2025 жылы 73 шаруа қожалығы 1 595 гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді — Төрттаған
Понедельник, 8 декабря, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2025 жылы 73 шаруа қожалығы 1 595 гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді

08.12.2025
Жаңалықтар
0

Ордабасы ауданының экономикасының негізгі қозғаушы күші – ауыл шаруашылығы. Сол ішінде егін шаруашылығы ауданның аграрлық әлеуетін айқындайтын басты салалардың бірі болып табылады. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, өсімдік шаруашылығы саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.

Ағымдағы жылы аудан бойынша 71,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде масақты дақылдар – 30,1 мың га, дәнді жүгері – 7,0 мың га, көкөніс – 3,5 мың га, картоп – 357 га, майлы дақылдар – 5,4 мың га, мақта – 7,2 мың га, бақша – 1,5 мың га, мал азықтық дақылдар – 16,1 мың га. Бұл дақылдардың жалпы өнім көлемі – 391,8 мың тонна.

READ ALSO

2025 жылы 42 азамат жылыжай салуға ниет білдірді

Ордабасы ауданының агроөнеркәсіп кешенінде инвестиция тарту – ауыл шаруашылығын дамытудағы басты бағыттардың бірі.

Өнімнің нақты көрсеткіштері мынандай:

  • Масақты дақылдар – 41,3 мың тонна;

  • Көкөніс – 91,1 мың тонна;

  • Картоп – 7,4 мың тонна;

  • Майлы дақылдар – 4,5 мың тонна;

  • Бақша – 35,3 мың тонна;

  • Жүгері – 76,7 мың тонна;

  • Мақта – 22,5 мың тонна;

  • Мал азықтық дақылдар – 112,7 мың тонна.

Мал азығын өндірісін арттыру мақсатында 16,1 мың гектар жерге дақылдар егілді, бұл аудан шаруаларына мал азығын тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, егістік жерлерді өңдеу және тыңайтқышпен қамтамасыз ету үшін 14,9 мың тонна органикалық және минералды тыңайтқыш қолданылды.

Суармалы егістікті тиімді пайдалану ауданның өнім көлемін арттырудағы маңызды факторлардың бірі болып отыр. 2025 жылы 73 шаруа қожалығы 1 595 гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді: 1 395 гектары тамшылатып суғару, 200 гектары жабырлатып суғару. Мысалы, Жеңіс ауыл округінен «ПК Дала» АӨК 650 гектар жерге тамшылатып суғару тәсілімен мақта егіп, гектарына 45 центнерден өнім алды.

Ауданның егін шаруашылығын дамытуда заманауи техника мен технологияларды пайдалану маңызды рөл атқарады. 2025 жылдың 11 айында шаруалар 168 бірлік жаңа техника сатып алды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен едәуір жоғары және жоспар 100% орындалды.

Сонымен қатар, суармалы жерлерді жақсарту мақсатында каналдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 9,5 млрд теңге болатын 9 каналдың күрделі жөндеуі жүзеге асырылуда. Бұл шаралар суармалы жерлерді толық қамтамасыз етуге және мол өнім алуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, Ордабасы ауданының егін шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді шаралар – ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға, өнім сапасын жақсартуға, заманауи технологияларды енгізуге және аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға бағытталған маңызды стратегия болып отыр.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

2025 жылы қайтарылған қаражат есебінен 29 жобаға жалпы 152,2 млн теңге қаржыландырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Өсім мен өнімділікке бағытталған стратегия

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

2025 жылы 42 азамат жылыжай салуға ниет білдірді

08.12.2025
2
Жаңалықтар

Ордабасы ауданының агроөнеркәсіп кешенінде инвестиция тарту – ауыл шаруашылығын дамытудағы басты бағыттардың бірі.

08.12.2025
2
Жаңалықтар

2025 жылы Ордабасы ауданы бойынша бірқатар каналдарға күрделі жөндеу жүргізілді.

08.12.2025
2
Жаңалықтар

Ордабасы ауданының егін шаруашылығын дамыту стратегиясы

08.12.2025
2
Жаңалықтар

Ордабасы ауданында мал басы бойынша өсім байқалады.

08.12.2025
2
Жаңалықтар

Ордабасы ауданының экономикасын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі – инвестициялық жобаларды іске асыру.

08.12.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
445

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
233
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
184
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
183

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.