2025 жылы қайтарылған қаражат есебінен 29 жобаға жалпы 152,2 млн теңге қаржыландырылды. — Төрттаған
Вторник, 16 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2025 жылы қайтарылған қаражат есебінен 29 жобаға жалпы 152,2 млн теңге қаржыландырылды.

08.12.2025
Жаңалықтар
0

Ордабасы ауданының әлеуметтік дамуындағы маңызды бағыттардың бірі – ауыл тұрғындарын мемлекеттік қолдау арқылы олардың әл-ауқатын арттыру. Бұл бағытта ерекше рөл атқарып отырған бағдарлама – «Ауыл аманаты». Бағдарлама ауыл тұрғындарын қолдауға арналған кешенді шараларды қамтиды және ауданның аграрлық әлеуетін арттыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, жастардың ауылда қалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

2024 жылы бағдарлама аясында ауданның бірнеше ауылдық округтерінде скрининг жұмыстары жүргізіліп, ІІІ кезеңге Қажымұқан, Шұбарсу, Төрткүл, Бөген ауылдық округтері енгізілді. 2025 жылы қайтарылған қаражат есебінен 29 жобаға жалпы 152,2 млн теңге қаржыландырылды. Сонымен қатар, аталған 4 ауылдық округте 6 агроөнеркәсіп кешені (АӨК) құрылып, 141,2 млн теңгеге қаржыландырылды.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

Атап айтқанда:

  • Шұбарсу ауыл округінен «Алан Нұр» АӨК – 29 млн теңге;

  • Төрткүл ауыл округінен «Төрткүл-Құс» АӨК – 22 млн теңге;

  • Төрткүл ауыл округінен «Төрткүл-Балық» АӨК – 30 млн теңге;

  • Бөген ауыл округінен «Бөген 2030» АӨК – 20 млн теңге;

  • Қажымұхан ауыл округінен «Бейнетқор» АӨК – 20,2 млн теңге;

  • Қажымұхан ауыл округінен «ЕлнұрАйдар» АӨК – 20 млн теңге.

Бағдарлама аясында тұрғындардың табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылды. Мысалы, Шұбарсу ауыл округінде арнайы жылыжай кешені үшін 15 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылым жүргізілді. Жылыжай салуға ниет білдірген 42 азаматтың 30-ы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5 пайызбен 250 млн теңге несие алып, қазіргі таңда өз жылыжайларын іске қосқан. Бұл жылыжайларда өндірілген өнімдер нарыққа шығарылып, тұрғындардың табысын арттыруға мүмкіндік беруде.

Бағдарламаның тиімділігі – тек қаржылық қолдаумен шектелмейді. Ол ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізуге, заманауи әдістерді қолдануға және кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасайды. АӨК құрылымдары арқылы ауыл тұрғындары өз өнімдерін қайта өңдеу, сақтау және сатумен айналысу мүмкіндігіне ие болады, бұл ауылдық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, бағдарлама жастар мен әйелдердің ауылда қалуына ықпал етеді. Жас фермерлер мен кәсіпкерлер ауылдағы инфрақұрылымды пайдаланып, өз бизнесін дамыта алады. «Ауыл аманаты» бағдарламасы – Ордабасы ауданындағы ауыл тұрғындарын қолдаудың, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартудың және ауылдық экономикадағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді құралы болып отыр.

Қорытындылай келе, «Ауыл аманаты» бағдарламасы Ордабасы ауданында ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату көлемін арттыруға бағытталған стратегиялық маңызды жоба болып табылады. Бағдарламаның жүзеге асырылуы ауылдық экономиканы әртараптандыруға және жергілікті халықтың өмір сапасын жақсартуға нақты үлес қосады.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Ордабасы ауданында су үнемдеу жүйелерін енгізу арқылы 2025 жылы 73 шаруашылық 1 595 гектар жерге тамшылатып және жабырлатып суғару әдістерін қолданды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

2025 жылы 73 шаруа қожалығы 1 595 гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

05.06.2026
4
Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 206 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАП, ӨСІМ 111,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 206 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАП, ӨСІМ 111,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

04.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

03.06.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.