ЖЕТІСАЙДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ — Төрттаған
Пятница, 9 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ЖЕТІСАЙДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

10.11.2023
Қоғам
0
ЖЕТІСАЙДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылдық округіндегі «Рәміздер» алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Алдымен Әнұран шырқалып, Көк байрақ желбіреді. Салтанатты жиынға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы, ел ағалары, ардагерлер мен жастар, аудан тұрғындары қатысты.
Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, отаншылдықты дәріптейтін әндер шырқалды. Іс-шара «Көк тудың желбірегені» әнімен түйінделіп, жетісайлықтар бір-бірін мерекемен құттықтады.
Былтырдан бастап Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Бұл – тәуелсіз еліміз үшін маңызды шешімдердің бірі. Республика күні – қазақ халқының мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Бұл декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы болды. Декларация арқылы Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, саяси жолы бекітілді. Сондықтан да Респубика күнін елдің еңсесін көтеріп, отаншылдықты дәріптейтін бастамалармен атап өту – маңызды. Мемлекеттік ту – елдіктің белгісі. Азаттықтың айбары. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – отаншылдық. Былтырдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде ту көтеру рәсімі өтіп келеді.
Биыл да Жетісай жұртшылығы маңызды мерекені жоғары деңгейде атап өтіп, мемлекеттік рәміздер дәріптелді.
Сонымен бірге Мамытов Серік Үсенұлы Жетісай ауданының әкімі аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады:
«Құрметті Отандастар! Баршаңызды 25 қазан – Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан айтулы мереке бәріміз үшін қасиетті де қастерлі.
Ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы бола білген 25 қазан – еліміздің ҚАЗАҚСТАН деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан күні.
Сол сәттен бастап Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие елге айналды. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел болып танылды.
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде мойындатқан Республикамыздың биіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін! Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің болашағы баянды болғай!», делінген құттықтауда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЖЕТІСАЙДА АУДАННЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
9
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
424

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
195
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
154
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.