ТҮРКІСТАН: ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨКІЛДЕРІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ШЕШІМІНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ — Төрттаған
Вторник, 10 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨКІЛДЕРІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ШЕШІМІНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Бүгін Түркістан қаласына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абилфас Хамедов жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында халық қалаулысы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен, еңбек ұжымдары мен қоғамдық институттар өкілдерімен, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелерімен кездесті.

13.05.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨКІЛДЕРІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ШЕШІМІНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ҚУАТЫ 1000 МВТ БОЛАТЫН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

Бүгін Түркістан қаласына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абилфас Хамедов жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында халық қалаулысы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен, еңбек ұжымдары мен қоғамдық институттар өкілдерімен, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелерімен кездесті.
Алқалы басқосуды ашып, жүргізген Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясында жүктеген мақсат-міндеттері және оның өңірімізде іске асырылу барысы туралы баяндап өтті. Сондай-ақ Аңсар Жаңабайұлы өз сөзінде Президенттің Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізу туралы ұсынысының маңызы жоғары екенін тілге тиек етіп, бұл реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсететінін айтты.
Кездесу барысында сөз алған депутат А.Хамедов Мемлекет басшысы ұсынған реформа Қазақстанның стратегиялық болашағын айқындайтын бастама екенін, сол себепті ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде ешкім шет қалмау керектігін алға тартты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 29 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты тың бастамалар туралы айтты. Оның ішінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізу туралы ұсыныстың маңызы ерекше. Референдум – бірлігімізді бекемдейтін айтулы саяси оқиға дер едім. Бұл реформалардың мәні – еліміздегі демократияны нығайту, әділетті қоғам орнату, азаматтардың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігін арттыру. Міне, сондықтан, Президентіміз Ата заңға енгізілген өзгерістерді халықтың талқысына салып, көпшіліктің шешіміне сүйеніп қабылдауды көздеп отыр. Бұл әрине демократиялық әділ қадам. Осы орайда, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отырып, баршаңызды «Жаңа Қазақстанды» бірлесе құруға шақырамын! – деді А. Хамедов.
Сондай-ақ басқосуға жиналғандар негізінен еліміздегі отаншылдықты, өзара сыйластық пен татулықты жан-жақты дәріптеу, этносаралық және конфессияаралық қатынастың маңыздылығы, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, жұмыспен қамту тұрғысында өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Бұл ретте, Түркістан облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Шарипа Пірімбетова, Кентау қаласы Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бекзад Хабибов, слваян этномәдени бірлестігінің мүшесі Ирина Чеганова, облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі Жанат Таукеева, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшеcі Айбар Мырзагельдин сөз сөйлеп, өзекті мәселелер бойынша пікірлерін білдірді және сұрақ-жауап түрінде ой бөлісіп, пікір алмасты.
Осы орайда, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер өкілдері мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін Конституциялық референдумды бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді. Еске сала кетсек, 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдумда Конституциядағы 98 баптың 33-іне өзгерістер енгізілмек.
Жиынды қорытындылаған басқарма басшысы А.Өсербаев өңірде халықтың бірлігін нығайтуда және қоғамдық келісімді сақтауда жүйелі жұмыстар жалғасатындығын атап өтті.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Абилфас Хамедовтың өңірімізге жасаған сапары ары қарай аудандарда жалғасады. Атап айтсақ, халық қалаулысы 13 мамырда Түлкібас пен Сайрам аудандарында, 14 мамырда Мақтаарал мен Жетісай аудандарында және 16 мамырда Сарыағаш ауданында тұрғындармен жүздеспек. Іссапар шеңберінде аудандық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары жетекшілерімен, мүшелерімен және құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесулер өтеді деп жоспарлануда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Ordabasy: Референдумды қолдау мақсатында штаб отырысы өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: «ЭКОБАЗАРДА» ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ҚУАТЫ 1000 МВТ БОЛАТЫН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАТЫ 1000 МВТ БОЛАТЫН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.06.2025
3
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ
Жаңалықтар

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

05.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

05.06.2025
3
СОЗАҚТА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

СОЗАҚТА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

05.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА «САЛТАНАТ» БИ АНСАМБЛІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «БИ КЕРУЕНІ» КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «САЛТАНАТ» БИ АНСАМБЛІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «БИ КЕРУЕНІ» КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ

05.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

04.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.