ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БІР АЛҚАПТАН ЖЫЛЫНА 2-3 ӨНІМ АЛУ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР — Төрттаған
Пятница, 11 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БІР АЛҚАПТАН ЖЫЛЫНА 2-3 ӨНІМ АЛУ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Түркістан облысында биыл 5 айда ауыл шаруашылығында 199,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2%-ды құрады. 2021 жылдың 5 айында 170,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген болатын. Бұл ретте өңірде жаңбырлатып және тамшылатып суғару, өзге де жаңа технологияларды батыл енгізудің пайдасы тиіп жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы өңір диқандарының тәжірибесімен бөлісті.

15.06.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БІР АЛҚАПТАН ЖЫЛЫНА 2-3 ӨНІМ АЛУ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Түркістан облысында биыл 5 айда ауыл шаруашылығында 199,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2%-ды құрады. 2021 жылдың 5 айында 170,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген болатын. Бұл ретте өңірде жаңбырлатып және тамшылатып суғару, өзге де жаңа технологияларды батыл енгізудің пайдасы тиіп жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы өңір диқандарының тәжірибесімен бөлісті.
– Түркістан өңірінің қолайлы ауа райы ерте пісетін дақылдарды өсіруге, бір жерден жылына екі-үш өнім алуға мүмкіндік береді. Біз бұл тәжірибені халыққа түсіндіріп, семинарлар өткіздік. Насихат жұмысы жүрді. Нәтижесі жаман емес. Былтыр «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 8400 гектарда 3000 жоба жүзеге асырылып, 145500 тонна көкөніс өнімі жиналды. Биыл егіс көлемі 851000 гектарға орналастырылып, жоспар 100%-ға орындалды. Өткен жылдан 5500 гектарға ұлғайды (2021 ж. – 845,5 мың га). Қосымша 26,6 гектарға жылыжайлар салынып, алаңы 1494 гектарға жетті. Республикадағы жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысында орналасқан. Жыл қорытындысымен 1590 гектарға жеткізілетін болады,– деді Ө.Естайұлы.
Өңірде тамшылатып суғару, жаңбырлатып суғару технологияларына басымдық беріліп, шаруалар суды үнемдеуге көшті. Осы арқылы су үнемделіп, өнімділік еселеп артқан.
Қазіргі таңда Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында құны 34,3 млрд. теңге құрайтын 5 серпінді ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Азық-түлік қауіпсіздігі де басты назарға алынған. Тұрақтандыру қорының есебінде құны 327,6 млн. теңгені құрайтын 3 615,8 тонна тауар бар. Бұған қоса қосымша 1 млрд. теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 12 түрі сатып алынбақ. Сондай-ақ тұрақтандыру қорын толықтыру үшін 136 тонна қант сатып алынды. Бұдан бөлек ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясына» 1000 тонна қантқа өтінім жолданған.
Жайылым жер көлемін арттыру бойынша да жұмыс жүріп жатыр. 2021 жылы 133 елді мекендегі елге 135,8 мың гектар жер ортақ жайылымға бекітіліп берілді. Тиісті қолдаулар арқылы мал мен құс басы 3-4%-ға көбейген.
Биыл өңірде 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 998,3 млрд. теңгеге, өсім қарқынын 104%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 855 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДАН КӨШ БАСЫНДА ТҰР

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.