ӨТІНІШТЕРДІҢ САНЫ АЗАЙЫП, СИПАТЫ ӨЗГЕРІП КЕЛЕДІ — Төрттаған
Среда, 29 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӨТІНІШТЕРДІҢ САНЫ АЗАЙЫП, СИПАТЫ ӨЗГЕРІП КЕЛЕДІ

29.05.2024
Жаңалықтар
0
ӨТІНІШТЕРДІҢ САНЫ АЗАЙЫП, СИПАТЫ ӨЗГЕРІП КЕЛЕДІ

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің “Бекзат” секторында тұрғындармен өткен бүгінгі кездесуі барысында өз ризашылығын біл­ді­ргендер де, көкейлеріндегі ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтқандар да, кей мәселелерге қатысты шағымын жеткізгендер де болды.
Азаматтардың талап-тілегін тыңдаған шаһар басшысы өтініштердің бірде-бірі назардан тыс қалмайтынын баса айтты.
Әкімнің екі жыл бұрын бұл аумақта өткізген алғашқы кездесуімен салыстырғанда өтініштердің са­ны да азайып, азаматтардың арыз­дарында көтерілетін мәсе­ле­лердің сипаты да өзгерген.
Бүгінгі басқосуда тұрғындар емханада дәрігер мамандардың тапшылығын тілге тиек етті. “Бекзат” секторынан “Отырар” шағын ауданына қоғамдық көлік бағытын ашуды, №3, №31А қоғамдық көлік бағыттарын қайта іске қосуды сұрады.
Ғ.Мұстафин мен М.Жұмабаев көшелеріндегі электр желісі мен ауыз су жүйесінің құбырларын жаңарту мәселесі көтеріліп, Қойшыбаев көшесінде мешіттің жанындағы ойын алаңшасына демалатын орын жасақтау ұсынылды.
Сонымен қатар, кәріз жүйесін жүргізу, қосымша аялдамалар, балалар ойын алаңшасын орнату, жолға асфальт төсеу жайы қозғалды.
Нұрбол Әбдісаттарұлы биыл сектор аумағында кәріз жүйесінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын, жолдарға асфальт осы жоба аяқталып, бір жыл табиғи тапталу кезеңінен өткеннен соң ғана төселетінін айтып өтті. Әзірге жолдарға тек тас төселетіні түсіндірілді.
Қала әкімі жауапты мамандарға барлық өтініштер бойынша тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізуді, заңдылығын саралап, мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.
Сонымен бірге, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің секторлардағы кездесуі жалғасуда.
Бірлік секторының тұрғындары жобадан тыс қалған үйлерді газдандыру, көшелерді көгалдандыру, су ұңғымасын қазу және екі көше аралығын қосатын жол өткелін салу бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Нұрбол Әбдісаттарұлы қала аумағындағы жаңа құрылыстарға және жобадан тыс қалған үйлерге газ құбырын тартуға бюджеттік өтінім ұсынылғанын айтты. Кездесу барысында көтерілген мәселелердің алдымен заңдылығы сараланып, кейін шешім қабылданатынын да жеткізді.
Ұсыныстар бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріп, орындалуын бақылауға қойды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АШЫҚ АЛАҢДА АШЫҚ ӘҢГІМЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстандағы қаржы пирамидаларының тізімі

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
364
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.