Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелерінің қатысуымен №21 Б.Майлин атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларына қылмыс пен құқықбұзушылық, нашақорлық, лудомания, интернет алаяқтық, отбасы құндылығы, қоғамға құрмет, «Тұрмыс» жедел-профилактикасы, суицидтің алдын алу, буллинг, кибербуллинг және тағы басқа тақырыптарда семинар өтті.
Жиынға Жетісай аудандық полиция бөлімі ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Бекмырза Абдурахманов, Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Қиятов Бақберген Оразбекұлы, Жетісай жастар орталығының психологы Жазира Қайратқызы, Жетісай АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция майоры Ерболат Туреханов, Жетісай АПБ ЮПТ инспекторы полиция майоры Ошанов Асылжан, топ мүшелері Тәжибаева Аружан мен Тастанбек Ернардың қатысты.
Семинар барысында оқушылар қойған сұрақтарға жауап беріп, суицидтің алдын алу, интернет алаяқтық, лудомания, зорлық-зомбылық тақырыптарында жаднамалар таратылды.