ҮКІЛІ ҮМІТТІ ЖЕЛБІРЕТІП… — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ҮКІЛІ ҮМІТТІ ЖЕЛБІРЕТІП…

04.11.2023
Мәдениет
0
ҮКІЛІ ҮМІТТІ ЖЕЛБІРЕТІП…

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының директоры Орал Камал мырзамен сұхбат:
— Орал мырза, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ди­ректоры қызметіне тағайындалғаныңызға көп болған жоқ. Дегенмен,театрдың тарихымен, өткен жылдардағы жетістіктерімен танысқан боларсыз?
-Иә. Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында орналасқан. Жетісай театры өз шымылдығын 1969 жылдың 18 қаңтарда қазақ әдебиетінің классигі Б.Майлиннің «Жалбыр» музыкалық драмасымен ашқан болатын. Режиссері Қасымхан Шанин, басты рольде Жеңіс Қарға­баев ойнады. Театрдың ашылуы аудан көле­мінде ғана емес, бүкіл Оңтүстік Қазақстандағы елеулі оқиға болды десек жаңылмаймыз. Жетісай театры Республикамызда өзіндік шы­ғармашылық қолтаңбасы бар, биік көркемдік дәрежедегі өнер шаңырағы екендігі анық. Оның дәлелі, 1978 жылы Қазақ ССР Минис­трлер Кеңесінің №383 қаулысымен Жетісай қазақ – музыкалы драма театры Қазақ ССР-нің халық әртісі, ССРО мемлекеттік сый­лы­ғы­ның лауреаты Қ.Жандарбековтың атымен ата­луы болатын. Бүкілодақтық театрлар бай­қауының екі рет дипломанты атанса, Алма­ты­да өткен он күндіктің қорытындысы бойынша Қазақ ССР жоғарғы советінің «Құрмет грамотасымен» наградталды. Күні кешегідей көрінгенімен 55 жыл театр ұжымы үшін үлкен бір шығармашылық белес болып табылады.
Театрдың іргетасын өңірдің біртуар саңлақтары; Қасымхан Шанин, Мұхтар Өтебаев, Тасболат Баимбетов секілді өнер десе ішкен асын жерге қоятын кісілер қалады. Мәскеу мәдениет институтының түлегі марқұм Алтынбек Оңалбаев ширек ғасырдан астам уақыт Жетісай театрының бас режис­сері қызметін тапжылмай атқарды. Олардың ұлағатты істері мәңгі есте. Бар болмысы театр үшін жаралған дарынды әртістер-А.Ысырайлов, Х.Саурықов, Ш.Қожамұратова, Ы.Иманқұлов, М.Омарбекова, Ш.Хакімжанов, Т.Қыстаубаев, З.Меңлібаев, З.Оспанова, Ж.Қарғабаев, Сәния және Тасболат Баимбетовтер, Ә.Омарова, Қ.Бекмұратова, Ә.Жәбішев, Р.Қошпанқұлов, К.Молдәу­ле­тов­тер аталған театрдың алғашқы әртістері.
А.Оңалбаев, Т.Әшімов, Ы.Иманқұлов (Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі), Т.Қыстаубаев (Қазақстан халық әртісі), Т.Баимбетов (Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері), Е.Оразымбетов (Қазақстанның халық әртісі), Ө.Тастанбеков, Ж.Есенбеков, Ә.Құлданов, (Қазақстанның мә­дениет қайраткері), Ғ.Арынов, С.Тасе­ме­но­ва, И.Ниязбеков, Т.Ахмет және тағы басқа жан­дар сан жанрлы қойылымдарды сахналауда толыққанды сахналық дүниелердің жарыққа келуіне режиссерлік дарындылықтың арқа­сында көп күш салғаны өнер сүйер көпшілік қауымға белгілі.
Әр кезеңдері бас суретшілік міндеттерін мойындарына алып, Жетісай театрының же­тістіктеріне қуанып, кемшіліктеріне күйініп, қызығы мен қиындығы қатар жүретін сахна өнерінің бар машақаттарын бастан өткерген Д.Роот, А.Қойшыбаев, қазіргі таңдағы бас су­ретші Б.Сраилов (Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері), Т.Байдарбеков сахна бе­зен­діру ісімен, бедерлі бояу нақыштарымен театр тарихында айшықты таңбаларын қалдырды.
Жоғарыда айтылған театрымыздың ірге­тасын қалаған әртістеріміздің ізін жалғас­ты­ру­шылар — Ә.Енімбаев, ҚР мәдениет қайрат­кер­лері: Р.Бейсебаева, Ұ.Базарбаева, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ұ.Әкім, К.Сейітметов, Р.Ман­жі­гітова, Н.Тілеубергенов, А.Серікбаева, Б.Сү­лейменова, М.Жұмаділдаева, А.Раме­то­ва, Ә.Сапаров, Ұ.Дәрменшиева, Н.Анасов, З.Най­зағараев, А.Бейсебаев, Қ.Жолшыбеков, Ж.Тастеміров, Қ.Құлыншақ, А.Қолдасов, Ғ.Қаппаров, О.Қалыбекова, Б.Қалдарбекова, А.Өтебеков, Б.Баймағамбетов әр кезеңдерде театрдың ауыр жүгін арқалаған бейнетқор жандар.
Театрдың 1991-2021 жылдар аралығын­дағы жетістіктеріне келетін болсақ. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары экономика құл­ды­рап мәдениет пен өнер, оның арасында театр саласы үлкен қиыншылықтарға тап бол­ғаны белгілі. Осы уақыт ішінде театр қазақ, өз­бек, орыс, қырғыз және шет елдер дра­ма­тург­те­рінің 200-ден аса драмалық, комедиялық, тра­гедиялық сан алуан дүниелерді сахна­лас­тыр­ды, сан мыңдаған көрерменнің ықы­ла­сына бө­ленді. Республикамыздың көптеген облыс­та­рында, көршілес ТМД елдерінде бо­лып, тал­ғампаз Астана, Алматы көрермендерімен де бірнеше рет жүздесіп спектакльдеріміз жоғары бағаланды.
Ал, 2022 жылы 10 ақпан күні Е.Аман­шаев­тың «Қайдасың?» (Балкон) мелодрамасының премьерасы өтті. Қоюшы режиссері Б.Ербат­ша, қоюшы суретшісі Х.Байтелиев. Ө.Піс­те­бектің «Қынсыз қылыш Құрманбек» дра­ма­сының премьерасы 5, 6-мамыр күндері өтті. Қоюшы режиссері Т.Ахмет (халықаралық фес­тивальдердің лауреаты), қоюшы суретшісі Х.Байтелиев. 17-маусым күні Д.Исабековтың «Актриса» драмасының премьерасымен театрдың 53-маусымының жабылуы өтті. Қою­шы режиссері А.Қалыбеков (келісім-шарт бойынша), қоюшы суретшісі Б.Сраилов (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері). Премьераға Ж.Шанин атындағы Шымкент қа­лалық академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Б.Құрманқожаев (Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері), директор орынбасары Т.Ахметов және бір топ театр әр­тістері, Жетісай аудандық ардагерлер ке­ңе­сінің төрағасы А.Махамбетов (ҚР мәдениет қайраткері), театр ардагері Ұ.Базарбаева (ҚР мәдениет қайраткері) қатысты. 22-қыркүйек күні С.Балғабаевтың «Айпаттан шыққан алтын сақа» балаларға арналған қойы­лы­мы­ның премьерасы өтті. Қоюшы режиссері Б.Ербатша, қоюшы суретшісі Е.Наза­рим­бетов. 24-25 ақпан күндері Түркістан қа­ла­сына гастрольдік іс-сапар ұйымдастырылды. Түркістан сазды драма театры ғимаратында қала тұрғындарына Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» трагикомедиясы көрсетілді.
Сонымен қатар жыл бойы театрдың шы­ғармашылық топтары Н.Жұбатқанның «Достар» балаларға арналған қойылымымен Сарыағаш, Шардара аудандарында гас­троль­дік іс-сапарларда болып қайтты.
Түркістан облысы мәдениет басқар­ма­сы­на қарасты «Түркістан музыкалық драма теа­трының» арнайы шақыру хатына сәйкес, өза­ра әріптестікті жалғастыру, тәжірибе алмасу мақсатында келісімдері бойынша, театр әртістері А.Өтебеков, Б.Қалдарбекова А.Нү­сіптің «Мағжан» спектакліндегі рөлдерге бе­кі­тіліп, қойылымның премьерасында рөлдерін ойнап қайтты.
30-қараша күні Шымкент қалалық орыс драма театрында «Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері» Б.Сраиловтың «Кеңістік» ат­пен театр сәндік және бейнелеу өнері көрмесі аясында шығармашылық кеші өтті.
Театр әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ө.Пістебектің «Жаңа жылдық шырша» атты балаларға арналған мерекелік шоу бағ­дар­ла­масы сахналастырылып, балғын көрермен назарына ұсынылды.
Ал,енді театрдың жетістіктеріне келсек, «Халықаралық театр күні» мерекесіне орай әртіс Қ.Қасымбеков,театр әртісі Ш.Айдын­бе­кова, костюмдер цехының меңгерушісі С.Түкі­баева Қазақстан театр қайраткерлері Ода­ғы­ның «Дара» төсбелгісімен марапатталды. 21-мамыр «Мәдениет және өнер қызмет­кер­лері күні» мерекесіне орай театр әртісі А.Өте­бе­ков, 25-қазан «Республика күні» мерекесіне орай театр әртісі Б.Баймағамбетов және С.Айдаровалар ҚР Мә­де­ниет және спорт министрлігінің «Мәдениет са­ласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 21 мамырдағы №899 Жарлығымен Қ.Жандарбеков атын­дағы Жетісай драма театрының сол кезеңдегі директоры Сраилов Бақыт Бекмырзаұлына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Сонымен қатар Б.Сраилов «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының заңғар жазушы Ш.Айтматовтың 90 жылдығына ар­налған медалімен марапатталып, Қазақстан көркем академиясы Түркістан ұйымы бас­қар­ма кеңесі 2022 жылғы 14 қазан шешімімен (№22-2 хаттама) қоғам қайраткері Б.Сраилов Қазақстан көркем академиясы Түркістан ұйы­мының толық мүшесі (Академигі) болып сайланды.
— Жаңа басшы жаңа идеялармен жарақ­танып келген бе,жоқ па деп көпшілік әр ісі­ңізге сын көзбен қарап жатқан болар. Жал­пы, айтылған сынды қалай қабылдайсыз?
— Осы жылы қызметке тағайындалған соң бірінші кезекте театр ұжымынан еңбек тәр­ті­бінің сақталуын өтіндім. Әр бас қосқан сайын театр мемлекеттік мекеме екендігін, сон­дық­тан Қазақстан Республикасының Еңбек тура­лы заңында тәптіштеліп түсіндірілген, еңбек тәртібі туралы баптармен таныстырып отыр­дым. Мұндағы мақсат – жұмыс өнімді әрі са­палы болуын қамтамасыз ету. Өйткені, театр адамдардың спектакльдерден рухани азық алатын, іштей ой түйетін, жанын жақсылыққа жанитын орыны. Осы орайда нешеме спек­такльдер қойылды. Әлі де қойылады. Негізгі жұмыс осы болғандықтан мемлекеттік бюд­жеттен бөлінетін қаржыға сахнаны барынша табиғи сипатта, яғни көрерменге сенімді сурет туғызу мақсатында әдемі безендіруге, әр­тіс­тердің спектакль оқиғасына, уақытына сай киі­нуіне, музыкасына ерекше көңіл бөлінеді. Әри­не, мұндағы ең басты талап – қай деңгейдегі рольді ойнамасын әртіс шынайы образ жа­сауы тиіс. Сондықтан театр әртістері әр спек­такльге көп уақыт бөліп, образды ашуға мол күш-қайрат жұмсап, ізденіс үстінде жүреді. Теа­трдың бүкіл ұжымы спектакльдің көрермен талғамынан шығуы үшін жұмыла жүк көтер­ген­дей бірлік пен татулықты ту етіп еңбек етеді.
2023 жылы Түркістан облысының құрыл­ға­нына 5 жыл толды. Осы орайда Түркістан шаһарында әр ауданның бесжылдыққа тарту ретінде «Өнерлі өлке» фестиваліне қатысып, өнер көрсетуі, ұлттық спорт түрлеріне қатысуы болды. Жетісай ауданының атынан біздің теа­тр да қатысып, шаһардағы «Фараб» әмбебап ғылыми-көпшілік кітапханасының сахнасында театр әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ө.Пісте­бектің қазақ халқының дарынды ұлы Құрман­бек Жандарбековтің өмірі мен шығар­ма­шы­лы­ғын толғайтын «Қынсыз қылыш Құрманбек» драмасын қойдық. Көрермен жылы қабыл­да­ды. Өйткені, әртіс туралы драма жазу өте қиын. Сондықтан болар атын иемденген театрда 55 жыл өткен соң бірінші рет ол кісі ту­ралы спектакль қойылуы шынында да жаңалық еді.
Тамыз айының 14 күні театр сахнасында заңғар жазушымыз М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалы комедиясының премье­ра­сы өтті. Патша көңілді көрермен үлкен ілти­пат­пен қабылдап, соңында сахнада, сосын интер­нет желісінде жылы пікірлерін, игі тілектерін қалдырып жатты. Әрине, бұл – еңбектің елен­гені, күшімізге күш қосқаны, үкілі үмітімізді жел­біреткені деп шабыттандық. Ал, жас балғын көрермендерге арнап С.Михалковтың «Екі торай» қуыршақ спектаклін ұсындық. Жарты сағаттық спектакльді балғын көрермендер қы­зыға тамашалап, күліп-ойнап қуанып, көңілді тамашалады.
Ал сынға келсек – орынды айтылған сын­ды жүрегіммен қабылдаймын. Яғни, сүрін­бей­тін тұяқ жоқ дегендей, пендеде өмір болған соң қателесу болады. Сынды түзеуге, жұ­мыс­ты жақсартуға ұмтыламын. Мұндайда «Сын тү­зелмей – мін түзелмейді» дейді ғой халқымыз. Ал, орынсыз, көпе-көрнеу жала жауып, оны сын ретінде көпшілікке ұсынған әдісті ашығы керек –жақтырмаймын. Шынымды айтсам – жүректі ауыртады. Мұндай «сын» ұжымды, соны оқыған адамдарды жолдан адастырады, бір адамға, тіпті бүкіл ұжымға деген сенімге селкеу түсіреді.
— Алдағы жоспарларыңыз қандай? Оқырмандарымызбен бөлісе отырсаңыз.
— Қазақстанда қанша аудан болса соның бірде біреуінде Жетісай драма театры сияқты кәсіби театр жоқ. Бұл Мырзашөл өлкесінің бір пұшпағы деп аталатын Мақтаарал, Жетісай ау­дандарының 400 мыңға таяу тұрғындарының бағы. Жетісай театры ғимаратының өзі неге тұ­рады? Осы өлкенің бренді емес пе? Сосын Түркістан облысындағы бірден бір қара шаңы­рақ болып отыр. Яғни, облысымызда үш театр болса, соның бірі – 55 жылдық тарихы бар осы Жетісай драма театры. Осыны ескере келе театр репертуарын байыту мақсатында 2023 жылы орыс драматургы А.Володиннің «Махаббат бер!..», А.Баймуханметовтің «Тас­тамашы, анашым» драмаларын сах­на­лас­ты­ру үшін театрға М.Әуезов атындағы ака­де­мия­лық драма театрының қоюшы режиссері, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы, белгілі режиссер А.Оспан­бае­ва­ны шақырдық. Қыркүйек айының 4 күні теа­трымыздың 55-маусымының ашылуы болды. Міне, сол күні «Махаббат бер!» драмасын көрермен назарына ұсындық. 11 қыркүйек күні жетім балалар үйіндегі қиыншылығы мен қыспағы көп тіршіліктен сыр шертетін «Таста­машы, анашым!» драмасын көрермен наза­ры­на ұсындық. Патша көңілді көрермен жылы қа­былдады. Кейінгі кезекте драматург В.Орлов­тың балаларға арналған «Алтын балапан» ертегісі, драматург Г.Хугаевтың «Қара шек­пен» әпсанасы, америкалық драматург У.Са­роянның «Жұмақтағы жасын» криминалды драмасы сахналанады. Сосын шет елге гас­трольдік сапармен шығу жоспарымызда бар. Бұл тарапта келіссөздер, мәмілелесу де­ген­дей алғышарттар жасалыну үстінде.Алдағы уақытта туған еліміздің бірнеше облыстарына барып, көрерменнің ыстық ықыласына бө­лен­ген бірқатар спектакльдерді қоймақпыз. Жос­пар, ой үдесінен шығу мақсатында қазір үлкен ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Қыркүйек айының басында Жетісай драма театры басшылығы мен әртістері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, бас­пасөз мәслихатын өткізді. Кездесу барысында Жетісай драма театрының 2023-2024 жыл­дар­ға арналған жоспары, олардың орындалуы, бүгінгі таңда атқарылып жатқан негізгі жұмыстар талқыланды.
— Фейсбуктегі театр сайтында 5 мыңдай, Инстаграмда үш мыңдай оқырман­да­ры­ңыз бар екен. Бұл қуанарлық жәйт. Сосын сайттарыңыздан келесі жылы театр ғима­ратына күрделі жөндеу жұмыстары жүреді деген ақпаратты оқып қалдық.
-Ия, 2024 жылы 55 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген театр ғимаратын жөндеу үшін құрылыс жұмыстары жүреді. Қазір сарап­тамалық-сметалық бағалау, зерделеу шара­ла­ры атқарылып жатыр. Оған қуанбасақ, еш рен­жімейміз. Өйткені, театр ғимараты заманауи рең алып, Мырзашөл өлкесінің де тұр­ғын­да­рына қуаныш сыйлайды деп ойлаймыз. Ал, біз өз тарапымыздан жаңа, сапалы, ойлы әрі қызықты спектакльдерді ұсына береміз деп көрермендерді сендіреміз.
Өнерді жанындай сүйген адамдар орта­сында өмір сүргендіктен болар сайтымыздағы оқырман саны едәуір. Қылт еткен жаңа­лы­ғы­мызды театрсүйер жандармен бөліссек деп отырамыз. Сондықтан болар фейсбуктегі, инс­таграмдағы оқырмандарымыз да белсенді әре­кет етіп, позитивті пікірлерін білдіріп, ұсыныс-ойларын да айтып жатады. Оларға рахметтен басқа айтарымыз жоқ.
— Кәсіби театр бағын жандыру үшін нен­дей жұмыстар атқарылуы тиіс деп ойлайсыз?
— Біріншіден, маман кадрлар керек. Бұл мәселені шұғыл қолға алдық, қазір төрт кәсіби жас әртіс жұмысқа қабылданды, ендігі кезек көркемдік жетекші, яғни бас режиссер лауа­зы­мына хабарландыру жариялап, қызметке ша­қырып жатырмыз. Яғни, кәсіби театр бол­ған­дықтан оған да кәсіби, тәжірибелі режиссер керек. Себебі, режиссер және әртіс театрдың діңгегі. Осы қызметкерлер еңбекққор, ізденгіш, өз кәсібін жанындай сүйетін азаматтар болса театрдың бағы жанады.
— Театр деп нені түсінесіз?
— Театр мен киноның айырмашылығы – сіз театрда көресіз, ал кинода сізге көрсетеді. Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын. Театр дайын драматургияны қойып беру емес, ондағы оқиғалардың неге олай болғаны жайында ойлану. Сахнадан адамды емес, актерды көрсең жалығасың. -Міне, Александр Адабашьян, Григорий Ревзин, Тадаси Судзуки, Василий Ключевский деген театр майталмандары айтып кеткен ақыл-нақылдар.
— Театрға классиканы көбірек қою керек деп жатады. Осы айтқанға келісесіз бе?
— «Егер театрда тек классика ғана қойыла берсе, онда театрдың өлгені» депті театр сала­сының жанашыры, күре жол салушысы Влади­мир Немирович Данченко ақсақал. Сондықтан классикамен қатар драмалық, комедиялық жанрларда да спектакльдер қоямыз. Бәрінде өмір, тіршілік бар, адамдардың адамдармен қа­рым-қатынасы бар, күлу, қиналу, қуану де­ген­дей адам кейпін ашуға сеп болатын жақсылы-жаманды оқиғалар бар. Осыны меңгеру әр­тіс­тің ісі. Ол шынайылыққа жатады. Ал, шы­найы­лықты көрермен көрген кезде өзгеше күйге енетіні ақиқат. Міне, осы мақсатта бәріміз бір адамдай іс атқарып жатырмыз.
— Әңгімеңізге рақмет. Еңбектеріңіз жана берсін.
Сұхбаттасқан Ө.ЕРКЕБАЙҰЛЫ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ТУРАЛЫ МЮЗИКЛ ЖАРЫҚҚА ШЫҒАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АЛПАМЫС ЕСКЕРТКІШІ ҚАЛАЙ ТҰРҒЫЗЫЛДЫ?

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
4
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
4
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
3
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.