ТҮРКІСТАНДА ОРТА АЗИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ — Төрттаған
Среда, 22 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ОРТА АЗИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ

Орта Азияның Мемлекетаралық Үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының 30 жылдығына орайластырылған отырысы Түркістанда өтуде. Түркі әлемінің рухани астанасында ұйымдастырылған халықаралық жиында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттерінің салалық министрлік басшылары бас қосты. Экология, геология және табиғи ресуртстар вице-министрі Серік Қожаниязов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін жеткізді. Шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев дамудың жаңа сатысына көтерілген Түркістан қаласын суландыру бағытында іске асырылған және алда атқарылатын жобалармен бөлісті.

26.04.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ОРТА АЗИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

Орта Азияның Мемлекетаралық Үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының 30 жылдығына орайластырылған отырысы Түркістанда өтуде. Түркі әлемінің рухани астанасында ұйымдастырылған халықаралық жиында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттерінің салалық министрлік басшылары бас қосты. Экология, геология және табиғи ресуртстар вице-министрі Серік Қожаниязов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін жеткізді. Шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев дамудың жаңа сатысына көтерілген Түркістан қаласын суландыру бағытында іске асырылған және алда атқарылатын жобалармен бөлісті.
Республикада суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиеселі. Ағын суды тиімді пайдалану мақсатында өңірде ылғал үнемдеу технологияларын ендіру жолға қойылған. Бүгінгі таңда облыста 4 мың гектарға жаңбырлатып суғару және 25,5 мың гектарға тамшылатып суғару технологиялары ендірілді.
– Бұдан бөлек, соңғы 2 жылда 172 шақырым 23 каналға жөндеу және 241 шақырым 121 қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 92 мың га суармалы жердің мелиоративтік жағдайы жақсарды. Сондықтан бүгінгі өтіп жатқан Орта Азияның Мемлекетаралық Үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының кезекті отырысының Түркістан облысы үшін маңыздылығы жоғары екендігін атап өткім келеді. Бұрын Түркістан қаласына 234 млн. текше метр ағын су жетіспейтін болатын. Оның себебі – бар суды жинап, толықтай Түркістанға дейін жеткізу мәселесі қолға алынбаған еді. Ғалымдармен, ауыл ақсақалдарының пікірлерін тыңдай келе Түркістан қаласына 248,8 млн. текше метр ағын су жеткізудің жолын таптық, – деді Өмірзақ Шөкеев.
Атап айтқанда, «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобасы арқылы 60 млн. м3 су үнемделеді және қала аумағындағы 8 шақырым канал бойы абаттандырылады. Бұрын ағын су 43%-ға фильтрациялық шығынға ұшыраса, бүгінгі күні 57 шақырым каналды бетондау жұмыстары жүргізілді. 2,1 шақырым канал бойы абаттандырылды. Жаңадан «Кеңсай — Қосқорған-2» су қоймасын салу арқылы 31,0 млн. м3 ағын су жеткізіледі. Құрылыс жұмыстары бүгінгі күні толық аяқталды. Нәтижесінде, 14 млн. м3 ағын су жинақтауға қол жеткізілді. «Арыс-Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» арқылы 52,8 млн. м3 ағын су жеткізіледі. Жаңадан «Сарқырама» су қоймасын салу арқылы 65 млн. м3 ағын су келеді. Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жобасы арқылы 40 млн.м3 ағын су жеткізіледі. «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасының құрылысы жүргізілді. Бұл жоба облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға оңды ықпалын тигізеді. 34 шақырым ұзындыққа бөгет жасалынып, 370 млн. м3 су көлге тасталынды. Бүгінгі күннің өзінде көл аумағының фаунасы өзгеріп, табиғи құстар шоғыры пайда болғанын байқауға болады.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласы айналасында 11 мың гектарға азық-түлік белдеуін қалыптастырылуда. Жоба толығымен жаңбырлатып суғару технологиясымен жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңға 163 шағын агроқұрылым ірі кооперативтерге бірігіп, 2,2 мың гектарға 65 бірлік жаңбырлатып суару қондырғыларын орнатты. Технология дақыл түріне қарай ағын су шығынын 2 есе азайтумен қатар, өнімділікті 3 есеге арттырады.
– Дамыған Америка Құрама Штатының Небраска штатында 70 мың дана су үнемдеу технологиясы енгізілген. Осы су үнемдеу технологиясының нәтижесінде штаттың табысы 30 жылда 5 млрд. АҚШ доллорынан 30 млрд. АҚШ доллорына дейін ұлғайған. Жалпы азық-түлік белдеуі аясында құны 30,7 млрд. теңгені құрайтын 6 серпінді инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі бас қосу тамыры бір, тарихы ортақ елдердің ауызбіршілігін арттыра түсері сөзсіз. Су және азық-түлік қауіпсіздігі, трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану секілді аса маңызды мәселелерді бірлесіп шешу қажет. Бұл шекаралас жатқан елдер үшін ортақ іс болғандықтан, бүгінгі кеңес нәтижесінде өзекті мәселелер оңды шешімін табады деп сенемін, – деді облыс әкімі.
Халықаралық жиында Орталық Азия өкілдері су ресурстарын пайдалану мәселелерін талқыланды. Комиссияның құрамына аумақтары арқылы Сырдария өзені ағатын мемлекеттердің өкілдері кіреді. Негізгі мақсаты – трансшекаралық өзендердің суын пайдалануды үйлестіру.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕК ЕСУ ШЕБЕРЛЕРІ ЖАҢА МАУСЫМДЫ 30 ЖҮЛДЕМЕН БАСТАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
8
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
363
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.