Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Жиынға аудандық білім бөлімі, құқық қорғау және денсаулық сақтау салалары, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ қала және Қоссейіт ауылдық округінің тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, өзекті мәселелер қаралды. Комиссия мүшелері жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың себеп-салдарына тоқталып, оларды болдырмау жолдарын қарастырды.
Жиын қорытындысы бойынша сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, қараусыз және қадағалаусыз жүрген балаларды анықтау, тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңсыз автокөлік басқаруына жол бермеу мақсатында ата-аналар мен жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.