Жолдау-2024: Тың құндылықтар қалыптасуда — Төрттаған
Четверг, 31 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жолдау-2024: Тың құндылықтар қалыптасуда

09.09.2024
Қоғам
0
Жолдау-2024: Тың құндылықтар қалыптасуда

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы  Жолдауында: «Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға ықпал ететіні сөзсіз» деп атап өтті.  Сондай-ақ, азаматтарымыздың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығып жатқандығына тоқталды. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастағанын айтты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай отырғанын өткір сынға алды. «Бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық. Мұндай жағдай жиі қайталанса, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді. Сондықтан оған жол бермеу қажет. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн» деді. Үкімет пен Ұлттық Банкке бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауға тапсырма берді. Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу керек екендігін, бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керектігін түсіндірді.
Президенттің жемқорлықсыз мемлекет құруға деген ынтасы мен осы бағыттағы батыл бастамалары отандастарымызды, сөз жоқ, разы етеді.  Кадр тазалығына да бірте-бірте мән беріліп келеді. Лайықты азаматтар жоғары лауазымды қызметтерге келе бастады.
Мемлекет басшысының Жолдаудың тақырыбына заң мен тәртіп сөзін шығаруы бекер емес. Президент «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленіп жатқанын хабарлады. Осы заңның талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат біріге күш жұмылдыруы керек. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз деді.
Елдің бірнеше облысын су басқанда халық пен билік бірлесе қимыл жасады. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегенге тағы көз жеткіздік.
«Ауылым – алтын бесігім» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істей бастады. Аграрлық салаға баса назар аударылып жатыр. Шаруаларды қаржылай қолдау күн тәртібіндегі мәселеге айналды. Бұл бағытта тиісті министрліктер мен әкімдерге нақты тапсырмалар берілді.
Үкімет кәсіптік білім беру саласына реформа жасауды қолға алмақ. Экономиканың өсімін қамтамасыз етуде бұл маңызды бастама. Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялайтынын мәлімдеді. Енді техникалық және кәсіби білім беру жүйесі реформаланады. Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясы насихатталмақ. «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді» деді Мемлекет басшысы.
Жолдауда экология проблемасы көтерілді. Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі болғанымен орман-тоғайлар жеріміздің 5-ақ пайызын алады. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғаттың әралуандығын сақтау үшін орман алқаптарын көбейтеміз деді. Өзі Президент болып сайланған күннен бастап осы мәселеге ерекше мән беріп келе жатқандығын еске салды. Елде көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Семей орманы» аясында орман тұқым бағы бар. Бұл – Орталық Азиядағы халықаралық озық талаптарға сай көшет өсіретін бірден-бір кешен. Осы жобаны басқа да орманды аймақтарда жүзеге асырған абзал» деді Қасым Жомарт           Кемелұлы.
Шындығында, орман-тоғайды көбейтуге бүкіл ел болып жұмылсақ, ол нағыз халықтық идеяға айналар еді. Сондықтан ел ішінде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қажет. Биылғы көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама болды.
«Таза Қазақстан» іс-шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық отандасымыз қатысыпты. Жүздеген мың аула тазартылған. Бір миллион тоннадан астам қоқыс шығарылған. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Президент айтқандай, ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады.
 
Айыпберген БАЛТАБАЙҰЛЫ,
 ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Народный штаб за строительство АЭС выехал в Туркестанскую область

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жолдау-2024: Аграрлық салаға ерекше қамқорлық қажет

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.