Елімізде интернет-алаяқтар белсенді әрекет етуде — Төрттаған
Четверг, 3 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Елімізде интернет-алаяқтар белсенді әрекет етуде

22.01.2025
Қоғам
0
Интернетте жалған брокерлер мен дилерлердің белсенділігі артуда

Қазақстанда интернет-алаяқтар белсенді әрекет етуде. Олар адамдарды алдау үшін көбінесе фишингтік сайттар жасайды.

Фишинг (англ. phishing, fishing сөзінен – балық аулау) – интернет алаяқтығының кең тараған түрі. Киберқылмыскерлердің жасаған сайтын нағыз интернет-дүкеннен ажырату қиын. Фишингерлер сізді алдап, спам хаттарды, sms, қауіпті веб-сайттардың сілте­ме­сін жаппай жіберу арқылы жал­ған сайтқа кіргізеді. Жалған сайт сізден пин-код, жасанды сөзді енгізуді сұрайды. Аз ғана уақыттың ішін­де алаяқтар сізге қа­тысты бар­лық ақпаратты анық­тап, жеке шоты­ңыздан ақша ұр­лайды.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Фишинг жасаушылардың кең таралуының бір себебі, фишинг сайттар өте оңай жасалады. Қас­к­үнем өзінің құрбанынын тек құ­пия сөздерді енгізуге сендірсе бол­ғаны, қалғаны технологияның тақы­мында.

Фишинг сайттардың көшір­мелері қазір еркін айналымда. Танымал әлеуметтік желілердің және банк сайттарының тек бас­тапқы интернет парақшасы­ның көшірмесін сатумен, жасаумен ай­налысатын платформалар өте көп.

Желіде ең көп тараған интернет алаяқтығы – қызмет көр­сету және сату саласында. Әдетте алаяқтар өз құрбандарын тауар­лардың арзан бағасымен және қызметтерді жылдам ұсынумен қызықтырып тартады. Сонымен қатар пайда­лы инвестицияларды сылтауратып биржаларға ақша салу, өткізілетін спорт­тық сайыс­тарда «ойын нәти­жесін» айту секілді форматтар да көп кез­деседі.

«Impact Networking» ком­паниясының мәліметі бойынша, фишинг шабуылдардың 36 па­йызы SaaS (Software as a Service), яғни қызмет ретінде бағдар­ла­малық қамсыздандыруға келсе, төлем және қаржы саласына сәй­кесінше 22 және 18 пайыздан келіп, ең көп таралған үштікті қо­ры­тындылайды.

Интернет өміріміздің маңызды бір бөлігіне айналғаны сөзсіз. Егер бұрын біз оны жаңалықтар оқу және музыка тыңдау үшін қолдансақ, ендігі уақытта ол арқылы біз тауарлар сатып аламыз, ақша аударамыз және тағы да көптеген шаруаларымызды тындырамыз. Бұл, өз кезегінде, алаяқтар үшін сіздің деректеріңізді, парольдеріңізді қолға түсіріп, сіздің ақшаңызды ұрлау үшін жақсы нысанаға айналды.

Фишингтік сайттардың негізгі белгілерін қарастырып, олардан қорғану тәсілдері жөнінде  толығырақ Fingramota.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

Алдымен біз мысал түрінде фишингтік сайттардың қалай жұмыс істейтінін қарастыратын боламыз. Әсем өзі үнемі сауда-саттық жасайтын маркетплейстен электрондық хат алды. Одан осыған дейін жасаған сатып алулары үшін бонустар түсу үшін өз аккаунтын растауды сұрайды. Онлайн-дүкеннің адалдығына сенімді Әсем хатпен келген сілтеме бойынша өтіп, өзінің дербес деректері мен банк картасының деректерін енгізді. Бұдан кейін қыздан картаның түпнұсқалығын растау үшін 1 теңгеге бақылау төлемін жасауды сұратады. Төлем жасау кезінде картаның артқы жағынан үш таңбалы кодты — CVC кодын (CVV коды) енгізу қажет болды Алайда, Әсем барлық қимылдарды жасап болғаннан кейін оның картасынан 1 теңге емес, 100 000 теңге шешіп алған.

Неліктен бұлай болды? Әсем дүкеннің ресми сайтына емес, фишингтік сайтқа өткен. Ол сайттың ресімделгені мен оның сипаттамасындағы ұсақ дәлсіздіктер мен кемшіліктерге назар аудармаған, бұл оған үлкен шығын әкелді. Сондықтан, сіз дәл осындай жағдайға тап болмауыңыз үшін фишингтің негізгі белгілері жөнінде айтып береміз.

Бірінші белгісі

Сайттық жалған мекенжайы (URL) және онда  «s» әрпінің болмауы

Фишингтік сайттың негізгі мақсаты сіздің сеніміңізге кіріп алу болғандықтан, оның мекенжайы түпнұсқаға ұқсас болады, бірақ бір немесе екі қосымша әріптер болады.

Мысалы, егер ресми дүкеннің мекенжайы shop.kids.kz болса, алаяқтар былай жазады: shop11.kids.kz немесе shop-kids.kz. Алаяқтар біз мекенжай жолына көп жағдайда назар аудармайтынымызды пайдаланады, ал бұл өте маңызды көрсеткіш. Сонымен қатар, біз алдыңғы мақалаларда бірнеше рет айтқанымыздай, егер мекенжай жолында https:// емес, http:// деп жазылса, онда Сіз алаяқтық ресурсқа тап болдыңыз. «S» әрпі «қауіпсіздік» дегенді білдіреді.

Кеңес: өз деректеріңізді енгізбес бұрын әрқашан URL тексеріңіз. Оның https://- ден басталатынына және онда ресми сайттың атауы қатесіз жазылғанына көз жеткізіңіз.

Екінші белгі

Сайттың осал дизайны

Әдетте, тез пайда табуға мүдделі алаяқтар егжей-тегжейлі жағдайларға назар аудармайды және эстетика мен әдемі түстер палитрасы туралы ойланбастан, дизайнды қарапайым бағдарламаларда жасайды. Фишингтік сайттарда мәтін ұқыпсыз беттеледі, мәтіні құбылып тұрады, сілтемелері мен бөлімдері ашылмайды.

Кеңес: әрқашан сайттың жұмыс істеуін және оның дизайнын тексеріңіз, өзіңізден сұраңыз, бір көзбен қарағанда сізге не ұнамайды? Сондай-ақ, алаяқтар фишингтік сайтты жасауға әбден дайындалуы мүмкін екенін ескерткіміз келеді, сондықтан кез келген жағдайда да сақ болыңыз.

Үшінші белгі

Орфографиялық қателер

Біз стилистикалық қателерді немесе тыныс белгілерінің қателерін анда-санда бәріміз де жіберетінімізді түсінеміз. Алайда, егер сізді дүкеннің сайтына шақыратын хаттың мәтінінде және ресурстың өзінде өрескел орфографиялық және грамматикалық қателер болса, бұл сайтты жауып, антивирустың көмегімен құрылғыларыңызды тазартуға бірден-бір себеп болады.

Кеңес: мүмкіндігінше хаттар мен сайттарды оқыңыз. Егер мәтіндегі «Акцыялар тек бір күнге созылды!» немесе «Жалғы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!» сияқты қателер көзге түссе, сайттағы жұмысты жалғастырмағаныңыз жөн.

Төртінші белгі

Жеке деректерді енгізу талабы

Нағыз дүкендер мен компанияларға сіздің мекен-жайыңызды, куәліктің немесе төлқұжаттың нөмірін, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі аккаунттардың деректерін білудің қажеті жоқ. Оның ішінде егер сіз үнемі бір дүкеннен тауарлар сатып алсаңыз. Егер сізден сайтта дербес деректерді және банк картасының деректерін енгізуді талап етсе, онда сіз фишингтік сайтта екеніңізді біліңіз.

Кеңес: кіретін сайттардың қауіпсіздігіне көз жеткізбей, ешқашан оларға конфиденциалды деректерді енгізбеңіз. Одан да қолдау қызметіне қайта қоңырау шалыңыз, сізге шын мәнінде қалпына келтіру керек нәрсенің бар-жоғын нақтылаңыз.

Бесінші белгі

Жасанды түрде жеделдік пен шұғылдықты жасау

Жоғарыда айтып өткеніміздей, алаяқтар – адамның осал жерін жақсы білетін мықты психологтар. Сіздің абайсызда және ойланбастан әрекет етуіңіз үшін фишинг сайттар: «Тездетіңіз, болмаса аккаунтыңыз бұғатталады!» немесе «Деректеріңізді мүмкіндігінше тезірек қорғаңыз!» деген сияқты қысым жасау тактикасын қолданады

Кеңес: үрейге берілмеңіз. Компанияның ресми арналары арқылы ақпаратты тексеріңіз – бұл бірнеше минутыңызды алады, сонда сіз ақшаңызды сақтап қана қоймай, жүйкеңізді де жұқартпайсыз.

 

Fingramota.kz-тен бірнеше пайдалы кеңес:

Барлық төлемдер үшін бір картаны пайдаланбаңыз – интернеттен сатып алуға басқа карта жасатыңыз және онда сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің құнына тең сома ғана болсын.

Вирусқа қарсы бағдарламаларды қолданыңыз – олардың көпшілігі фишинг сайттардан қорғай алады. Сондықтан сенімді вирусқа қарсы бағдарлама орнатылғанына көз жеткізіп, оны үнемі жаңартып отырыңыз.

БҚ-ны жаңартып отырыңыз – құрылғы сізден бағдарламалық қамтылымды жаңартуды жәй әншейін сұрамайды. Мәселе мынада, браузерлер мен операциялық жүйелердің ескірген нұсқаларында алаяқтар өздерінің мүдделері үшін пайдаланатын осал жерлер болуы мүмкін.

Күдікті хаттар мен қоңырауларға сақ болыңыз – егер сізге банктің немесе басқа ұйымның атынан қоңырау шалса, ешқашан телефон арқылы деректеріңізді бермеңіз. Ресми нөмірге өзіңіз қоңырау шалыңыз.

Банктердің, мемлекеттік органдардың, сүйікті интернет-дүкендердің және басқа да онлайн-сервистердің мекенжайларын күнделікте немесе телефонда сақтаңыз. Осылайша сізде қауіпсіз сайттардың мекенжайлары үнемі болады және сіз оларды абайсызда ашқан мекенжайлармен салыстыра аласыз.

Өзіңізге, қаражатыңызға сақ болыңыз және қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕНТАУДА ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік» жобасы аясында

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
3
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
4
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.