Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелерінің қатысуымен №20 Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларына қылмыс пен құқықбұзушылық, нашақорлық, лудомания, интернет алаяқтық, отбасы құндылығы, қоғамға құрмет, «Тұрмыс» жедел-профилактикасы, суицидтің алдын алу, буллинг, кибербуллинг және тағы басқа тақырыптарда семинар өтті.
Жиынға Жетісай аудандық полиция бөлімі ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Бекмырза Абдурахманов, Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Қиятов Бақберген Оразбекұлы, Жетісай жастар орталығының психологы Жазира Қайратқызы, Жетісай АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция майоры Ерболат Туреханов, Жетісай АПБ ЮПТ инспекторы полиция майоры Ошанов Асылжан, топ мүшелері Тәжибаева Аружан мен Тастанбек Ернардың қатысты.
Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді…
Жиынға қатысқан психолог-мамандар тарапынан жас мамандар арасында келеңсіз жағдайдың алдын алуға байланысты кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында оқушылар қойған сұрақтарға жауап беріп, суицидтің алдын алу, интернет алаяқтық, лудомания, зорлық-зомбылық тақырыптарында жаднамалар таратылды.