ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫН АЛАҢДАТАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫН АЛАҢДАТАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданыны тұрғындарымен кездесуде инфрақұрылым мәселесін қозғады. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап берген өңір басшысы ауданның әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

13.06.2022
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН:  ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫН АЛАҢДАТАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданыны тұрғындарымен кездесуде инфрақұрылым мәселесін қозғады. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап берген өңір басшысы ауданның әлеуеті жоғары екенін атап өтті.
Облыс әкімі алдымен «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысқан болатын. Мұнда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға емдік-сауықтыру қызметі көрсетіліп жатыр. Осы орталық маңында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы грант алған шардаралық тұрғындардың тауар көрмесі де ұйымдастырылды. Облыс әкімі шағын және орта бизнес мемлекеттің тірегі екенін айтып, осы салаға қолдауды күшейтуді тапсырды.
«Шардара армспорт» спорт клубында өткен негізгі кездесуде тұрғындар тарапынан тұрғын үй, газдандыру, аурухананы күрделі жөндеуден өткізу, балық шаруашылығына субсидиялау және өзге де мәселелер бойынша сұрақтары қойылып, арыздары мен өтініштері тыңдалды.
— Өздеріңіз білетіндей, Президент тапсырмасымен әкімдердің есеп беру кездесулерінің форматы өзгерді. Кестеге сәйкес Шардара ауданына келіп тұрмын. Екінші жартыжылдықта тағы да өздеріңізбен жолығамын. Мұндағы мәселелерді жақсы білемін. Ауданның инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарына қолдау көрсетіледі. Жақын уақытта ауданның газ мәселесі шешімін табады. Қамту көрсеткіші ұлғаяды. Балық шаруашылығын субсидиялау ұсынысы өте орынды. Шешімін табады деп сенемін. Түркістан облысын дамыту, Түркістан қаласын Түркі әлемінің орталығына айналдыру бағытында жұмыс жүріп жатыр. Өңірде барлық салада тұрақты өсім бар , – деді Ө.Шөкеев.
Кездесуден кейін Өмірзақ Шөкеев бірнеше тұрғынды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Қабылдауда ауданда жайылымды карьерге айналдырмау жөнінде өтініш айтылды. Кәсіпкердің де уәжі тыңдалды. Мәселе бақылауға алынды.
Былтыр Шардара ауданының инфрақұрылымын жүргізу бағытында, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2 елді мекенде 6 жоба іске асырылды. Шардара елді мекенінде табиғи газ жүйесінің құрылысы жүргізіліп, Қоссейіт елді мекеніндегі мектеп пен дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізілген. Бір мектеп пайдалануға берілді. Ауданға 29,7 млрд. теңге инвестиция тартылған. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 11,6%-ға өсіп, 45,8 млрд. теңгені құрады. Биыл «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 700 гектар жерде 123 жоба іске асырылып, бірінші өнім жиналуда. 20 мың шаршы метр тұрғын үй беріліп, Қоғалы, Жемісті, Жеңістің 40 жылдығы, Мақташы, Талапты елді мекендерінің жаңа құрылыс аумағында электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.