Жолдау-2024: Ұлттық қордың ақшасы ұтымды пайдаланылуы керек — Төрттаған
Пятница, 1 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жолдау-2024: Ұлттық қордың ақшасы ұтымды пайдаланылуы керек

06.09.2024
Қоғам
0
Жолдау-2024: Ұлттық қордың ақшасы ұтымды пайдаланылуы керек

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Бұл апта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен басталғаны баршаға аян.
Еліміздің барлық сарапшылар қауымдастығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Жолдауының прагматикалық және нақты стилін баса атап өтуде.
Жолдау Қазақстанның алдағы кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму болашағына арналған.
Президенттің айтуынша, геосаяси текетірестің шиеленісуі жағдайында Қазақстан бейбітшілік, эволюциялық жол ұстанымын берік ұстанады.
Биылғы Жолдаудың тағы бір ерекшелігі – депутаттар, министрлер мен әкімдер ғана емес, әр саланың беделді мамандары, жұмысшы кәсіп өкілдері, сондай-ақ, Ұлттық құрылтай мен облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен таныстырылды. Бұл тәжірибе саяси дәстүрге айналуда. Жалпы, Жолдау көптеген өзекті мәселелерді шешуге де, еліміздің стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізуге де бағытталған.
«Біз экономиканы әртараптандыруға жаңа серпін беріп, дамудың жаңа векторын белгіледік. Инфляция өткен жылдың ең жоғары деңгейімен салыстырғанда 2,5 есеге төмендеді. Өңдеу өнеркәсібі өсуде. Тау-кен өнеркәсібі саласына қарағанда тезірек өсу қарқынын бәсеңдетпеу маңызды. Үкімет пен әкімдер құрылымды өзгерту мәселесіне ерекше назар аударуы керек. Елдің тұрақты ілгерілеуін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тетіктерді қамтамасыз ету – жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда бұл әбден мүмкін» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президентіміздің сөзімен айтқанда, экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек. Сонда ғана біз еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Ол үшін кез келген істің басты өлшемі тиімділік болуға тиіс. Яғни әрбір шешім, әрбір жоба ең алдымен елге пайдалы болуы қажет.
Жолдауда Президент Ұлттық қор қаржысының жұмсалу жағдайына да тоқталды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бюджет тапшылығының орнын толтыратын қаржы көзін табу үшін тиімді компенсациялық тәсілдерді іздестіруді міндеттеп отыр.
Ұлттық қор туралы ел Президенті: «Қордың қаражатын, ең алдымен, мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек. Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару қажет» деп атап өтті.
Ұлттық қордың екі стратегиялық функциясы бар. Біріншісі – қиын кезеңде тұрақтандыру. Екіншісі – болашақ ұрпақ үшін ақша үнемдеу. Өкінішке қарай, басқа елдермен салыстырғанда біздің Ұлттық қордың өсу қарқыны өте төмен. Демек, бұл мәселені Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі деңгейінде қарау керек, себебі, қор жұмысын солар басқарады. Мысалы, Норвегияның ұлттық қорының табысы бізден екі есе көп. Елбасы биылғы Жолдауында Ұлттық қор қаражатының бір бөлігін шетелге емес, еліміздің ішіне инвестициялау қажеттігін атап өтті. Банктердің ақшасы көп, бірақ, олар экономикаға несие бермейді. Мәселе мынада: банктер мемлекетке тәуелсіз болғандықтан, мәселе экономиканы Ұлттық қордың көмегімен қаржыландыру керек. Банктер тек тұтынушылық несие арқылы халықпен жұмыс істеуде. Олар өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларға несиені аз бөледі.
Қазіргі уақытта Ұлттық қор қаражатының бір бөлігі шетелдік бағалы қағаздарды, акциялар мен облигацияларды, туынды құралдарды сатып алуға жұмсалады. Олардың пайыздық мөлшерлемесі төмен, яғни Ұлттық қордың ақшасына шетелдік компаниялардың акцияларын сатып алған кезде оларды байыта түсеміз. Менің ойымша, Президент Ұлттық қордың шетелдік қаржы институттарына жұмыс істемеуі керектігін тереңнен түсініп қозғады.
Ал, енді, Ұлттық қордың қаражатын неліктен түгел экономикаға жұмсап, экономиканы тезірек нығайтпаймыз? – дегенге келсек. Барлық ақшаны бірден экономикалық дамуға жұмсау инфляцияның өсуіне әкеледі.
Біз мұнай экспортынан алатын соманы тауар мен қызмет көрсетуге толық пайдалана алмаймыз. Яғни қарапайым сөзбен айтқанда, экономика сонша ақшаны «сіңіруге» қауқарсыз. Егер біз бұл ақшаны жай ғана экономикаға бағыттай бастасақ, біз инфляцияның өсуіне тап боламыз.
Мемлекет басшысы атап өткендей, экономикалық өсім әлеуметтік теңсіздіктің азаюымен және орта таптың нығаюымен қатар жүруі тиіс.
«Ол үшін мемлекетіміздің әлеуетін нығайтатын бірден-бір жол – әрбір шешім, әрбір жобаның мемлекетке тигізетін пайдасын ескеру қажет» деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.
Иә, қол жеткен нәтижелерді тиімді пайдалана отырып, серпінді жоғалтпау және жаңа инвестициялық циклды бастаудың маңызы зор. Сондай-ақ, экономикалық өсім әлеуметтік теңсіздіктің азаюымен және орта таптың нығаюымен қатар жүретін азаматтардың кірісін арттыру басты міндет болып қала береді.
Қуатбек ҚАЛЫҚҰЛОВ,
экономика ғылымдарының
кандидаты, доцент.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жолдау-2024: Еңбек адамын құрметтейтін мемлекеттің болашағы зор

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түркістан әкімі қала көшелерін аралап, атқарылған жұмыстарды тексерді

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.