Қаржы пирамидаларының заңсыз қызметі — Төрттаған
Четверг, 24 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қаржы пирамидаларының заңсыз қызметі

26.01.2025
Қоғам
0
Қаржылық пирамида ғұмырының кезеңдері

Қазіргі уақытта күштік құрылымдар тарапынан қаржы пирамидаларының заңсыз қызметі мен өзге алаяқтық схемалардың жолын кесу жөнінде белсенді түрде шаралар қабылдануда. Алайда инвестициялық қызметі бар деген желеумен компаниялар қызметін жалғастыруда, олар азаматтарымызды шатастырып, қазақстандықтардың аңғалдығынан пайда табуда.

Осыған байланысты мемлекеттік органдар ведомствоаралық жұмыс тобын құрды, оның құрамына бірнеше министрліктің, қаржы мониторингі комитетінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері кірді.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Ведомствоаралық жұмыс тобы қаржы пирамидаларына, атап айтқанда,  жалпы қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасаудың әлемдік тәжірибесін және озық практикасын зерделейді. Зерделеу нәтижесі бойынша ағымдағы заңнамаға өзгерістер ұсынылады және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жасаудың тиімді шаралары әзірленеді. Атап айтқанда, қазіргі кезде қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны және заңсыз ұйымдардың қызметін жарнамалағаны үшін  жазаны қатаңдату мәселесі қаралауда.  Бұл жөнінде Fingramota.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

Агенттік жұмыс тобының қатысушысы ретінде жарнаманың және өзге де ақпарат көздерінің жүйелі мониторингін, сондай-ақ анықталған фактілерге жедел ден қою мақсатында барлық қатысушылармен тұрақты ақпарат алмасуды жүргізіп отырады.

Мәселен, 2020 жылғы қараша-желтоқсан айларында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сияқты республикалық маңызы бар үш қалада және облыс орталықтарында 71 интернет-ресурсты, 20 телевизиялық арнаны, 20 радиостанцияны және 35 баспа басылымын қамтыған мониторинг жүргізілді. Заңға қайшы әрекеттер немесе қаржы пирамидаларының белгілері анықталған жағдайда, ақпарат дереу құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Мониторинг аясында қызметі күдікті және қаржы пирамидаларының белгілері бар бірнеше ұйым анықталды. Олардың ішінде ең көп шу тудырған «QI-Trade Kazakhstan» ЖШС, ол өз салымшыларына кепілді кіріс алу мақсатында Amazon алаңында саудаға инвестиция салуды ұсынған. Рolisia.kz. порталының мәліметтеріне сәйкес құқық қорғау органдары аталған компанияның екі директорын жуықта құрықтады. Оларға «Қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оған басшылық ету»  ҚР ҚК 217-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды, ол бойынша жауапкершілік
7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды көздейді. Қаржы пирамидасының бас ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды, фирманың есеп шоттарына тыйым салынды, белсенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Осыдан Қазақстанда қаржы пирамидаларын ұйымдастыру ешбір жағдайда жазалаусыз қалмайды деген қорытынды жасауға болады.

Мемлекеттік органдар тарапынан мониторингтеу ұйымдардың күдікті қызметінің белгілерін ерте кезеңінде анықтауға және қаржылық шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді. Алайда бірінші кезекте қарсы іс-қимылды азаматтардың өздері бастауы тиіс. Егер қаржы пирамидаларына ешкім қаражат салмаса, онда оларды ұйымдастыру да тиімді емес болады да қалады.

Азаматтар үшін бірнеше қарапайым кеңес беруге болады. Әрбір адам қаражатты салу мәселесін қарастырған кезде сақ болу және жоғары кірістілікке уәде етілген кезде басы айналмауы қажет. Насихаттау ретінде ақша табуға жақсы мүмкіндік беретін осындай компанияны жолы болып кенеттен таба білген жұмыстағы танысының немесе көршісінің нақты табысты өмір тарихы өте жақсы жұмыс істейді. Егер пайда ірі және ол еш негізсіз болса, бұл бастапқы салымшыларға кейінгілердің есебінен сыйақы төленетін қаржы пирамидаларының классикалық тәсілі екендігі айқын. Осындай пайда алған адамдар мұндай компанияға оншақты, керек десе жүздеген жаңа әлеуетті «инвестор» әкеледі, себебі компанияның жақсы ниетіне сенімі жоғары болады да олардың қармағына күн өткен сайын көптеген жақтастарын тартуға бар ынтасымен кірісетін болады.

Жеке инвестицияны тарту бойынша өз қызметін енді ғана жүзеге асыра бастаған компанияның «алғашқы толқынына» тап болуға үміті барлар үшін тағы да бір ескерту. Қаражатты жоғалту тәуекелі мұнда әлі де жоғары. Моральдық жағының да үлкен рөлі бар. Компанияға ешбір кіріс келмейді, тек өз ақшасын сеніп тапсырған адамдардың салымдары ғана бар. Айламен келген ақша бақыт әкелуі ықтимал ма.

Абай болыңыздар және қиялдай арбаған әрі ешқандай кепілдік берілмеген пайда үшін тәуекел жасауға және жинақ ақшаңызды жоғалтып алуға қаншалықты дайын екендігіңіз жөнінде әрқашан өздеріңізге сұрақ қойыңыздар.

Қаржы пирамидаларының негізгі белгілері:

1. Қаржы реттеушісінің ақша қаражатын тарту жөніндегі қызметті  жүзеге асыруға лицензиясының болмауы;

2. Жаңа қатысушыларға басқа салымшылардың жарналарынан ақша қаражатын төлеу;

3.   Меншікті негізгі қаражаттың, басқа да қымбат активтердің болмауы

4. Егер компания «кеше ғана» тіркелген болса, қаражат жинау қарсаңында оның ең аз жарғылық капиталы және жалғыз құрылтайшысы болса, бұл күдік тудырады. Бұл, әсіресе, компания өзін сәтті және дамып келе жатқан компания ретінде көрсеткен кезде күдікті саналады;

5. Ұйым белсенді түрде жарнамаланады және нарықтық деңгейден әлдеқайда жоғары, бұрын-соңды болып көрмеген жоғары кірісті уәде етеді;

6. Сізге тәуекелдер жоқ деп айтылады. Нағыз инвестициялық   компаниялар салымшыларға тәуекелдер туралы ескертеді;

7.  Алдын ала жарналар – жобаға инвестиция салу мүмкіндігіне дейін (содан кейін үлкен дивидендтер алу үшін) сіз рұқсат алу үшін аз мөлшерде, әдетте, қолма-қол ақшамен салым салуыңыз керек Бұл әділетсіз ойынның айқын белгісі;

8. Егер компания сіздің ақшаңызды жоғары кірісті кәсіпорындарға (мысалы, мұнай немесе алтын өндіру, құрылыс) инвестициялайды деп мәлімдесе, құжаттық растауды сұраңыз. Құжаттар жоқ болса – Сіздің алдыңызда 100% алаяқтар екені даусыз;

9. Егер бірдеңе дұрыс болмай қалса, компания сіздің алдыңызда жауапты ма, әлде жоқ па екенін шарттан білу түсініксіз. Сіз оларға қандай жағдайда да ақшаңызды бермеңіз;

10.  Сізден жаңа клиенттерді тарту сұралады – бұл сіздің алдыңызда басқалар арқылы ақша тапқысы келетін айқын емес қаржылық схеманың бар екендігіне тағы бір дәлел.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қаржы пирамидасы қалай жұмыс істейді?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтықтың қандай кең тараған түрлері бар?

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.