«AMANAT»: АГРОҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

«AMANAT»: АГРОҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің мәжілісі өтті.

29.04.2022
Руханият
0
«AMANAT»:  АГРОҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің мәжілісі өтті.
Оған аймақтық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, кеңес төрағасы Ерлан Нұрмаханов, облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Н.Бекмұратов, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы С.Көшкінбай, облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Т.Нақыпбеков, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Түркістан облыстық филиалының директорының орынбасары М.Қаңлыбаев және кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.Олар:
1. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын 300-ден астам кәсіпкерге қолдау көрсету;
2. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемін 76 млрд.теңгеге дейін өсіру.
Алдымен С.Көшкінбайдың партияның Жол картасында көзделген көрсеткіштерді орындау бағытында атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды. Былтыр «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында бюджеттен 8,2 млрд.теңге бөлініп, 2725 жоба қаржылай қолдау тапқан. Ал биыл 11,7 млрд.теңге қаралып, жыл соңына дейін 2 мыңнан астам жобаларға қолдау көрсету жоспарлануда. Сондай-ақ оның айтуынша ірі кәсіпкерлердің көмегімен микробизнесті және стартапты қолдау мақсатында «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алған. Бірнеше конкурстар ұйымдастырылып, стартап жобалар инвестициялануда.
Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету бойынша соңғы 6 жылда 23 597 кәсіпкерге 31 711 қызмет көрсетілген. 2022 жылдың І тоқсанында 391 кәсіпкер қолдауға ие болған. Бұл ақпаратты Т.Нақыпбеков баяндамасында атап өтті.
Ал, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік жүйелі қолдаулар мен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде былтыр нысаналы индикаторлар толығымен орындалған. Дегенмен Н.Бекмұратовтың мәлімдеуінше жылыжай шаруашылығында кемшін тұстар бар. Көршілес Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келетін жылыжай өнімдерінің бағасы біздің өінмдерден төмен болуына байланысты, бәсекеге түсе алмауда. Басты себебі қуат көздеріне жұмсалатын шығындар. Бүгінде оның үлесі 45%-ға дейін жетіп отыр. Басқарма тарапынан Энергетика және Ауыл шаруашылығы Министрлігіне тариф бағасын 50%-ға дейін төмендету жөнінде ұсыныс енгізіліпті. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 848,4 мың гектарға орналастыру көзделуде.
Жиын соңында көктемгі дала жұмыстарына қажетті тыңайтқыштарды (аммиак селитрасы, аммофос) өндіруші «ҚазАзот» АҚ мен «КазФасфат» ЖШС тарапынан агроқұрылымдарға дер кезінде босатпау салдарына көңіл бөлу жайында сын-ескертпелер айтылды. Өйткені бұл жағдай бүгінде агроқұрылымдардың наразылығын туындатуда. Осыған орай, аталған мәселені дер кезінде шешу мақсатында отандық өндірушілерді шақыртып, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен мәжіліс өткізу туралы ұсыныс берілді.
Б.Тәжібаев ұсыныс-пікірлер қабылданып, қаралған мәселелерді шешу жолында жауапты мекемелермен бірлесе жұмыстар атқарылатынын айтып, мәжілісті қорытындылады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«AMANAT» партиясы – Президенттің Жаңа Қазақстанды құрудағы негізгі тірегі – Е.Қошанов

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНҒА ФИНЛЯНДИЯДАН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Руханият

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

13.09.2024
13
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
94
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
30
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»
Руханият

ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»

07.12.2023
31
«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Руханият

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

06.12.2023
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.