Біреудің ала жібін аттама — Төрттаған
Воскресенье, 3 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Біреудің ала жібін аттама

23.07.2024
Қоғам
0
Жұмыс қарастырған кезде де алаяқтар жолығып жатады

Қоғамның бүгінгі келбетіне қарап, қазақтың «Біреудің ала жібін аттама» дейтін тәрбиелі сөзінің аяқасты болғанына көзіміз жете бастағандай. Тіпті, бүгінгі күні алаяқтық жағдайлар жиі тіркелгенімен қоймай, мұндай теріс әрекеттердің түрлі әдіс-тәсілдері пайда болыпты. «Кезексіз пәтер алып беремін», «банктен үлкен сомада несие алуға көмектесемін», «жер алуға жәрдемдесемін» деген секілді уәдені үйіп-төгетін алаяқтар өзінің құрбанын оңай қақпанға түсіреді. Онсыз да үй алуға кезегі жетпей қажып жүрген кейбір жандар мұндай батпанқұйрықтан қалай бас тартсын?! Кейбірі еш ойланбастан, әлгі алаяқтардың қолына сұраған қаражатын ұстата салады. Олардан еш құжат та талап етпейді. Ал олардың алаяқ екендігін тек соңғы сәтте ғана ұғынып, құқық қорғау орындарынан көмек сұрап жатады. Құқық қорғау қызметкерлері де қазір алаяқтық фактілерінің жиі тіркелетініне алаңдаулы.

Мынадай да болады екен. Аяқ астынан банктік карточкаңызға танымайтын нөмірден ақша келіп түседі. Артынша әлгі нөмірдің иесі хабарласып, шатасып түсіп кеткен ақшасын қайтаруды сұрайды. Сендіретіндей себеп айтып, қаржыны басқа бір нөмірге аударып жіберуді өтінеді. Өлердегі сөзін айтып, қиылып тұрған бейтаныстың өтінішін аяқ асты еткіңіз келмей айтқанын орындайсыз. Осылайша, көдедей көп сауда желілерінің бірінен алынатын затқа алдын ала төлем жасағаныңызды білмей де қаласыз. Қысқасы затты алатын біреу, ал қалған жүздеген мың теңгені төлейтін сіз боласыз. Бұл – алаяқтардың кезекті айласы. Дамыған технология деп жүргеніміздің осындай түйткілді тұстары да бар енді.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Мысалы, әлеуметтік желі арқылы сату­ға хабарландыру берген тауа­ры­ңыз­ға алдын ала төлем енгізуге әзір­лер дереу табыла кетеді. Әдетте алаяқ­тар өздерін бухгалтер немесе фирма директоры ретінде таныстырып, ЖСН және жеке картаңызбен байланысты­ра­тын телефон нөмірін, банктік карта мен жинақшот нөмірі сияқты дерек­те­ме­лер­ді атауды сұрайды. Сұра­ға­нының бәрін бұлжытпай орындап отырған жан соңында затын сатам деп жүріп, шотындағы жиғанынан қалай айырылып қалғанын аңғармай қалады. Бұл – ин­тернеттегі сауда алаңдарында жиі кез­де­се­тін тәсіл.

Қара халықты алдап соғу деректерінің тағы бірі несиеге байланысты. Оның ішінде екінші деңгейлі банк қызметкерлерінің қатысуымен орын алатын алаяқтық қылмыстар да жиі кездеседі. Алаяқтықты кәсіп еткендер көбіне бұқаралық ақпарат құралдарына тұтынушылық несие алу мүмкіндігі туралы түрлі хабарландырулар беру арқылы өздерінің айла-тәсілдерін жүзеге асырады екен. Мұндай алаяқтар тұтынушыларға «қысқа мерзімде әрі ешқандай кепілсіз және табыс көзін растайтын анықтамасыз кез келген банктен несие алып береміз» деп уәде етеді. Соңында алданған тұрғындар банк алдында берешек болып қалғандарын кеш ұғынады.

Алаяқ адам алдау үшін түрлі айла-тәсілдер ойлап табады. Ығына жығылған кез келген кісінің қолындағысын қағып кетуге дайын тұрады. Олардың қалай алдайтынын да, құрығына қалай түскеніңді де аңғармайсың. Қазір алаяқтар өздерінің арам пиғылдарын ұялы телефон арқылы да жүзеге асырады. Мәселен, кез келген адамға полиция қызметкері болып қоңырау шалып, «ұлыңыз (жұбайыңыз, әкеңіз, бауырыңыз) қылмыс жасап, ұсталды, егер қазір ақша әкелсеңіз, істі жауып тастауға болады» дейді. Ал жақынын жамандыққа қимайтын жандар бірден қолындағы барын ешнәрсе сұрамастан алаяқтарға өз қолдарымен береді екен. Алаяқтар көбіне әлеуметтік желілердегі ақпараттарды пайдаланады. Мұндай алаяқтарды табу да, қолға түсіру де қиын.

Десе де оңай олжаға құныққандардың десі әлі қайтпай тұрғанын байқаймыз. Алаяқтар жиі қолданатын тәсілдерінің бірі банк қызметкері ретінде хабарласып, түлкібұлаңға салып, несие алдырып немесе азаматтардың қаражатын бейтаныс есепшоттарға аударту болып тұр. Олардан әлеуметтік желі арқы­лы «қаражатыңды еселеп береміз» дей­тін­дер, тиімді шартпен сауда-саттық жасау тәсіл­дерімен ұсынатындар да қалыс қа­лып жатқан жоқ.

Мамандардың айтуынша, алаяққа алданып, «сақалды қолдан бергендей» сан соғып қалмас үшін күмәнді ұтыс ойындарынан аулақ болып, интернет арқылы сауда жасағанда бөтен ұялы телефонға немесе есепшоттарға ақша аудармастан бұрын тексеріп алу қажет.

Банктен телефон соққан адамның кейпіне еніп, шотыңызды үптеу, жақын адамың болып хабарласып көмек сұ­рау, «жұмысқа тұрғызам, оқуға түсі­рем» деген уәдені үйіп-төгіп жер си­па­тып кету әбден әккіленгендерге түк емес. Әри­не, олардың қадамын қысқарту, қыл­мыстың алдын алу по­ли­цейлердің міндеті. Сөйтсе де бір сәт өзіміз де алаяққа алданбаудың қамын ойлайық.

Жалпы, ұсынылған мәліметтер бойынша, алаяқтық әрекет жасайтындардың 90 пайызы әйелдер екен. Ұрпағына тәрбие беріп, айналасына әдемілік сыйлайтын әйелдердің осындай әрекетпен айналысуды әдетке айналдырғаны өкінішті-ақ. Әйелді ардақтайтын қазақтың ақ жаулықтылары, шаңырақтың шырақшысы мен берекесіне айналған аяулы арулардың неліктен мұндай қадамға баратындығын анықтау да қиын. Естеріңізде болса, бұрынғы Кеңес Одағы тұсында ең ірі алаяқтық оқиға МММ компаниясына байланысты болатын. 90-жылдары аталмыш қаржы пирамидасының қызметінен 15 миллионға жуық адам зардап шеккен еді. Бұл қаржы пирамидасын құрған Сергей Мавроди қазіргі уақытта Африкада жүрген көрінеді. Өткен күннің еншісінде қалған мұндай алдап-арбаулар бүгінгі күні елімізде қайтадан қаптап кетті. Мавродидің жүйесі секілді компаниялар да қазір қазақстандықтардың біразын қақпанға түсіріп үлгерді. Желілік маркетинг дегенді желеу етіп, талай жанды «байытуға» ниетті компания өкілдерінің сөзін тыңдағанда кез келген адам есінен адасып қала жаздайды. Бұрындары «гипноздап тастады» дегенді жиі еститін едік. Бүгінгі алаяқтардың әрекеті де содан еш кем болмай тұр. Әйтпесе, ақыл тоқтатқан адамдардың мүлдем танымайтын белгісіз біреудің сөзіне имандай сеніп, қолындағы барын бере салуы мүмкін емес. Дегенмен, құлқынын көк қағаз тескен алаяқтар мұндай әрекеттің уақытша ғана алданыш екенін түсінуі тиіс. Ал халық арзан олжаға кенелеміз деп алаяқтың алақанына ақшаны салып беріп жатқанда бір сәт ойлануы қажет. Қазіргі қоғамда жанашырлық пен қамқорлық, сенім деген сезімдердің жоққа тән болғанын ескерсек, әрбір адам өзі үшін, өзінің әрекеті үшін жауапты болғаны абзал.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.