Қырағылық пен сақтық танытқан жөн — Төрттаған
Среда, 23 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қырағылық пен сақтық танытқан жөн

30.01.2025
Қоғам
0
Қырағылық пен сақтық танытқан жөн

Түркістан облысындағы және бүкіл елдегі мемлекеттік органдар қаржы пирамидаларының таралуын болдырмау үшін белсенді жұмыс істеуде. Азаматтардың осындай схемаларға қатысуға байланысты тәуекелдер туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық науқандар үнемі өткізіліп тұрады. Анықталған пирамидалар туралы материалдарды жариялайтын және азаматтарды ықтимал қауіптер туралы ескертетін бұқаралық ақпарат құралдары да маңызды рөл атқарады.
Алайда, бірде-бір Заңнама және бірде-бір ақпараттық науқан азаматтарды өздері қырағылық пен сақтық танытпаса, оларды толықтай қорғай алмайды. Алаяқтар әрқашан адамдарды алдаудың жаңа жолдарын іздейтінін есте ұстаған жөн, тек сіздің хабардарлығыңыз бен сақтығыңыз олардың қулықтарынан нақты қорғаныс бола алады.

Қазіргі кезде қаржы пирамидалары өздерінің тұзағына түсіру үшін тез әрі жылдам табыс алу «ертегісіне» сенетін адамдарды тарту үшін түрлі әдістерді пайдаланады. Алаяқтарды өзіне тән белгілермен анықтауға болады, олар туралы Fingramota.kz-ке сілтеме жасаған tagan.kz жазады.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Қаржы пирамидалары тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де жандана түсті. РФ Орталық банкінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері қаржы пирамидаларының саны 1,5 есе – 146 ұйымға дейін өсті. Реттеуші алаяқтардың күшеюін экономикалық белсенділіктің артуымен, сондай-ақ халықтың инвестицияларға қызығушылық таныта бастауымен түсіндіреді.

«Қаржы пирамидасын қалай әшкерелеуге болады» чек-парағы
Сонымен, толық қауіпсіз болу үшін, Fingramota.kz сіз үшін қаржы пирамидасын анықтауға болатын белгілердің чек-парағы жасады:
1. Әкелген клиенттер үшін сыйақы
Егер сізге компанияға әкелген әрбір клиент үшін қосымша ақы төлеуге уәде берілсе, бұл ақшаны салмау үшін және барлық таныстарды осындай тәуекелді іс-шарадан бас тартқызу үшін жеткілікті негіз болып табылады.
2. Нарықтық деңгейден бірнеше рет асып түсетін жоғары кірістілікке кепілдік беру
Түрлі «инвесткомпаниялар» кірістілікке кепілдік бере алмайды, бұған  заңнамалық тұрғыдан тыйым салынған. Егер біреу кепілдік берсе, ол — алаяқ деген сөз. Басқаша болмайды!
3. Қажетті лицензиялардың болмауы
Компания ақшалай салымдарды халықтан тартады немесе қор нарықтарына инвестициялауды ұсынады, бірақ оның қолында лицензиясы жоқ, бұл ретте онымен байланысу керегінің бар-жоғы жөнінде мықтап ойланыңыз. Мұндай ұйымдар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында емес, яғни сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді ешкім қорғай алмайды.
4. Кіру жарнасының болуы: ресімдеуге, оқытуға, акциялар және т.б. үшін
Әдетте, бұл жарна пирамиданы ұйымдастырушылардың негізгі кірісі болып табылады, сондай-ақ қаржы пирамидасына тән айқын белгі.
5. Меншікті негізгі құралдардың, басқа да қымбат активтердің болмауы
Компанияның қолда бар мүлкі мен активтерін нәтиже ойдағыдай болып шықпаған жағдайда сатуға және салынған ақшаны ішінара қайтаруға болады. Ал қаржы пирамидаларында мұндай активтер болмайды.
6. Өктем жарнама науқаны
Қаржы пирамидасы жарнамасы көптеген клиенттерді тез тартуға арналған және тек жариялануы пирамидалардың негізін қалаушылар үшін пайдалы болатын ақпаратты қамтиды. Әрине, мұндай компанияның клиенті кездестіруі мүмкін тәуекелдерді жарнама берушілер белгілі себептермен айтпауға тырысады.
7. Ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы
Пирамидаларда салымшылардың өздігінен басқа клиенттері жоқ. Сізге өнім берушілерді, мысалы, басқа бизнес-серіктестерді ешқашан көрсетпейді.
Жалпы компанияға ақша салмас бұрын, ол туралы мүмкіндігінше көп ақпарат алыңыз. Пікірлерді зерттеңіз, бірақ бұл мәселеге мұқият қараңыз, өйткені оларды мүдделі адамдар қалдыруы мүмкін. Барлық құжаттарды оқыңыз. Компания нақты немен айналысатынын және ақшаңыздың қайда салынатынын сұрап біліңіз. Мұны қалай растауға болатындығын сұраңыз. Бұл ақпаратты өзіңіз тексеріңіз. Осыған ұқсас қызметтерді ұсынатын басқа ұйымдармен талаптарын салыстырыңыз. Егер сіздің қаражатыңызды орналастырудың неғұрлым пайдалы шарттары болса, олардың компанияларының пайдасы осы салада жұмыс істейтін ұқсас құрылымдарға қарағанда ненің есебінен бірнеше есе жоғары екенін компания қызметкерінен сұраңыз және сұрақтарыңызға нақты жауаптар алыңыз. Егер компания кез-келген сылтаумен ақпарат беру, тіпті құжаттармен танысу мүмкіндігінен бас тартса, инвестицияланған ақшаны алу одан да қиын болатыны айдан анық.
8. Төлемдер тек қолма-қол ақшамен қабылданады
Егер компания осылай жасаса, онда бұл ұйымға сенбеуге барлық негіз бар, өйткені ол ақша қозғалысының бақылануынан барынша қашады.
9. Тек жеке кездесу кезінде кеңес беру
Жеке кездесуде клиенттің сеніміне кіріп, оны ақша салуға сендіру үшін әртүрлі психологиялық әдістер мен амалдарды қолдану оңайырақ.
10. «Шартқа» ойланбай қол қоюды ұсынады
Асығыс шешім қабылдамаңыз! Шарттың үлгісін қолға беруді сұрап, онымен үйде асықпай танысып шығыңыз. Егер оның жекелеген ережелері қиындық тудырса, маманмен кеңесуге тырысыңыз. Берілген ақшаның орнына Сізде қандай құжат қалатынын қараңыз. Оның заңды күші бар ма?
Кез келген қаржылық құжатты, әсіресе шартты мұқият оқуды әдетке айналдырыңыз. Түсінбестен ештеңеге қол қоймаңыз. Содан кейін сіздің ақшаны қайырымдылық немесе кіру жарнасы ретінде салғаныңыз, соның арқасында күмәнді клубқа мүшелікке ие болғаныңыз анықталуы мүмкін. Егер Сізге шарт немесе оның жекелеген ережелері ұнамаса, оған қол қоймаңыз.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Келес ауданында жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтықтың жаңа түрі — квишинг

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.