ТҮЛКІБАСТА 1 МЛН ТОННА ЦЕМЕНТ ӨНДІРЕТІН ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ — Төрттаған
Четверг, 3 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА 1 МЛН ТОННА ЦЕМЕНТ ӨНДІРЕТІН ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

19.06.2025
Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАСТА 1 МЛН ТОННА ЦЕМЕНТ ӨНДІРЕТІН ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түлкібас ауданында биыл қаңтар-мамыр айлары аралығында жалпы өңірлік өнім көлемі 29,9 млрд теңгені құрады. Ал, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 15 млрд теңгеге жетіп, өсім 81,6 пайызды құрады. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев мәлімдеді.
«Қазіргі таңда ауданда 4 орта, 22 шағын, 6 қосалқы, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқарады. 2025 жылы жалпы инвестициялық құны 42,5 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда. Аталған жобалар 395 азаматты тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Атап айқанда, «Beibars Bottlers» ЖШС-ң ауыз су және түрлі-түсті сусындар өндірістік зауыты. Сондай-ақ, Састөбе кентінде орналасқан «Састөбе инновациялық кешені» ЖШС-і цемент, кальций карбид, каустикалық сода, ПВХ және әк өндіруді жоспарлауда. Қуаттылығы жылына 1 млн тонна цемент, 200 мың тонна кальций карбиді, 120 мың тонна пвх, 100 мың тонна каустикалық сода және 400 мың тонна әк өндірмек. Жобаның жалпы құны 180 млрд теңгені құрайды. Одан бөлек, 940 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, «Түлкібас әк зауыты» мекемесі жылына 22 мың тонна әк өндіретін кәсіпорынды қайта құрылымдау жұмыстарына 1,2 млрд теңге қаржыны қажет етеді. Бүгінгі таңда қаржы көзі анықталуда. Зауыт толық құрылымдаудан өткен соң, жылына 150 мың тонна әк өндіріліп, 50 адам қосымша жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Биылғы жылы ауданда шағын және орта бизнес нысандарының саны 10167-ге жетіп, оларда 14 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған»-деп баяндады аудан басшысы.
2025 жылдың 4 айында ауданға 5 670 турист келген. Аталған саланы дамыту мақсатында Иірсу елді мекенінің маңынан 100 га жерге спорт, мәдени, емдік-сауықтыру рекреациялық аймақ құру бойынша жоба әзірленіп, облыс әкімшілігіне жолданды. Сондай-ақ, 2025 жылы аймақта туризм саласын дамыту мақсатында жалпы құны 2,3 млрд. теңгелік 3 жоба іске аспақ. Атап айтқанда, Қараағашты ауылында орналасқан «Ақсу-Жабағылы» оңалту сауықтыру кешенің» қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізіп, шипажай сыйымдылығын 500 орынға арттыру. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Одан бөлек, Кершетас ауылында орналасқан жеке кәсіпкер «Патсаев К» туристік аймағы. Жобаның құны 150 млн теңге. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда іске қосылды. Машат ауылында орналасқан жеке кәсіпкер «А.Бакеев» демалыс аймағы. Жобаның құны — 200 млн теңге. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, құжаттары рәсімделуде. Жоғарыда аталған жобалар іске асқан жағдайда 175 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
«Сонымен қатар, өңірде осы жылдың алғашқы жартысында ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 3,9 млрд теңгені құрайтын жобалар жүзеге асуда. Олардың қатарында 3 жеміс-жидек сақтау қоймасы, 2 алма бау және 1 балық өсіретін шаруашылық бар. Ауданда құрылыс саласында қазіргі таңда 104 пәтерлі 5 қабатты тұрғын-үй салынып пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, биыл 2 фельдшерлік-акушерлік тіректің құрылысы аяқталып ел игілігіне берілмек. Сондай-ақ, жаңа оқу жылына дейін 5 мектеп күрделі жөндеуден өтетін болады. Айта кетерлік жайт, аймақтағы 59 елді мекен толықтай газ жүйесі және ауыз сумен қамтылған. Осы жылы 5 елді мекендегі жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын 18 көшенің жөндеу жұмыстары жүреді. Жергілікті тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында 13 ішкі көшелерге және 3 аудандық жолдарды орташа жөндеу үшін сметалық құжаттар әзірленіп, салалық басқармаға ұсынылды»-деп мәлімдеді өңір басшысы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

МАҚТААРАЛДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

NEET санатындағы жастарды анықтау және қолдау мақсатында үй аралау жұмыстары жүргізілді

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.