Қаржы пирамидасы дегеніміз не? Қаржы пирамидасы деген ұғым қайдан шықты және қашан пайда болды? Ол несімен қауіпті? Қалай сақтану қажет? Бұл туралы Түркістан облысы мен қазақстан азаматтары үшін қандай ақпараттар білуі керек және ол ақпараттар несімен пайдалы? Бүгінгі тақырып осы төңіректе өрбімек. Пирамида ағылшын тілінен аударғанда «монументтік құрылғы»– деген ұғымды білдіреді. Қаржы компаниялары колданатын жеңіл табыс тәсілі, күдікті мәміле. Компания сатқан құнды қағаздарды алған «пирамиданың» төменгі қабатын құрайтын алаяқтыққа тартылған адамдардың ақша қаражаттары, одан бұрын құнды қағаздарды сатып алған адамдарға ішінара төленіп, сондай-ақ кең көлемді жарнамаға жұмсалады және қаржы компаниясының пайдасына алынады. «Пирамида» ерте ме, кеш пе әйтеуір бір кезде құлайды, бұл жағдайда төменгі қабаттағы қатысушылар өздерінің салымдарын жоғалтады, ал компания не күйрейді, не болмаса жаңа «пирамиданы» құруға кіріседі.
Қаржы пирамидасының ерекшелігі – тез және оңай ақша табу туралы уәде. Қаржы пирамидалары көбінесе өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Олар, мысалы, акциялар мен облигацияларды сатып алуды ұсынады, жоғары өнімді құрылысқа, алтын өндіруге немесе ультра тиімді өндіріске инвестиция салуға уәде береді. Олар жарнама науқанында нақты және тартымды ұрандарды ұсынады: Интернет компаниясы, инновациялық жоба, криптовалюталар, тұрғын үй кооперативтері, алтын, әлеуметтік желілер.
Құқық қорғау органдары жалпы әрбір адамның жинаған, болмаса қолда бар қаражатын Қаржы пирамидасына салмас бұрын, бірқатар сипаттамалық белгілерге назар аударғаны жөн екендігін үнемі ескертеді. Соған қарамастан, көп адамдар ұрынып жатады. Мысалы, қаржылық операцияларды жүргізу үшін, қажетті лицензиялар мен рұқсаттар болуы керек. Ал инвестициялық салада жұмыс істеу үшін, компанияның тиісті лицензиясы болуы шарт. Депозиттер бойынша кіріске тек банктер ғана кепілдік бере алады.
Ал олар банктердегі салымдар бойынша мөлшерлемеден жоғары пайыздарды уәде етіп, сендіреді. Қаржы пирамидалары ұзақ өмір сүрмейтіндіктен, ұйымдастырушылар жаңа мүшелерден тез ақша жинауға тырысады.
Оларда ақша тарту тәсілдері үнемі жетілдіріліп отырады. Сондықтан абай болу керек және қызметі туралы нақты ақпарат бере алмайтын жобаларға инвестиция салмау қажет. Пирамиданы ұйымдастырушылар жаңа мүшелерді тартқаны үшін жоғары табыс немесе басқа артықшылықтар уәде етеді. Осылайша, өз ақшаларын «тиімді жобаға» салған адамдар туыстарын, достарын және әріптестерін тарта бастайды. Сондықтан қолда бар ақшаны банкке салған жөн. Өйткені төмен пайызбен болса да, қайтарылатынына сенімді бола аласыз. Құқық қорғау органдары пирамиданы ұйымдастырушыларды тапқан жағдайда, олар қылмыстық жазаға тартылады. Бірақ, олар ешкімге ақша қайтармайды. Себебі, компанияның шоттарында тіпті ішінара соманы төлеуге ақша болмайды. Мүлікті сату мүмкін емес. Өйткені алаяқтық фирмалардың мүлкі жоқ. Кейбір жағдайларда қылмыстық схема үшін нақты ұйымдастырушылар емес, номиналды құрылтайшылар жауапты болуы мүмкін.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін, адамдардың қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды. Аталмыш мәселе бойынша қазірде Үкімет жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша тұрғындырды қаржылық сауаттылыққа оқыту қолға алынды. Бұл туралы Президент өзінің биылғы Жолдауында айтқан болатын.
Жалпы, Қазақстанда қаржы пирамидасын құрғандар қылмыстық жауапқа тартылады. Дәлірек айтқанда, Қылмыстық кодекстің 217-бабы «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша үш жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сонымен қатар, қаржылық пирамида қызметiн жарнамалағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 150-бабында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан маңдай термен тапқан қаржыға абай болған жөн.
Заманауи пирамидалардың өмір сүру ұзақтығы ұйымдастыру көлеміне және бағдарламаларға байланысты. Көлемі мен ерекшелігіне байланысты, ол қызметін 3 күннен 16 жылға дейін жүзеге асыра алады. Мысалы, пирамида түріндегі әйгілі Madoff Investment Securities (АҚШ) инвестициялық компаниясы 48 жылға созылды (1960-2008).
Қаржы пирамидаларының негізгі түрлері:
Көп деңгейлі пирамидалар – бұл құрылымның құрылуының және жұмыс істеуінің негізгі тетігі: әрбір келген адам бастапқы төлем жасайды, ол иерархиядағы жоғары сатыдағы мүшелер арасында таратылады. Өз кезегінде, жаңадан бастаушы ақша табу үшін, жарналары осылай бөлінетін бірнеше адамды шақыруы керек. Осылайша, жаңа мүшелер ағымы аяқталғанша жалғасады.
Желілік маркетинг қағидатына негізделген пирамидалар – бұл схеманы іске асырудың негізгі тетігі компанияның тауарларды/қызметтерді сатуы болып табылады. Бұл жағдайда өнім жалған болып табылады және көбінесе оның құны асыра бағаланады. Көбіне бұл өнімдер: сағаттар, косметика, тұрмыстық химия, және т.б. болып табылады.
Мессенджерлеріне шақырту сілтемелері арқылы қағидатына негізделген пирамидалар — WhatApp, Telegram және т.б. мессенджерлерде онлайн-топтарда ғана жүзеге асырылады. Топ құрылады, ол үшін Сіз белгілі бір соманы төлеуіңіз қажет. Қосылғаннан кейін қосымша 2-4 адамды шақыру қажет, 200% -дан 400%-ға дейін сыйақы беріледі. Шақырылған қатысушылар саны шектелмейді.
Эксклюзивті клубқа қатысу (мүшелік) – клубтар круиздер, ваучерлер, саяхаттар, бизнесті құру және жылжыту, маркетинг, инвестициялар, копирайтинг, сонымен қатар хиромантия, астрономия, ақыл-ой тепе-теңдігін жақсарту, психология, нумерология, символдар, сиқыр және т.б. ұсынады.
Сонымен қатар, қаржы пирамидалары қаржы пирамидаларының келесі белгілеріне ие:
– Жоғары кірістілік, пассивті кіріс туралы уәде бере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде жаппай жарнама жасау;
– Компания клиенттерден жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан жоғары бағамен сатып алуды ұсынады (үш айдан бастап бөліп-бөліп немесе ең төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша), сондай-ақ керісінше клиенттерге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуды ұсынады (міндетті аванстық төлеммен);
– Белгілі бір сомаға тауарды/қызметті сатып алу және қосымша бірнеше тұлғаны тарту (бұл ретте бөлшек сауда жоқ) міндетті шарт болып табылады;
– Жеке тұлғаның карточкалық шотына, не төлем ұйымдарының терминалдары арқылы электрондық әмиянға ақша енгізу жүзеге асырылады;
– Компанияның, жеке тұлғаның немесе қоғамдық жобаның қызметі туралы нақты анықтама бермейді (бірегей қызмет туралы мәлімдеме).
– Компанияның немесе Жобаның қызметіне кейіннен қатысу үшін алдын ала (арнайы) жарналардың болуы.
– Нарықтық көрсеткіш деңгейінен едәуір жоғары табыстылықтың жария уәдесі.
– Табыстылыққа кепілдік беру (банк салымдарынан басқа қаржы нарығында тыйым салынған);
– Атауларда, символизмдерде, жарнамаларда танымал компанияларға, брендтерге ұқсайтын символизмдерді немесе сөздер мен сөз тіркестерін қолдану.
Сізге қаржы пирамидасының қатысушысы болу ұсынылған жағдайда, Сіз дереу тұрғылықты жеріңіз бойынша құқық қорғау органдарына, ІІМ мен ҚМА-ге жүгінуіңіз керек.