Мақсат — тұрғындарды алаяқтардан абай болуға және қорғануға шақыру — Төрттаған
Суббота, 16 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Мақсат — тұрғындарды алаяқтардан абай болуға және қорғануға шақыру

01.06.2024
Қоғам
0
Қаржылық пирамидалардың құрығына  түсіп қалмаңыз!
Полиция интернет-алаяқтардан қалай қорғануға болатынын бұқаралық ақпарат құраладыр арқылы және тұрғындармен кездесу өткізіп, арнайы интернет — банкингтің, қаржы пирамидаларының алдын алу бағытында ұйымдастырылған ісшараларда кеңінен айтылуда. 
Ал, Ішкі істер ведомствосының мәліметінше, интернет-алаяқтық түрлерінің негізгісі QR-код арқылы қолданыстағы тауарлар бойынша банктердің қосымшаларына төлеуге шот-фактуралар болып саналады.
Алаяқтардың амалдарына түспеу үшін не істеу керек.  Жеке деректеріңізді, құпия сөздеріңізді немесе қаржылық ақпаратыңызды ешкімге жария етпеңіз.   Интернетте немесе жеке сатушылардан сатып алу кезінде абай болыңыз. Сатушының беделін тексеріңіз және шындық болу үшін тым жақсы болып көрінетін мәмілелерден аулақ болыңыз. Егер сізге күдікті хабарлама, қоңырау немесе ұсыныс келсе, сақ болыңыз және қандай да бір әрекетке сенбес бұрын немесе жасамас бұрын ақпаратты тексеріңіз. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға, банкке хабарласыңыз — бұл Сізге мәселенің шешімін табуға көмектеседі.
Есіңізде болсын, банк өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері сізден ешқашан деректемелерді және бір реттік смс-парольдерді сұрамайды.

Алаяқтықтан қалай қорғануға болады: маңызды кеңестер мен ұсынымдар:

Қазіргі күні алаяқтық күннен күнге  күрделене түсуде, ал қаскүнемдер өздерінің алдау схемаларын үздіксіз жетілдіріп, оларды адамдардың күнделікті жайлары мен қажеттіліктеріне қарай бейімдеуде. WhatsApp арқылы жасалатын қоңыраулар мен хабарламалардан бастап жасанды интеллекттіні қолданатын алаяқтар құрбандарының өз мүдделеріне сай әрекет етуі үшін оларға психологиялық қысым көрсетеді.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Олардың қалай жұмыс істейтінін және айла-тәсілдерінен қалай қорғануға болатынын қарастырайық.

Алаяқтық жасамас бұрын, қаскүнемдер ықтимал жәбірленушіні мұқият зерттейді:

  • мүмкіндігінше көбірек білу үшін әлеуметтік желілер арқылы достарыңыз бен жақындарыңыз туралы ақпаратты жинайды.
  • құпия деректерді алады, тіпті дауыстық үлгіні жазу үшін белгісіз нөмірлерден қоңырау шалады — ал бұл үшін 30 секундтық сөйлесу жеткілікті.

Бұл қалай жұмыс істейді?

  • алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының немесе банк қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, аудио немесе бейне қоңырау шалады. Олардың киімдері тиісті үлгіде болады, ал артқы жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері көрінуі мүмкін.
  • қаскүнемдер жалған аты-жөндері қолтаңбалары және мөрлері көрсетілген, құрбанның қаржылық жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар, ұйымның фирмалық логотипі қойылған жалған құжаттарды ұсына алады.
  • алынған дауыс үлгісі мен жасанды интеллект технологиясын пайдалана отырып, алаяқтар ықтимал құрбанды алдау үшін таныс адамның дауысы мен сөйлеу мәнерінің шынайы көшірмесін жасайды.

Психологиялық қысым әдістері

Алаяқтар құрбандарын өз нұсқауларына сәйкес әрекет ету үшін психологиялық әсер етудің әртүрлі тәсілдерін қолданады. Олар триггерлерді (жанды жерлері) пайдаланып, құрбанда үрей, қорқыныш немесе қауіп-қатер күйін туындатады, бұл жағдайда адам дереу бағыну қажеттілігін сезінетін болады:

  • олар шоттардағы күдікті әрекеттер туралы ескертеді және қаражаттың сақталуына, сондай-ақ алаяқтарды іздеуге көмектесуді ұсынады
  • “құпия операцияда” кезінде тергеумен ынтымақтастықтан бас тартқаны үшін жазаланумен қорқыта бастайды. Нәтижесінде, алаяқтық жолмен олар төлем карталары туралы құпия ақпаратты және құрбанның қолма-қол ақшасын ала алады
  • олар “құтқару кредитін” ұсынады және қаражатты сақтау үшін оны ресімдеуді қолқалайды. Алайда, кредит рәсімделгеннен кейін кредит қаражаты алаяқтар ұсынған бейтаныс тұлғалардың шоттарына аударылады
  • SMS жіберуді, зиян келтіретін сілтемелерге өтуді немесе сіздің құрылғыларыңызға қашықтан кіру үшін AnyDesk, TeamViewer, AirDroid RS, HopToDesk, Splashtop, Scalefusion, Vysor, ApowerMirror, AmmyyAdmin, AeroAdmin, Recover Contacts, RealVNC Viewer, AirMirror, Google Remote Desktop, Microsoft Remote Desktop, Chrome Remote Desktop және т. б. сияқты қосымшаларды жүктеуді сұрайды. Бұл алаяқтарға сіздің барлық шоттарыңызға ғана емес, сонымен қатар қашықтықтан банктік қосымшаларға, СМС, PUSH – хабарламаларға, байланыс нөмірлеріңізге және т.б. қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Алаяқтардан қалай қорғануға болады?

Алаяқтарға тап болмау үшін келесі нұсқауларды орындаңыз:

  • белгісіз нөмірлерден шалынған бейне қоңырауларға жауап бермеңіз. Жауап берсеңіз де үрейленбеңіз және психологиялық әсерге берілмеңіз. Жәй ғана қоңырау басып тастаңыз да нөмірді бұғаттаңыз. Егер алаяқтар өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырса, банктердің сенім телефондарына немесе банктердің байланыс орталықтарына дереу қоңырау шалу қажет.
  • ұялы қосымшаның логиндері мен құпия сөздерін, СМС-кодтарды, сондай-ақ CVC және CVV кодтарын және картаның жарамдылық мерзімдерін қоса алғанда, банк картасының нөмірлерін ешқашан және ешкімге айтпаңыз
  • AnyDesk, TeamViewer, AirDroid RS, HopToDesk, SplashTop, Scalefusion, Vysor, ApowerMirror, AmmyyAdmin, AeroAdmin, Recover Contacts, RealVNC Viewer, AirMirror, Google Remote Desktop, Microsoft Remote Desktop, Chrome Remote Desktop және т.б. сияқты құрылғыларға қашықтан қол жеткізу қосымшаларын жүктемеңіз.
  • есіңізде болсын, құқық қорғау органдары мен банктердің қызметкерлері сіздің шоттарыңыздағы күдікті әрекеттер туралы хабарлау немесе қаражатыңызды қорғауды ұсыну үшін бейнеқоңырау арқылы қоңырау шалмайды, сонымен бірге сіздің атыңызға кредит алуды немесе ақшаңызды белгісіз адамдардың деректемелеріне аударуды қолқалап сұрамайды
  • егер сізге жақын адамыңыз күтпеген жерден ірі көлемдегі ақшаны аударуды сұрап қоңырау шалса немесе одан хабарлама алсаңыз, бұл сұратуға бірден сенім білдірудің қажеті жоқ. Қандай да бір әрекет жасамас бұрын, кідіріп, шалынған қоңырауды қойып, көмекке мұқтаж-ау деген адаммен өз бетіңізше байланысқаныңыз жөн.

Бір қадам алда болыңыз

Хабардар болған және алаяқтардың әрекеттерін болдырмауға дайын болу маңызды. Алаяқтықтан құтылуға көмектесу үшін жақын адамдарыңызбен және достарыңызбен пайдалы ақпаратпен бөлісіңіз. Бір-бірімізді қолдай отырып, біз қаскүнемдердің айла-тәсілдерінен барынша қорғана аламыз.

Қырағылық танытыңыз және алаяқтардан бір қадам алда болыңыз!

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Суицид неден туындайды?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Интернет-алаяқтардан абай болған жөн!

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.