СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘЖІЛІС ӨТТІ — Төрттаған
Воскресенье, 3 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘЖІЛІС ӨТТІ

24.07.2024
Қоғам
0

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Түркістан қалалық ауруханасында және қалалық полиция мен кірістер басқармасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілі Ерұлан Тұңғышбаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Мемлекет басшысының «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» Жолдауында «Біз надандық пен ескілікке, радикализм мен масылдыққа, тоғышарлыққа және сыбайлас жемқорлыққа табанды түрде

қарсы тұрамыз», сонымен бірге ел Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы бескасыз күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Оның пікірінше, заңның үстемдігін орнату және осы құқықтық мемлекетті құру үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлықты жою қажет.
Жемқорлықтың алдын алу бағытында ұйымдастырылған жиында баяндама жасаған Ерұлан Икрамұлы Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістеріне қатысушылардың назарын аударды.
Атап айтқанда ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Бұл өзгерістің ерекшілігі, біріншіден – мұндай қылмыстарды әлеуметтік осал азаматтардың жекелеген санаттарының жасалуы, екіншіден – ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған сотталғандарға қатысты.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу мүмкіндігін тоқтату. Бұл арқылы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді.
Келелі кеңесте Ерұлан Тұңғышбаев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ТБН-4 жобаларын орындау бойынша түсініктеме берді. Жобалық басқару — бұл, ең алдымен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін көрсетуде, нақты нәтижелерге қол жеткізуде және формализмнен алшақтауда көрініс тапқан институционалдық реформалардың маңызды кезеңі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол өз сөзінде ТБН-4 шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру үшін мүмкіндіктер ашылатынын айтты.
Кеңес қорытындысы бойынша Түркістан қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы Әзімхан Омаров осы талқылаудағы басты бағыттар сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлық қылмыс істемеу үшін барлық мүмкін жағдайларды болдырмау, заңды бұзу фактілерінің алдын алу бойынша қажетті шаралар атқарылатынын айтып, Мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу, қоғамда және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, басшылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Колл орталығына (1424 ) дереу хабарлау керектігін ескертті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.

Мемлекеттің дамуына бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы.

Сыбайластық жемқорлықпен күрес мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

● заң мен сот алдында бәрі тепе-тең;

● мемлекеттік органдар қызметін нақты құқықтық реттеумен (регламенттеумен) қамтамасыз ету, аталмыш қызметтің заңдылығы мен жариялылығы, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылау жасау;

● жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйымдастыру-басқару жүйелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдылығы;

●  жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қайта қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және алдын алу;

● сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылармен күресуге жәрдемдескен азаматтардың жеке қауіпсіздігін және оларды ынталандыруды қамтамасыз ету;

● мемлекеттің мемлекеттік қызметті орындауға уәкілетті және оған теңестірілген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы, аталмыш тұлғалар мен олардың отбасыларының лайықты өмір сүрулері үшін бұл тұлғаларға еңбекақы (ақшалай қолдау) мен жеңілдіктер тағайындау;

● жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтерін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын тұлғалардың өкілеттіктерін делегирлеуді болдырмау, сондай-ақ оларға бақылау мен қадағалау жүргізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиім­­ді іс-қимылды ұйымдастыру ел үшін тағдыр шешті бағдарламаның ажы­рамас бөлігі болып табылады.

Бұл өте асқақ міндет және оны жеке-дара іске асыру мүмкін емес. Өте маңызды және күрделі міндетті шешу үшін мемлекеттік органдар мен қо­ғамның барлық күш-жігерін біріктіру қажет, себебі, жүйелі көрініс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл шараларын әзірлеу кешенді тәсілдерді қажет етеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Сыбайлас жемқорлық қоғамдық даму жолында бар және елдің және мемлекеттік режимнің имиджіне өте теріс әсер ететін басты проблемалардың бірі болып қала береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жаһандық маңызы бар және қызметтің басым бағыты ретінде айқындалған саяси-құқықтық міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта билік тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылуда. Сыбайлас жемқорлықтың көріністері қоғамға елеулі зиян келтіреді, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін төмендетеді, олардың беделіне нұқсан келтіреді және халықтың әлеуметтік бытыраңқылық деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сыбайлас жемқорлықты жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру және нығайту құралы ретінде пайдалануды болдырмау, сондай-ақ нарықтық қатынастарға әлеуметтік қолдау жасау қажет.

2022 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді және саясатты іске асыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспары тұжырымдалды. Жаңа стратегиялық құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге және қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында 2021 жылғы 31 мамырдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жобалау басқармасы іске асырылуда. Жаңа талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілді және барлық мемлекеттік органдардың орындауы үшін үлгілік базалық бағыттардың алты блогы айқындалды. Үлгілік бағытқа сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (бұдан әрі — № 4 ҮББ) жатады. № 4 ҮББ шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру жөніндегі шаралар көзделген. Жобалық басқарманың № 4 ҮББ төрт аспектіні көздейді: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Ағымдағы жылы осы қызметпен барлық облыстық басқармалар және  квазимемлекеттік сектор ұйымдары қамтылды.

Жобалық басқаруды іске асыру нәтижелері бағалау жүйесі жүргізілетін жобалардың бірыңғай базасында шоғырландырылатын болады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігі бойынша мемлекеттік органдар мен басшылардың рейтингі қалыптастырылатын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Ай сайын аппараттық оқу сабақтары өткізіледі, оның барысында қызметкерлердің назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысу тәсілдері жеткізіледі және түсіндіріледі.

Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін кешенді реинжиниринг шеңберінде НҚА жобаларының цифрлық трансформацияның стратегиялық бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан сараптама көзделген. Бұл көлемді және ашық процедуралардың жеткіліксіздігін жоюға, құжаттарды әзірлеу сатысында адам факторын азайтуға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашықтық пен жариялылық қағидатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекемелердің қызметі қалың бұқараға қолжетімді ресми интернет-ресурсында қамтылған.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Біреудің ала жібін аттама

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АЭС Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.