АУЫЛ МӘДЕНИЕТІ — РУХАНИЯТТЫҢ БАСТАУЫ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

АУЫЛ МӘДЕНИЕТІ — РУХАНИЯТТЫҢ БАСТАУЫ

08.11.2023
Мәдениет
0
АУЫЛ МӘДЕНИЕТІ — РУХАНИЯТТЫҢ БАСТАУЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Туған жерге деген сүйіспеншілік ең әуелі туған өлкеңді абаттандырып, ондағы тарихи, мәдени нысандарды қалпына келтіруден басталатыны анық. Президентіміздің әр Жолдауында ауылдық клубтардың жұмысын нығайтып, ескіріп, тозығы жеткен мәдени ошақтар жаңартылуы керек деген тапсырмасына сәйкес жер-жерде ауқымды жұмыстар жүріп жатқаны белгілі. Бұған ел болып, сіз бен біз болып қуандық. «Тетар-киім ілгіштен басталады» демекші ауыл мәдениеті де клубтан басталады. Кешегі тоқсаныншы жылдардағы қиыншылық кезеңінде қаншама ауылдық клубтар иесіз қалып, жабылды. Тозығы жетіп, топырағы шықты. Ал, дәл қазіргі таңда ел Президентінің сарабдал саясатының арқасында ондай клубтар бірен-саран. Барынша жаңаланған, құрылыс жұмыстары жүргізілген, кейбірі заман талабына сай етіп құрастырылған. Оның өзі қуаныш. Жалпы, мәдениет үйі бүгінгі қариялардың балалық шағының үлкен естелігі. Жанынан сілтең басып өтіп бара жатқан кез-келген қария тоқтай қалып, бейғам балалығын еске алады. «Осында келіп кино көретінбіз, билеп, шат-шадыман болатынбыз. Үнді фильмдерін қарап, ағыл-тегіл жылайтынбыз. «Қыз Жібек пен Төлегенді» көріп, Бекежанды өлгенше қарғайтынбыз» деп жимия күліп, ауыр күрсінеді. Оның өзі үлкен тарих екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.
Елдің сүйікті жазушысы, «Алаш» сыйлығының иегері, Түлкібастың талантты перзенті Мархабат Байғұт бір сұхбатында «Біздің кезімізде мәдениет үйі деген үлкен әрі маңызды мекеме болатын. Ес білетін баланың барлығы сонда жүретін. Кітап оқып, ойын-сауық құрып, асыр салып ойнайтын. Өз басым кітапханаға барып, күллі кітапты оқып тауысып едім. Мен үшін мәдениет клубының орыны ерекше. Журналист болып «Шамшырақ» газетінде жүргенде бір клубқа бара қалдым. Барсам есігінде қап-қара үлкен құлып тұр екен. Денем мұздап, «Мәдениет клубы қара құлыппен» деген мақала жаздым. Содан кейін есігінде құлпы бар клуб кездестірмедім»,- деген еді бір сұхбатында. Иә, мәдениет ошақтары ауылдың қақ ортасында орналасқанының өзінде де үлкен мән бар болар. Өйткені, ауылын азаматына қарап танитын қазақ әдебиетін де, руханиятын да, өнері мен талантын да осы клубтарда нығайтса керек. Бүгінде алып сахналарды табиғи талантымен тамсандырып жүрген кез-келген өнер азаматтарының ең алғашқы сахналары осындай ауылдық клубтардан бастау алса керек. Міне, шын таланттың тамырын кеңейтіп, қанатын қатайтып, үлкен сахналарға жолдаған да осындай шағын клубтар. Ендеше, болашақ өнер майталмандарын дайындап шығаратын ауылдық клубтардың өрісін неге кеңейтпеске? Ауыл балалары мен талантты шәкірттердің жан-жақты әрі заманауи дамуы үшін неге көңіл бөлмеске? Неге түрлі үйірмелерді ашып, балаларды өнерге баулымасқа? Егер біз, қазақы қалпымыздан айнымай, талантты бозбалаларымыздың шабытын шыңдап, шын талантты баптағымыз келсе жұмысты ауылдық клубтарға назар аударудан бастауымыз керек. Сонда ауыл түзеледі, ауылдың түзелгені елдің түзелгені.
Осы тұста Балықты ауылдық мәдениет үйін мысалға алғымыз келіп отыр. 1963 жылы қабырғасы қаланған мәдениет үйінің сырт келбеті жап жаңа болмаса да, көзге жинақы әрі әдемі көрінеді. 2013жылы күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінің аумағы 802 шаршы метрді құрайды. Алыстан қарап-ақ мәдени ошақ екенін аңғаруға болады. Ішіне кіре қалсаңыз, мұнтаздай тазалығы мен хош иісі көңілге ерекше дем береді. Қабырғаларында ілінген өнер майталмандары мен елге еңбегі сіңімді азаматтардың өмірбаяндары мен порттері құдды бір көрмеге әкелгендей сезім сыйлайды. Әдемі ыңғайластырылған әрі тап-таза ғимарат ауыз толтырып айтуға лайық-ақ. 300 орынды қамтитын сахналық залы да анау айтқан заманауи болмаса да өзіндік киесін сақтап тұрғандай. Қандай да бір жиынға, іс-шараға бара қалсақ өнерпаздарының бәрі тамаша дайындықпен талантты қыз-жігіттер екенін аңғартады. Бастысы сахнаның киесін ұғынып, қалай жүріп-тұру керектігін еркін көрсетеді. Қысылу, қымтырылу, көпшіліктен ұялып сөз ұмыту- Балықтының өнерпаздарына жат сияқты. Өйткені, оларды өнерге баулып, өнер майданының қасиеті мен киесін ұғындырып жүрген ұстаздары Рысты Шымырбаева. Нағыз талант иесі балаларды ең әуелі өнерге емес мәдени қалыптасуға қарай тәрбиелеу керек дейді. Сонда ғана бала бойындағы өнер де, рухани даму да өз нәтижесін көрсететін болады деп есептейді.
— Бізде барлық іс-шара толық әрі әдемі, келісті өтеді. Құжатпен өтті, іс жүзінде жоқ деген сияқты түсінік біздің жұмысқа жүрмейді. Елдің руханиятын нығайтып, ауызбіршілігін асқақтатуда мәдениет ошақтарының рөлі зор. Өйткені, біз арқылы ауыл азаматтары мерекелік көңіл күйді сезініп, бір бірімен табысып, көрісіп жатады. Сол үшін де әр сәтімізді ерекше өткізгенді қалаймын. Ауылымызда өнерпаз жастар да жетерлік. Осындай мерекелік іс-шара болып тұр, қалай өткіземіз деген ой тастасақ болды, ары қарай ұршықша иіріп алып кетеді. Мен сонысына қуанамын. Балалардың жан-жақты, талантты әрі белсенді болғаны нұр үстіне нұр боларлықтай дүние ғой. Сондықтан мен бойынан талант байқаған балалардың барлығын ерекше сыйлап, олармен жұмысты әрмен қарай жүргізуге тырысамын. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген мақал бар емес пе? Ауылымыздың азаматтары да өте белсенді. Қандай мерекелік іс шара болмасын ағыла келіп, өнерімізді құрметтеп, шапалағымен, жылы лебіздерімен жанымызды жадыратып отырады. Өнер адамы үшін одан артық не керек? Ұзын саны 4 қызметкер жұмыс жасайды. Дегенмен, біз балалармен “жүзбіз”. Жұмыла көтеріп кез келген іс-шара болсын, жиын болсын күліп ойнап, ұйымшылдықпен атқарып келеміз,- дейді Балықты мәдениет үйінің директоры Рысты Шымырбаева.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қолөнер — сырлы өнер

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ШАҺАР МӘДЕНИЕТІНЕ СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН ҚАЙСАР ЖАН

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.