СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ — Төрттаған
Пятница, 21 августа, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

03.07.2026
Жаңалықтар
0
СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Астана күні мерекесі қарсаңында Созақ ауданында 25 отбасы жаңа баспананың кілтіне ие болды. Аудан орталығындағы Жеткіншек шағынауданында орналасқан пәтерлер әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен көпбалалы отбасыларға табысталды. Салтанатты рәсімге аудан тұрғындары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Қоныс иелерін құттықтаған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Мемлекет басшысының тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында ауданда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Іс-шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев те жаңа қоныс иелеріне ізгі тілегін жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін ризашылықтарын білдірді. Айта кетейік, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Отбасы банк» АҚ-ның бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Пәтерлер азаматтардың мәртебесіне, тұрғын үйге мұқтаждық деңгейіне және кезектегі орнына сәйкес беріледі.

READ ALSO

23 ТАМЫЗ: ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ҚҰРЫЛТАЙ: ЖАҢА САЯСИ ЖҮЙЕДЕГІ ХАЛЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Созақ ауданында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұған дейін Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында 29 отбасы жаңа қонысқа ие болса, бұл жолы тағы 25 отбасының баспаналы болды. Қазіргі таңда пайдалануға дайын 22 пәтердің құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар толық рәсімделгеннен кейін тұрғын үйлер кезең-кезеңімен өз иелеріне табысталады. Сонымен қатар, аудан орталығында 20 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ еншілес ұйымдарының демеушілігімен жаңғырту бағдарламасы аясында 16 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

23 ТАМЫЗ: ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Жаңалықтар

23 ТАМЫЗ: ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

20.08.2026
6
ҚҰРЫЛТАЙ: ЖАҢА САЯСИ ЖҮЙЕДЕГІ ХАЛЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
Жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ: ЖАҢА САЯСИ ЖҮЙЕДЕГІ ХАЛЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

20.08.2026
5
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Жаңалықтар

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар

12.08.2026
7
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Жаңалықтар

Демографический портрет Казахстана по итогам 2025 года и прогнозы на будущее

12.08.2026
6
Жаңалықтар

Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

10.08.2026
7
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Как защищают пенсионные накопления в разных странах

10.08.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.