Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ- нің ұйымдастырумен № 7 кәсіптік колледж студенттерімен өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында «Мен өмірді сүйемін» атты кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты — өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу үшін психологиялық қолдау көрсетіп, суицидтік мінез-құлықтың себептерін ерте анықтау және оған тиімді әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Жаһандағы ең өткір проблемалардың бірі – суицид. Бұл дерт жастар арасында белең алып, көпті алаңдатып отыр.
Суицид. Бұл сөзді естігенде көбіміздің ойымызға жантүршігерлік жайттар елестейді. Соңғы статистикаларды қарай отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың күннен-күнге артып бара жатқанын байқауға болады. Айта кетерлік жайт, олардың көбісі – жасөспірімдер.
Суицидке көбінесе жалғыздық жетелейді дейді мамандар. Алайда, біздің жастарымызда қайдағы жалғыздық деген ой туындайды. Осы сұраққа жауап алу үшін аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі бас маманы Зарина Қожмамбетовамен тілдескен болатынбыз. Оның айтуынша, ауданымызда соңғы жылдары суицид фактілері тіркелген жоқ. Бала үнемі ата-анасының қамқорлығында болып, үнемі балаға көңіл бөліп отырса, балада жалғыздық сезімі туындамайды.
Зерттеулерге сәйкес, суицид туралы ойлайтын адамдардың өмір мен өлімге қатысты екіұшты сезімдерін сезінуі және олардың азаптарынан жеңілдік іздеуі сирек емес. Адам мұндай әрекетті осы сәттің әсерінен жасай алады және бірнеше күннен кейін өмір сүргісі келген кезде өледі.
Адамға психологиялық қолдау көрсету арқылы суицидтің алдын алуға болады. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ аман қалған адамдарды тексеру барысында олардың көпшілігі кейіннен өлімнен құтылуға қуанышты екендігі атап өтілді.
Суицидке бейімділігі бар көптеген адамдар психикалық аурумен ауырмайды, ал психикалық ауытқулармен өмір сүретін көптеген адамдар өз өмірін жоғалтқысы келмейді.
Суицидке толы дағдарыстық жағдайларда өткір психологиялық стрестің, созылмалы ауырсынудың, зорлық-зомбылық тәжірибесінің, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік факторлардың болуы сияқты бірқатар себептік және ілеспе факторларды ескеру қажет.
Суицидтік мінез-құлықтың қарапайым түсіндірмесі жоқ. Бұл ешқашан жалғыз факторға немесе оқиғаға байланысты емес. Адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін факторлар өте көп және күрделі. Суицидтік мінез-құлықтың себептерін түсінуге тырысқанда физикалық және психикалық денсаулық жағдайын, өмірдегі стрестік оқиғаларды, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени факторларды ескеру қажет.
Жалпы әлемде жыл сайын шамамен миллионға жуық адам өз-өзіне қол салып көз жұмады. Олардың 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады.
Әрбір суицидке баратын тұлға ең алдымен ниеттенеді, содан мақсат қойып, әрі қарай жоспарлайды дейді психологтар.
«Адам белгілі бір проблемаға тап болаған кезде,өзін тығырыққа тірелдім деп ойлайды.Осылайша, ар жағын ой елегінен өткізбей, оңай көз жұма салам деген шешім қабылдап жатады. Бұл әсіресе еркектер мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі.Адам көбінесе жалғыздықтан немесе қоғамдық ортадан шеттелгендіктен өз-өзіне қол жұмсайды. Әрбір ата-ана өзінің баласымен тығыз қарым-қатынаста болса, бала қоғамға тез үйренеді,әрі жалғыздықтың не екенін білмей өседі. Баланың жеке тұлға болып қалыптасыуына ата-ананың үлесі зор. Бала өсіп келе жатқан кезде-ақ балаға біраз көңіл-бөлген жөн. Бұл жалғыздықтың алдын алатын алғашқы қадамдар болып есептеледі.Мектепте әрбір тұйық оқушымен жұмыс істеу ол біздің парызымыз және біз қолдан келгенше әрбір оқушымен қарым қатынаста болуға тырысамыз», – дейді психолог маман.