Жетісай аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ-нің Жетісай қаласына бекітілген учаскелік полиция инспекторларының 2025 жылдың 1-тоқсанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, қылмыстардың алдын-алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қаржылық пирамидалары мен интернет-алаяқтықпен күресу бағытында профилактикалық жұмыстарының қортындысы туралы халыққа есебін беру бойынша Жетісай қаласындағы М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназияның мәжіліс залында Жетісай АПБ бастығы Ә.Сапарбеков, Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Ж.Ғаппаров, Жетісай АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Б.Абдурахманов, Жетісай АПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры А.Жусипов, Жетісай АПБ № 172 және №174 УПП учаскелік полиция инспекторлары, Жетісай қала әкімдігінің заң бөлімінің бас маманы Н.Серік, қоғамдық кеңестің мүшелері, ақсақалдары, мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындарының қатысумен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында Жетісай АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Б.Абдурахманов мен Жетісай АПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры А.Жусипов 2025 жылдың 1-тоқсанда атқарылған қылмыстардың алдын-алуда, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде профилактикалық жұмысының қорытындысы туралы халыққа есеп берді.
Жетісай АПБ бастығы Ә.Сапарбеков тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, олардың құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, интернет-алаяқтар көп қолданатын әдістер мен оларға қарсы тұратын тәсілдерін, соның ішінде «Банктік несие алудан ерікті түрде 6 айға баста тарту» қызметін түсіндірді. Қоғамдық кеңестің мүшелері мен ақсақалдар жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полициямен тығыз ынтымақтастықта болудың қажеттілігін атап өтті.
Қортындылай келе, өз сөзінде «кілемді жабын» бейнебақылау жобасы аясында кәсіпкерлерге өздерінің коммерциялық объектілеріне сапалы бейнебақылау камераларын орнатып және орнатылған бейнебақылау камераларын Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына біріктіру (интеграциялау) керектігін түсіндірді.
Соңғы жылдары ғаламтор желісін алаяқтық мақсатта пайдаланып жасалатын құқық бұзу фактілері көбеюде. Адамдарды алдау үшін алаяқтар әлеуметтік желілерді, сауда интернет-алаңдарын пайдаланады және жалған интернет-дүкендер, «фейк» парақшалар мен сайттар ашады.
Полиция қызметкерлері барлық азаматтарды қырағы болуға шақырады: ешкімге ақша аудармаңыз, ешбір жағдайда бөгде қосымшаларды орнатпаңыз немесе күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Өзіңізді жалған инвестициялық схемаларға тартуға жол бермеңіз, егер сізге туысқаныңыз қиыншылықта екенін айтса, оған өзіңіз қоңырау шалыңыз және бұл алаяқтық емес екеніне көз жеткізіңіз.
Осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда 102 арнаға дереу хабарласуға болатынын еске салды.
Жиналыс соңында қатысушылар құқық қорғау органдарының жұмысына қолдау көрсету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша бірлескен әрекеттерді жалғастыру туралы келісімге келді.