Танысыңызға ақша аударған кезде абай болған жөн — Төрттаған
Суббота, 19 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Танысыңызға ақша аударған кезде абай болған жөн

06.02.2025
Қоғам
0
Танысыңызға ақша аударған кезде абай болған жөн

Сіз танысыңызға ақша жібердіңіз, бірақ ол оны алған жоқ. Аудару кезінде сіз ұялы телефон нөмірінің немесе карта, шот деректемелерінің нөмірінде қате жібергеніңіз және сома мүлдем бөтен адамға кеткені белгілі болды. Егер сіз оған арналмаған төлемді қайтару туралы келісе алсаңыз жақсы. Егер жоқ болса? Айтпақшы, сіздің шотыңызға қаражат түскен жағдай да болады, бірақ сіз жіберушінің кім екенін білмейсіз.

Карта немесе терминал арқылы ақша аударған кезде жеке деректерді дұрыс термей, қаражатты басқа адамға аударып қойған кезіңіз болды ма? Немесе сіздің шотыңызға белгісіз жаннан ақша түскен болар…

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Жеке деректерді қате теріп, ақшаны басқа адамға аударған кезде қаражатты қайтару қиын. Десе де, ақшаны кері қайтарудың бірнеше амалы бар. Сіз ақша түскен адаммен байланысып, соманы өз еркімен қайтаруды сұрай аласыз. Ол адам ақшаны қайтарудан бас тартқан жағдайда сотқа жүгіну және ақшаны өндіріп алу туралы арыз беру керек. Қолданыстағы заңнамада ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес бұл әрекет «негізсіз баю»  ретінде қаралады. Сондай-ақ, сіз өз ақшаңызды пайдаланғаны үшін сыйақы өндіріп ала аласыз.

Егер сіз картаның немесе шотты қате теріп, ақшаны басқа адамға жіберген болсаңыз, банкке хабарласыңыз. Банк қызметкерінен ақшаны қалай қайтаруға болатынын сұрауға болады. Себебі, әр банктің бұл мәлелені шешу бойынша қызметі әртүрлі. Десе де, қате жіберілген әр шоттағы қаражат ақшаны алушының келісімімен ғана қайтарылады.

Ал ақша басқа біреудің телефон нөміріне жіберілген жағдайда банк оны қайтармайды. Яғни, сіз телефон нөмірі бойынша жедел ақша аудардыңыз, бірақ нөмірді қате теріп қойдыңыз. Ақшаны кері қайтарудың басты қадамы — байланыс нөміріне хабарласып, қате аударым жасағаныңызды түсіндіру. Өзіңіздің алаяқ емес екеніңізді дәлелдеу үшін жеке шотты тексеріп көруді, сондай-ақ қаражат кімнің атынан түскенін айтыңыз.

Егер қаражат алушы сіздің ақшаңызды қайтарудан бас тартса, сіз сотқа шағым бере аласыз. Бірақ бұл іс сіздің уақытыңыз бен шыдамдылығыңызды қажет етеді. Сотқа аталмыш соманы қате жібергеніңіз туралы сенімді дәлелдер ұсынуыңыз керек. Мысалы, сіз ақша аударғыңыз келген досыңыздың телефон нөмірін немесе карта деректерін көрсетіп, саннан қате кеткенін айтуға болады. Сондай-ақ сіз ай сайын белгілі бір соманы бір шотқа аударғаныңызды және осы айда кездейсоқ басқа адамға жібергеніңізді көрсететін шоттан үзінді көшірмені бере аласыз. Ұялы байланыс операторына хабарласу арқылы бұрын ол адаммен байланыс болмағанын және қаражатты қате аударғаннан кейін ғана қоңырау соққаныңызды дәлелдей аласыз.

Ал қаражат сіздің шотыңызға түссе, ақшаны қате аударған адам хабарласқан жағдайда қайтарып бере аласыз. Бірақ қаржылық алаяқтардың құрбаны болмас үшін шотыңыздағы қаражатты тексеріп алыңыз. Сондай-ақ қаражат кімнің атынан түскенін қоңырау соққан адамнан сұрау керек. Көп жағдайда алаяқтар банктер мен басқа қаржылық ұйымдардың атынан сіздің шотыңызға белгілі бір соманың түскені туралы SMS хабарлама жібереді. Содан кейін олар қоңырау шалып, ақшаны қайтаруды сұрайды. Сондықтан, кері аударым жасамас бұрын, қаражаттың нақты келгеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін мобильді банкинг қосымшасы арқылы немесе банк операторына ресми нөмір бойынша хабарласуға болады. Сондай-ақ ақшаның кімнен және қашан жіберілгенін түсіну үшін шотыңыздағы үзінді көшірмені қараңыз.

Қате аударым: ақшаны қалай қайтаруға болады

Сіз танысыңызға ақша жібердіңіз, бірақ ол оны алған жоқ. Аудару кезінде сіз ұялы телефон нөмірінің немесе карта, шот деректемелерінің нөмірінде қате жібергеніңіз және сома мүлдем бөтен адамға кеткені белгілі болды. Егер сіз оған арналмаған төлемді қайтару туралы келісе алсаңыз жақсы. Егер жоқ болса? Айтпақшы, сіздің шотыңызға қаражат түскен жағдай да болады, бірақ сіз жіберушінің кім екенін білмейсіз.

 № 1 нұсқа. Сіз қателесіп, ақшаны бейтаныс адамға аудардыңыз

Ақшаны қайтару қиын, бірақ қайтаруға болады. Басқа адамның немесе ұйымның шотына қаражат түскеннен кейін банк оларды кері қайтара алмайды. Ол мұны істеуге міндетті емес. Әрине, сіз алушымен байланысып, соманы өз еркімен қайтаруды сұрай аласыз. Бас тартқан кезде тек сотқа жүгіну және ақшаны өндіріп алу туралы талап-арыз беру ғана қалады, себебі қолданыстағы заңнамада ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес бұл әрекет «негізсіз баю» ретінде қаралады. Сондай-ақ, сіз ҚР Ұлттық Банкінің қолданыстағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша ақшаңызды пайдаланғаны үшін сыйақы өндіріп ала аласыз.

Егер ақша біреудің телефон нөмірі арқылы жіберілсе не істеу керек?

 Сіз телефон нөмірі бойынша жедел төлем жасадыңыз, бірақ цифрдан қате жібердіңіз. Бұл операцияны банк арқылы қайтарып алуға болмайды. Алушымен хабарласып, қате аударым жасағаныңызды түсіндіріп көріңіз, түскен соманы қайтаруды сұраңыз. Ол адам сізге сенуі және алаяқ ретінде қабылдамауы үшін шотты тексеруді ұсыныңыз. Алушы сіздің жағдайыңызды түсініп, содан кейін ақшаны кері аударыммен қайтаруы мүмкін.

Егер ақша басқа біреудің карта немесе шот нөмірі арқылы жіберілсе не істеу керек?

 Егер сіз карточканың немесе шоттың дұрыс емес нөмірі бойынша ақшаны қате жіберген болсаңыз, банкке хабарласып, бәрін түсіндіріп, менеджерден ақшаны қалай қайтаруға болатындығын білуіңіз керек. Сонымен қатар, бұл жағдайда банк төлемді біржақты түрде кері қайтара алмайды. Әрбір банктің осындай мәселелерді шешудің өз рәсімі бар. Көбінесе, егер аударым дұрыс емес банктік шотқа сәтті жіберілсе, ақшаны алушының келісімімен ғана қайтаруға болады.

Егер ақша аудару процесі жүріп жатқан болса, онда операцияны болдырмауға болады. Егер сіз қате жіберіп, жоқ банктік деректерді көрсетсеңіз, төлем жасалмайды және ақшаны қайтару автоматты түрде жүреді.

Ақшаны жоғарыда келтірілген тәсілдермен қайтара алмасаңыз, не істеу керек?

Егер ақша алушы сіздің ақшаңызды қайтарудан бас тартқан, ал сома  қомақты болған жағдайда, сіз сотқа талап арыз бере аласыз. Алайда, қайтарып алу рәсімі сіздің уақытыңызды, төзімділігіңіз бен материалдық ресурстарыңызды талап ететінін жақсы түсінуіңіз қажет. Әділеттікке қол жеткізу үшін сіз сотқа бұл соманы жаңылысып, қате жібергеніңіз жөнінде нақты дәлел келтіруіңіз қажет. Мысалы, ақша қаражатын аударғыңыз келген сіздің танысыңыздың телефон нөмірін немесе деректемелерін көрсету. Немесе сіз ай сайын сол бір шотқа белгілі бір соманы аударғаныңыз, ал осы айда ақшаны жаңылысып басқа шотқа аударғаныңыз көрсетілген шоттан үзінді — көшірменің қағаздағы нұсқасын көрсету. Сіз, сондай-ақ ұялы операторға хабарласып, қоңыраулардың тізімін ұсынуды сұрауыңызға болады, бұл осыдан бұрын бұл адаммен байланыс жасамағаныңызды және оған ақшаны қате аударғаннан кейін ғана қоңырау шалғаныңызды дәлелдеу үшін қажет.

Өз кезегінде, ақша алушы нақты дәлелдер мен осы соманы алу құқығын растауы тиіс. Мысалы, ол бұл ақша көрсетілген қызмет немесе сіздің тарапыңыздан қайырымдылық үшін деп мәлімдей алады, алайда оны дәлелдеуі тиіс. Мұндай дәлелдер болмаған жағдайда сот алушыны барлық соманы қайтаруға міндеттейді.

2-нұсқа. Сізге қате аударым түсті

Егер нақтысын айтатын болсақ, әрине сіз аударымды қате жіберген адамды тауып, оған ақшаны қайтару үшін өз уақытыңызды құртуға міндетті емессіз. Бөтен адамдардың ақшасына иелік еткен жақсы емес, заң бойынша да мұндай ақшаны иелену негізсіз баю болып табылады. Сондықтан, бұл ақшаны жіберушіге қайта аударған жөн, өйткені ол кез келген уақытта сізді сотқа беруі мүмкін. Бірақ, алдымен ақша расымен де шотыңызда жатқандығына, мұның қаржылық алаяқтардың амалы емес екендігіне көз жеткізіп алу керек.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу қажет?

Қаскөйлер банктердің және басқа да қаржылық ұйымдардың атынан сіздің шотыңызға қандай да бір соманың түскендігі туралы SMS-хабарландыруларды жиі таратады да, содан кейін қоңырау шалып, қайтаруды сұрайды. Сондықтан, кері аударым жасамас бұрын қаражат шынымен түскендігіне көз жеткізіңіз. Мұны мобильді банк қосымшасы арқылы немесе банк операторымен ресми нөмір бойынша байланысу арқылы жасауға болады.

Бұл жалған емес, қате аударым екеніне көз жеткізіңіз.

Сондай-ақ, бұл ақша сізге тиесілі және олар сіздің шотыңызға қаражат аударған көздерден түскен болуы мүмкін. Мысалы, сіздің борышкеріңіз ақшаны қайтарды немесе компания қайта есептеуді жасады. Әртүрлі жағдай болуы мүмкін.

Ақшаның кімнен және қашан түскенін түсіну үшін шотыңыздағы үзінді көшірмені зерттеңіз. Егер сіз ақша аударымының қате екеніне 100% көз жеткізсеңіз, ал жөнелтуші сізбен байланысқа шықпаған болса, банкке хабарласыңыз. Соманы қайтаруға келісім беру туралы жазбаша өтініш жазыңыз. содан кейін қаржы институты ҚР Заңнамасы бойынша төлемдерді қайтару рәсімдеріне сәйкес кері төлемді жүргізеді.

Ақша аудару кезінде мұқият болыңыз, картаның деректемелерін және телефон нөмірлерін қайта тексеріңіз.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жастар арасында суицидтің және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сарыағашта жастарға арналған психологиялық жеке қабылдау жұмыстары жүргізілді

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.