Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.
Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Өтінім беру үшін қажет:
— Порталда тіркелу;
— грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
— порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
— өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.
— Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:
✓тіркелген жұмыссыздар;
✓29 жасқа толмаған,3 жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
— еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
— қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
— өңіраралық қоныс аударушылар
— атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
— мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
— асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
-жастар (29 жасқа дейін).
Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Ескерту: порталда өтінімдер 8-19 тамыз аралығында, тек жұмыс күндері қабылданады.
Өтінім беру бейненұсқасы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының @zhumispen.kamtu парақшасында жарияланды.
Жұмыспен қамту, «Бизнес бастау», мемлекеттік грант бойынша сұрақтарыңыз болса қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы бөлімшелерінің байланыс телефондарына хабарласыңыздар.
АБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ:
8707 453 08 03
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ:
8775 299 66 20
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ:
8702 934 80 41 (Whats app)
ҚАРАТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ:
8705 287 60 44
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері аралығында, сағ 09.00-19.00 (түскі үзіліс сағ 13.00-15.00)
Түскі үзілісте және жұмыстан тыс уақытта мамандарға хабарласпауларыңызды сұраймыз.