ТАУҒА ШЫҒУ МЕН ТАБИҒАТТА СЕРУЕНДЕУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ — Төрттаған
Пятница, 6 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТАУҒА ШЫҒУ МЕН ТАБИҒАТТА СЕРУЕНДЕУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Өңірде күн жылынып, туризм маусымы ашылды. Осыған орай, көктемгі тауға шығу, серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және оқыс оқиғалардың алдын алу жолдары талқыланған мәжіліс өтті. Басқосуда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында офлайн смарткарталарды «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан бойынша бірінші енгізіп отырғаны айтылды. Смарткартада қауіпсіздік белгілерімен ескертулер жасалған.

27.04.2022
Қоғам
0
ТАУҒА ШЫҒУ МЕН ТАБИҒАТТА СЕРУЕНДЕУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Өңірде күн жылынып, туризм маусымы ашылды. Осыған орай, көктемгі тауға шығу, серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және оқыс оқиғалардың алдын алу жолдары талқыланған мәжіліс өтті. Басқосуда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында офлайн смарткарталарды «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан бойынша бірінші енгізіп отырғаны айтылды. Смарткартада қауіпсіздік белгілерімен ескертулер жасалған.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның төрағалығымен өткен мәжіліске Түркістан облысындағы жоғары оқу орындары мен 60 колледждің басшысы, мемлекеттік табиғи қорықтар мен парктердің басшылары қатысты. Сонымен бірге Шымкент қаласындағы оқу орындары мен жауапты басқармаларының басшылары да болды. Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қауіпсіздікті сақтау басты міндет екенін жеткізді.
– Өздеріңізге белгілі, былтыр 21 мамырда 7 азамат «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы тауда адасып, бірнешеуі қаза тапты. Бұл – қауіпсіздік басты мәселе екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі жиналыстың мақсаты – жастардың көктемгі тауға шығу, серуендеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жолдарын талқылау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу және таулы аймақта жүрудің ережелерін таныстыру. Түркістан облысында 58339 студент білім алуда, оның 15 989-ы – университет студенттері. Осы жастарымызға қауіпсіздік ережелерін үйреткен жөн. Сондықтан парк жетекшілері мен төтенше жағдай департаменті өкілдерінің, оқу ордаларының басшыларының түсіндіру жұмысын жүргізуі маңызды. Біз жастардың өмір қауіпсіздігін басты назарда ұстауымыз керек , – деді ол.
Мәжілісте Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев құтқару жұмыстары мен қауіпсіздік ережелері туралы баяндады. Ал «Ақсу-Жабағылы», «Сайрам-Өгем», «Қаратау» табиғи қорықтары мен парктерінің өкілдері туристік соқпақтар, табиғатты қорғау жөніндегі шарттармен таныстырды. Демалушылар мен туристерге қызмет көрсету мақсатында мекеменің филиалдарына бақылау-өткізу бекеттері орнатылғанын, парктер қорғауда екенін жеткізді. Сонымен бірге туристерге жағдай жасау, туризмді дамыту бағытындағы жоспарлары мен ұсыныстарын айтты. Мамандар тауда серуендердің негізгі ережелерін ұсынды. Олар: Жол жүру кезінде неғұрлым қауіпсіз жол бағытын таңдау; Жол жүрер алдында ауа райын алдын ала бағдарлау; Тосын жағдайларға дайын болу және төніп келе жатқан қауіпті анықтай білу; Топпен ғана қозғалу керек, оның бөлінуіне жол бермеу; Жол жүру бағытын қауіпсіздік мақсатында қысқартпау; Өткелдерден түнгі уақыт пен нашар көрініс кезінде (тұман) өтпеу; Қауіпті аймақтардан, ағысы қатты өзендерден және жарықтардан сенімді сақтандыру құралдары бар кезінде ғана өту.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА БИЫЛ 900-ГЕ ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АЗАТ ШАҒЫНАУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАЙЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
354
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.