджеров (чат-бота в WhatsАpp и Viber по номеру +7 777 000 14 18), call-центра по номеру 1418 (звонок по Казахстану бесплатный), на корпоративном сайте enpf.kz, а также на официальных страницах ЕНПФ в социальных сетях Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники. ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных пенсионных взносов работодателя, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, а также зачисление и учет добровольных пенсионных взносов, сформированных за счет невостребованной суммы гарантийного возмещения по гарантируемому депозиту, перечисленной организацией, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан», обеспечивает осуществление пенсионных выплат. Также Фонд осуществляет учет целевых активов и целевых требований, учет и зачисление целевых накоплений (ЦН) на целевые накопительные счета, выплат ЦН их получателю на банковские счета, учет возвратов ЦН в порядке, определенном Правительством Республики Казахстан в рамках программы «Национальный фонд – детям». (Подробнее на www.enpf.kz).

20.05.2026
9
Жаңалықтар

Более 98% услуг, оказанных ЕНПФ с начала года, проведено в цифровом формате

20.05.2026
5
Жаңалықтар

Қазақстандықтарға 2026 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кіріс 307 млрд теңгеден асты

20.05.2026
5
Жаңалықтар

Начисленный инвестиционный доход казахстанцев за 3 месяца 2026 года превысил 307 млрд тенге

20.05.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
291
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
217

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.