ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ДЕПУТАТПЕН РЕФЕРЕНДУМДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ДЕПУТАТПЕН РЕФЕРЕНДУМДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Алдағы референдумның жай-жапсарын түсіндіру, насихаттау мақсатымен ҚР Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғали Түркістан облысына іссапармен келді. Сапар аясында халық қалаулысының кезекті тұрғындармен кездесуі Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы “Ордабасы оттары” газетінің редакциясында өтті.

19.05.2022
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ДЕПУТАТПЕН РЕФЕРЕНДУМДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Алдағы референдумның жай-жапсарын түсіндіру, насихаттау мақсатымен ҚР Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғали Түркістан облысына іссапармен келді. Сапар аясында халық қалаулысының кезекті тұрғындармен кездесуі Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы “Ордабасы оттары” газетінің редакциясында өтті.
Жиынға Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұлов, «Ордабасы оттары» газетінің директор-бас редакторы Ғалымжан Зиябек, белгілі сықақшы, журналист Көпен Әмірбек, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер мен блогерлер клубының мүшелері, белсенді жастар қатысты.
Кездесу барысында Берік Әбдіғали Мемлекет басшысы ұсынған Конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттыратынына және алдағы уақытта әлеуметтік әділеттіліктің орнауына жол ашатынын айтып, алдағы науқаннан қалыс қалмауға шақырды.
– Конституциялық референдум мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем береді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Әрине, өзгеріс аз емес. Соның бірі – Парламенттің рөлі күшейіп, мәртебесі артады. Парламенттің бақылау функциялары да кеңейеді. Яғни, азаматтардың мүддесін қорғау механизмі күшейеді. Ата Заңымыздың үштен бір бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгелі отыр. Жаңа Конституция «Жаңа Қазақстанға» бастайтын өзіндік жол болатынына сенімдімін. Отандастарымыз осы саяси оқиғаның мән-маңызын түсініп, өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетеді деп ойлаймын, – деді депутат.
Жиында Көпен Әмірбек алдағы реформалар әрбір азаматқа қатысты екенін, сондықтан әркім референдумға қатысып, елдің одан әрі дамуына өз үлесін қосуы тиіс екенін атап өтті. Қаламгердің пікірінше, референдум суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін арттыру сияқты іргелі өзгерістерге жол ашады.
Келелі басқосуда аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұлов Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиға алғысын айтып, «Күш атасы — Қажымұқан» кітабын сыйға тартты. Сонымен қатар Түркістан облыстық ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек алдағы референдум әділетті мемлекет құрудың бастамасы әрі ел бірлігін бекемдейтін маңызды саяси қадам екенін айта келе, өңіріміздегі этносаралық татулықты дәріптеген «Шаңырақ» кітабын халық қалаулысына тарту етті.
Кездесуде тұрғындар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қатысты пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Жиынға қатысушылар жалпыхалықтық референдум өткізуді қолдап, аудан тұрғындарының оған белсенді қатысатынына сенім білдірді.
Еске сала кетсек, елімізде Конституция 1995 жылы қабылданды, содан бері өзгерістер Парламент арқылы енгізілді. Алдағы референдум 5 маусымда өтеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АНКАРА БАСШЫСЫ «ТҮРКІСТАН-АРЕНА» СТАДИОНЫНДА ТҮРКИЯНЫҢ АТАҚТЫ КОМАНДАСЫМЕН МАТЧ ӨТКІЗУДІ ҰСЫНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА БАЛАБАҚШАЛАР АРАСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
10
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.