«ЖАҢА ҒАСЫР» ТЕАТРЫ ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ КӨРЕРМЕНГЕ ШАБЫТ СЫЙЛАДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

«ЖАҢА ҒАСЫР» ТЕАТРЫ ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ КӨРЕРМЕНГЕ ШАБЫТ СЫЙЛАДЫ

Биыл «Қазақстанның Еңбек Ері», қазақтың ұлы актері Асанәлі Әшімов 85 жасқа толып отыр. Айтулы мерейтой құрметіне Түркістан қаласына Алматыдан «Жаңа ғасыр» театры 2 күндік гастрольдік сапарымен келіп, 3 қойылымды көрермен назарына ұсынды.

29.04.2022
Руханият
0
«ЖАҢА ҒАСЫР» ТЕАТРЫ ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ КӨРЕРМЕНГЕ ШАБЫТ СЫЙЛАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Биыл «Қазақстанның Еңбек Ері», қазақтың ұлы актері Асанәлі Әшімов 85 жасқа толып отыр. Айтулы мерейтой құрметіне Түркістан қаласына Алматыдан «Жаңа ғасыр» театры 2 күндік гастрольдік сапарымен келіп, 3 қойылымды көрермен назарына ұсынды. Алдымен жұртшылыққа өнер қайраткерінің өнер жолынан сыр шертетін фотокөрме ұйымдастырылды. Асанәлі Әшімовтің шәкірттерінен құралған жас театр ұжымы 27 сәуірде «Соңғы қоңырау», «Жарқанат» қойылымдарын ұсынса, бүгін «Тағдыр тақтасы» спектаклін көрсетті. Түркістан музыкалық драма театрында өткен әсерлі туындыны Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы келіп тамашалады.
Бұл драма – Алаштың тұлғасына айналған Асанәлі Әшімовтің шығармашылығы мен өміріне арналған. Өмірдің ащысын да тәттісін де тата жүріп, өнердің бақ пен сорын қатар артса да қайыспаған тұлғаның өзімен бірге, алдыңғы толқын ағалары, қазақтың маңдайына біткен қатарлас таланттары, достары, отбасы сахна төрінде көрерменмен сырласты. Қойылым барысында актердің жары, қос ұлы – Сағи мен Мәди, Әнуарбек Молдабеков, Райымбек Сейтметов және өзге де қазақтың маңдайалды өнер тұлғаларының бейнелері бар. Қойылымның авторы – Бақыт Беделхан.
Әсерлі қойылымнан кейін сахна төріне көтерілген Асанәлі Әшімов өнерді жоғары бағалаған Түркістан жұртшылығына алғысын айтты.
– Өнер адамы – әрқашан халықпен бірге. Мен әулиелі елге келіп тұрмын. Түркістанда ұлы тұлғалардың құрметіне дұға еттім. Өткенге құрмет адамды тазартады. Адам таза болуы керек. Жүрегің бай болуы қажет. Қалтаң бай болып, жүрегің кедей болса, ол – сорлылық. Сахна адамды тазартады, жүрегін жұмсартады. Сыйлы болыңдар, адал болыңдар! Өсиетім – осы! Екі күнде үлкен қолдауға ие болып, елмен кездесіп, шабыт алдық, – деді А.Әшімов.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Асанәлі Әшімовтің қазақ өнері тарихындағы орны айрықша екенін айта келе, мерейтой иесіне сый-құрмет көрсетті.
– Түркістандағы театрымызға бүкіл елдің сүйікті актері Асанәлі ағамыздың шәкірттерімен келуі – үлкен оқиға және мәртебе. Мерейтойыңыз құтты болсын! Түркістан жұртшылығы атынан өзіңіз бастаған театр ұжымына шынайы алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі.
«Жаңа ғасыр» театры 2018 жылы Алматы қаласында құрылған. «Жаңа ғасыр» театрының әртістері – КСРО Халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері» А. Әшімовтың түлектері. Театрдың ашылу салтанаты 2019 жылы республика сарайында ресми түрде өтті.
Бүгінгі күні театр қоржынында 11 қойылым бар. Соның ішінде М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясы, И.Штраустың «Жарқанат» комедиясы, С.Өтешев аударған И.Миччидің «Король Лев» музыкалық драмасы, Е.Ташкенбайдың «Соңғы қоңырау» поэтикалық драмасы, Н.Гогольдің «Вий» драмасы, Ф.Фицджеральдтің «Гэтсби» драмасы, К.Гольдонидің «Айлакер жесір» комедиясы, Р.Томның «Сегіз әйел – ол жалғыз» музыкалық спектаклі еліміздің сахналарында көрерменге ұсынылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: МҰҒАЛІМДЕРІ ТАПШЫ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР ТАРТЫЛМАҚ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Руханият

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

13.09.2024
13
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
94
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
30
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»
Руханият

ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»

07.12.2023
31
«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Руханият

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

06.12.2023
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.