Ордабасы ауданы, Қараспан ауылы, «Е.Ерназаров” атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мобильдік топ кездесу өткізді:
— міндетті мектеп формасы талаптарының орындалуы, оқушылар арасында сексуалдық сипаттағы қылмыстың құрбаны болудың алдын алу;
— ерте жүктіліктің алдын алу;
— зорлық-зомбылық, нашақорлық, суицидтің алдын алу, ерте және мәжбүрлі некеден қорғану мәселелеріне байланысты жоғары сынып оқушыларының арасында жиналыс өткізілді.
Ордабасы аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Тайтелиева Гулия қыз тәрбиесі жайында ақыл-кеңестерін берді.
Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұлтусын Мұратбек және Қараспан учаскелік аурухана дәрігері Кенжекулова Куларайым, медсестра акушерка Стамкулова Гүлназия “ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында баяндама оқыды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Сындарова Ардақ Абдрашитқызы салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтану жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ордабасы АПБ-нің ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылыққа қарсы бөлімнің инспекторы Мұратбекова Жанар зорлық-зомбылық, нашақорлық, суицидтің алдын алу, ерте және мәжбүрлі некеден қорғану мәселелеріне байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің сектор меңгерушісі Сариева Мөлдір
келеңсіз жағдайлардың алдын алу мәселесі, инспектор Баймахан Диана мемлекеттік бағдарлама бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үнпарақшалар таратты.